Оқытушы: Усербаев М. У


- тарау Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен



бет6/10
Дата07.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#182805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6- тарау
Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен

күресу бойынша құқық қорғау органдарының

қызметін үйлестіру


  1. Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары

Прокуратура құрылған мезеттен бастап, қадағалау қызметін жүзеге асыру функциясымен қатар басқа да ұйымдастыру сипаттағы қадағалау қызметіне байланысты қызметтер жүктелді. Олардың ішінен құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес үйлестіру жұмысын атап өту керек.

Бұл бағыттағы қызметтің мазмұны, мәні және құқықтық реттелуі прокуратураның даму процесінде әр түрлі себептерге байланысты өзгертілді. Жаңа Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңінде прокуратура үйлестіру өкілеттілігінен тіпті шектетіліп қалды. Дегенмен, бірнеше уақыт өткен соң, үйлестіру жұмыстары бойынша құқық қорғау қызметтерінің функциясы ҚР «Прокуратура туралы» 21.12.95 ж. Заңымен қалпына келтірілді.

Прокуратураларға үйлесімдеу өкілеттіктерін беру – жасалған қылмыстар, оларды ашатын тергеу сапалылығы, қылмыс жасауға икемдейтін себептер мен жағдайлары, қылмыстық істер сотта қаралуы туралы кең және объективті ақпараттардың болуына байланысты.

Прокуратура заңдардың орындалуын қадағалауын жүзеге асырып, жедел іздестіру, алдын-ала анықтау және алдын ала тергеу жұмыстарын атқарып жүрген және оларды жоюға бағытталаған тергеу шараларын қолданатын органдар қызметіндегі кемшіліктерін айқындауға мүмкіндіктері бар. Тексеріс барысында прокуратура органдары қылмыс жасауға жағдай тудыратын заңдар бұзушылығын әшкерелей алады. Бұдан басқа, прокуратура билік органдарымен қарым-қатынасында «тік» және «көлденең» байланыстырушы тізбек рөлін атқара отырып, өз өкілеттілігі күшімен қылмыстыққа қарсы күрес бойынша үйлестіру жұмысын ұйымдастыру үшін ең сәйкес келетін мемлекетттік-құқықтық орган болып шықты.

Үйлестіру мәні ортақ мақсатқа жетудегі түрлі органдардың өзара келісімділігінен құралады. Қылмыспен күресу бойынша ортақ мақсат пен міндеттері бар құқық қорғау органдары: прокуратура, ішкі істер органдары, ҰҚК, кеден органдары, салық полициясы қызметі және басқалары белгіленген биліктерінің шеңберінде бір-бірінен тәуелсіз, өзіндік нысандары мен әдістерімен өз қызметтерін атқарады. Қылмыстық көрініске тиісті бөгет құру үшін құқық қорғау жүйесіндегі барлық органдардың күштері мен келісілген әрекеттерін біріктіру талап етіледі, бұның барлығы жұмыстарды үйлесімдеу арқылы іске асады.

Заңға сәйкес (12 б) ҚР Бас прокурор мен оған бағынышты прокурорларға құқық қорғау органдардың қылмысқа қарсы күресу бойынша жұмыстарын үйлесімділеу рөлі беріледі, яғни қылмыстарды айқындау, ашу, тергеу, алдын кесу, басқа құқық қорғау ұйымдарымен бірігіп келісілген қылмыстарды әшкерелеу, ашу, тергеу, жол бермеу шараларын қолдануды өндіру мен өткізудің ұйымдастырушысының рөлі беріледі.

«Үйлестіру» терминімен тығыз байланысқан «өзара іс-әрекет» ұғымы кеңірек түсінік береді. Ол үйлестіру қызметімен қатар жиі қолданылады, бірақ өз мазмұны бойынша басқа түсінік береді.

Кез келген нақты біріккен жұмыс қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің негізінде құрылады, дегенмен, барлық өзара іс-әрекеттер қатаң реттелген, келісілген және регламенттелген сипатта емес. Өзара іс-әрекет (үйлестіруден айырмашылығы) кезінде олардың қатысушылары ереже бойынша құралдар мен күштерін бөлу, біркелкі шараларды қолдану, ұсынылған іс-шараларды орындау үшін сұраныс белгілеу бойынша міндеттемелер болмайды, ал ең алдымен бастысы - өзара іс-әрекеттерді ұйымдастыру бойынша өкілеттілігі бар арнайы қатысушы бөлінбейді.

Қылмыспен күресу саласындағы соттармен және әділет органдарымен прокуратура органдарының және тағы басқа құқық қорғау органдарының өзара іс-әрекеттері дәл осы мағынада түсініледі.

Прокуратура туралы заңда және ҚР ҚІЖК нормалары және басқа да нормативтік құқықтық нормаларда бекітілген қағидаларға сәйкес, прокуратура органдарының және тағы басқа құқық қорғау органдарының үйлестірілуі жүзеге асады.

Аталған Ереже нормаларына сәйкес, заңдылықты сақтау, сұрақ қою және ұсыныс жасау, ұсынымдар мен шаралар құрастыру кездерінде қызметтегі барлық қатысушылардың теңдігі негізінде, келісілген шешімдерді орындаған кезде қолданыстағы заңнамамен берілген өкілеттілік шегінде әр құқық қорғау органдарының дербестігінен үйлестіріу құралады.

Онымен қоса қаншалықта адамның және азаматтың құқығы мен бостандығы, мемлекеттің және тағы басқа заңмен қорғалатын құпиясы туралы ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін шараларға сай жүргізілсе, соншалық мөлшерде үйлестіру қызметі ашық өткізіледі. Әр құқық қорғау органдарының басшысы – келісілген шешімдердің орындалуына жауапты болады.

Басқа талаптардың қатарына осындай үйлестіру қызметтің үзіліссіз және үнемі болуы, қылмыспен күресудің аса маңызды және мәнді бағыттарын жүзеге асыру, бірлескен арнайы операциялар өткізген кезде жасырын әрекетін кепілді қамтамасыз ету, жалпы мүдделерге жекесі (ведомстволық) бағыну талаптары да жатады және т.б.

Қылмыспен күресу нәтижелілігін арттыру мақсатында үйлестіру қызметін жүзеге асыру жөнінде Ережеде анықталған.

Көрсетьілген мақсаттарға жету үшін жұмыстың қосарлылығы мен қайталанушылығын жою, қылмыстарды дер кезінде айқындау, ашу, тергеу және ескерту бойынша заңдылықты қатаң сақтай отырып, қылмыстарды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жоюда қылмыспен күрес органдарының күш біріктіруін болжайды.

Құқық қорғау органдардың үйлестіру жұмысы қылмыстылық жағдайы мен оның құрылымы мен динамикасын жан-жақты талдау, даму үрдісін болжау, қылмыстарды айқындау, тергеу, ашу, ескерту және алдын кесу тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Федералдық және аймақтық қылмыспен күрес бағдарламасын орындау, басқа мемлекеттік органдармен, ғылыми мекемелермен бірігіп, қылмысты және тағы басқа құқық бұзушылықты ескерту бойынша шараларды құрастыру, құқық қорғау қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау, қылмыстық көріністермен күресу бойынша қызметін құқықтық реттеуін жетілдіру жоғарыдағы абзацтағы әрекеттердің нәтижелері болып табылады.

«Координация» (латынша! Сөздің этимологиялық ой түсінігі келісуді білдіреді (бірігіп реттелген!. Қылмыспен күрес органдарының қолдануына қатысты бұл қылмыспен және тағы басқа құқық бұзушылықпен күресудің аса көкейтесті мәселелері бойынша бірлескен шаралар құрастыру және тәжірибелік тұрғыда өткізуді, заңдылық пен құқықтық тәртіпті бекітуді білдіреді.

Құқық қорғау органдарының және олардың қатарындағы ішкі істер органдары, прокуратуралар, соттар және әділет органдары алдында қылмыспен күресу және оларды тудыратын себептерін жою бойынша күрделі және жауапты міндеттер тұр. Әр қылмысты тез және толық ашуды қамтамасыз ету үшін, әрқайсысына қылмыстық іс толық жүргізу үшін, объективті, жан-жақты тергеу жасаған қылмыстың жазасынан құтылмауын ұйымдастьырк үшін, сонымен қатар заң талаптары мен қылмыстық іс жүргізу құқықтық нормаларын сақтай отырып, барлық құқық қорғау органдарының жұмыстарының келісілген, үйлестірілген жұмыс қажет. Дәл осындай жұмысты жүзеге асыру жалпымемлекеттік міндет болып табылады.

Құқық қорғау органдарының жұмыстарын үйлестіру олардың жұмыстарындағы алалық пен қосарлылығын жоюға, ке келген құқық бұзушылықпен күресудің біркелкі майданын құруға, жазалау және көндіру құралдары арқылы тәрбиелеу және сендіру әдістерінің үйлесуін табуға мүмкіндік береді.

Бұл бағыт елдегі қылмыстың тез өсуі және онымен күрес қажеттілігімен тікелей байланысты.

Прокуратура органдары басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қазіргі заманғы динамикасын зеределейді, қылмыстың жағдайы мен себептерін, қылмысты ашу мен ескертк жөнінде келісілген іс-шараларын құрастырады және өткізеді.

Құқық қорғау органдарындағы үйлестіру жұмысы болып жатқан процестерді терең және жан-жақты бағалауға, жалпы теріс өрдістерді, бірінші кезекті назар аудару мен күш салуды талап ететін мәселелерді айқындауға, біркелкі бағалау мен әдісті өндіру мәселелері, келісілген шараларды дер кезінде іске асыруына мүмкіндік береді.

Үйлестірудің маңызы ең алдымен әрдайым, өз уақытында ақпараттар алуында, біліктілік ой алмасуында, қылмыспен күрес ұйымдастырудағы ең өзекті сұрақтарды бірігіп талқылауында, қабылданған шешімді орындау үшін өзара келісілген шаралар мен қадағалаудың тұрақтандыруында.

Белгілі болғандай, бұл факт құқық қорғау органдарындағы қылмыспен күрестің тиімділігін арттырудағы ұлттық, аймақаралық, трансұлттық дәрежеде іс-әрекетті нақты үйлестіру көмектеседі.

Бұл жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, республикада Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының мынадай құрамды үйлестіру кеңесі құрылды: Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Ішкі істер министрі, Әділет министрі, қаржы полиция агенттігі, қаржы вице-министрі, салық инспекциясының төрағасы, ҚР қаржы министрінің кедендік комитетінің төрағасы, Үйлестіру кеңесінің төрағасы, ҚР Бас прокуроры болып табылады. Оған осы Кеңестің қызметін ұйымдастыру жұмыстары жүктеледі, ал жергілікті жерлерде осы жұмысты облыс, қала, аудандардың прокурорлары жүргізеді. Басқару және жұмысты үйлестіру үшін ҚР құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің ережесі бекітіледі. Онда нақты мақсаты мен міндеттері белгіленген.

ҚР прокуратурасы туралы заңында секілді үйлестіру туралы ережесінде, үйлестіру жұмысы қатысушылары болып табылатын құқық қорғау органдарының толық тізімі жоқ. Сонымен қатар, төменде берілген қызметтердің біреуін болса да іске асырған мемлекеттік органдар: алдын ала анықтау, алдын ала тергеу жүргізу, жедел-іздестіру жұмысы және қадағалау – жалпы қабылданған теория мен іс жүзінде осы қызметтің қатысушылары қатарына жатады. Осыны қорытындылай келе, ҚР үйлестіру жұмысының қатысушылары прокуратура органдарынан бөлек, ішкі істер органдары, салықты жөнелту қызметі, кедендік орган, әділет органдары, қаржы министрі, сонымен қатар үйлестіру қызметіне жатпайтын органдардың соттар және сот органдарының ерекше мәртебелі судьялары жатады. Жергілікті жерлерде құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы күресті облыстардағы прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар атқарады. Үйлестірушілер құрамына әскери және басқа да мамандандырылған прокурорлар және құқық қорғау органдарының жергілікті облыс басшылары кіреді.

Қр прокуратурасының орталықтандырылған құрылымына сәйкес, орталық және жергілікті деңгейдегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру бойынша прокуратура органдары өз өкілеттіліктерін жүзеге асырады. Басқа қатысушылар құқық қорғау органдарының басшылары тиісті құқық қорғау істерін жүргізеді.

ҚР прокуратурасының орталықтандырылған құрылымына сәйкес, оның органдары өкілеттілігін орталық және жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары іске асыра алады.

Үйлестіру жиналысы осы органдардың барлық бағыттағы жұмыстарын орындауға міндетті. Орталық құқық қорғау органдары басшылары әр түрлі құқық қорғауға қатысты сұрақтары бойынша шешімдер қабылдайды.

ҚР Бас прокуратурасы Еуропа елдері және бүкіл әлемдегі халықаралық қатынасты құқық қорғаудағы күрес саласы бойынша тәжірибесімен алмасады.

Бұдан басқа, ҚР Бас прокуроры ТМД прокурорларының үйлестіру кеңсңнің мүшесі болып табылады және оны РФ Бас прокуроры басқарады. Осы Кеңес шеңберінде прокуратура органдарының ынтымақтастығы іске асады, оның құрамына кіреді. Заңдылықты қамтамасыз ету саласында қылмыспен күресу және басқа да құқық бұзушылықты болдырмау, құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіру.

Құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу қызметін үйлестіруші рөлін аймақтар деңгейде облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар атқарады, ал үйлестірушілер құрамына әскери және мамандандырылған прокурорлар, облыс аумағында орналасатын құқық қорғау органдары прокурорларының басшылары енеді.

Онымен қоса, қажет болған жағдайда, прокуратура органдары аймақаралық үйлестіруді іске асра алады. ҚР Бас прокуратурасының нұсқауымен бұл негізде ереже бойынша үйлестіру өкілеттілігі облыстардың бірінші прокуорына беріледі, ол үйлестіру жұмысына қатысуға міндетті.




  1. Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары

Үйлестіру қызметтің мақсатына жету үшін оның қатысушылары әр нысанды өзара байланысқан іс-әрекеттерді қолданады. Үйлестірудің негізгі нысандары мыналар:



  • құқық қорғау органдары басшыларының үйлестіру жиналысыҒ

  • қылмыспен күресу бойынша ақпаратпен алмасу;

  • келісілген істер жүргізу үшін және жергілікті құқық қорғау органдарының қылмыспен күресуіне көмек көрсету, дұрыс тәжірибені зерделеу және оны тарату;

  • нақты қылмысты тергеу үшін жедел тергеу тобын құру;

  • қылмысты ашу және жол бермеу мақсатындағы іс-шараларды өткізу, сонымен қатар оларды шешуге икемдейтін себептер мен жағдайларды жою;

  • жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін пайдалану, бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу;

  • қылмыспен күресу бойынша құқық қорғау процесінің жұмыс барысында жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне көмек көрсету;

  • біріккен бұйрықтар, нұсқау, ақпараттар, хат және т.б шығаруды ұйымдастыру, басшылық ету, біріккен бюллетендер және тағы басқа ақпараттар дайындап, құжаттар шығару;

  • үйлестірудің жұмыс жоспарларын құрастыру және бекіту;

  • түрлі мәселелер бойынша бірігіп заңдардың сақталуын қадағалау;

  • аймақтық қылмыспен күресу бағдарламаларына ұсыныстар енгізу үшін бірлесіп ұсыныстарды құрастыру.

Бұл нысандар тізімі жеткілікті болып табылмайды, тәжірибе барысынла үйлестірудің тағы басқа нысандары қолданылуы мүмкін.

Аталған нысандардың ішінде құқық қорғау органдары басшыларының кеңесі ең маңыздысы болып табылады. Кеңесті төраға-прокурор басқарады. Қажет болған жағдайда, қадағалау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Осы мәселелердің талқылауына құқық қорғау органдарының, үйлестіру отырыстың қатысушылары тең құықғымен пайдаланады. Егер құқықтық органдардың басшыларымен кеңестің шешімдері мақұлданса, ол қабылданды деп саналады.

Құқық қорғау органдарының басшылары бұйрықтар, нұсқаулықтар, өкімдер және тағы басқа ұйымдастыру -өкімдік шаралар шығару жолдарымен шешеімдердің орындалуын жүзеге асырады.

Үйлестіру кеңестің мүшелері олардың қарамағына қатысты және құзыретіне жататын және өздері оны басқаратын шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. Онымен қоса, үйлестіру кеңесін шақыру, оның төрағасы болу құқықтары берілген. Жоғарыда аталып кеткен үйлестіру өкілеттіктерімен қоса, прокурор үйлестіру процесінде өз қадағалаушылық құқық толық мөлшерде сақтайды. Үйлестірушілік қызметтегі барлық қатысушылардың қылмыспен күресу бойынша әрекеттердің заңдылығын қадағалау прокурордың маңызды міндеті болып табылады. Тәжірибеде үйлестірудің ең тиімді және нәтижелі нысаны – түрлі құқық қорғау ведомстволары нақты қылмысты тергеу-жедел тобын (бригадаларын) құру жолмен бірлесіп тергеу өткізк. Осындай топтарды құру жэәне олардың қызметтерін қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен және де ҚР прокуратурасы туралы заңымен реттеледі.

Қолданыста болған заңнама бойынша бұрынғы құқықтық тәртіп тәжірибесінің қылмыспен күресудің үйлестіру қызметінде сот органдары маңызды рөл атқарған. Алайда сот құқық қорғау органдарының жүйесінен мемлекеттік биліктің дербес тармағына бөлініп кеткен соң, құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметіне қатысу нысаны да өзгерді.

Прокуратура органдарының және басқа да үйлестіру қатысушыларының соттармен және әділет органдарымен бірлескен әрекеттері мынадай уағдаласқан өзара қарым-қатынас жасау нысанында өткізіледі:



  • қылмыскерді соттау жағдайы туралы өзара ақпарат алмасу;

  • қылмыстық күрес бойынша шараларды жетілдіру барысында соттың статистикамен соттағы тәжірибелік материалдарды пайдалану;

  • қылмыстық күрес бойынша заң жобаларын дайындаудағы біріккен жұмыстар;

  • тиісті мамандар қатысқан осынедай біріккен семинарлар мен коференциялар жүргізу, құқық қорғау органдарының біліктілігін арттыру үшін сәйкес сапалы мамандарыды жұмысқа тарту;

  • ҚР Жоғарғы Сот отырысында Сот төрағалары, әділет органдары басшылары қатысуымен ақпарттық біріккен хаттар, анықтамалар және шоулар жіберу;

  • Құқық қорғау органдарының басшылары үйлестіру жиналсын қадағалаушысы ретінде немесе өз органдары бойынша үйлестірудегі ақпарат беруші тұлға ретінде қатыса алады. Бұл іс-әрекет қылмыспен күрес барысында басқа да құқық қорғау органдарының қызметін тереңдетуге және мәртебесін көтеруге бағытталған. Соттардың төрағалары, әділет органдарының басшылары мыналарға құқылы:

  • Құқық қорғау органдары басшыларының мәжілістерінде бақылаушы немесе өз органдарының қызметі жөнінде хабардар ететін тұлға ретінде қатысуға;

Қылмыспен күрес бойынша бірлескен қызметінің басқа түрі тәрізді осы өзара іс-әрекет жасау нысаны құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын тереңдетуге және құқықтық мәртебесінің дамуына бағытталған.


  1. Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері

ҚР қылмыстық күрес жағдайы мемлекеттік билік құрылымдарынан қылмыстың алдын алудағы және оларды жасағандығы үшін жазадан құтылмауына құқық қорғау органдарының әсерін күшейтуді талап етеді. Қылмыспен күресуді жақсартудың бірден бір жолы – құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметін дамыту және онымен қатар, үйлестіру өкілеттілігін жүзеге асыруда прокуратураның рөлін көтеру болып табылады. Прокуратура органдарының үйлестіру мәртебесі қосымша заңнамалық реттелуімен, бірнеше ұйымдастыру және басқарушылық мәселелерін шешуде бекітілуі мүмкін. Осындай үйлестіру қызметінің нәтижелілігіне әсер ететін мәселелердің қатарына, жалпы маңыздылармен – ҚР Бас прокурорына заң шығарушылық бастамасы, ҚР Конституциялық Кеңесіне жүгіну құқықтары және ҚР «Прокуратура туралы» заңына конституциялық мәртебесі берілуі мүмкін – прокуратура органдарының үйлестіру қызметі жөнінде Прокуратура туралы заңдағы нақтылау реттеушілік жөнінде ұсыныстарды жатқызу қажет. Ұсыныс беру жөнінде кеңірек Прокуратура туралы регламенттік заңдағы прокуратура органдарының үйлестіру қызметінің жаңа заңға сүйенуі қажет. Арнайы тарауында үйлестірудің негізгі сұрақтарын көрсету керек. Онымен қатар қарастырылған прокурорлар үйлестіру қызметіндегі өз өкілеттілігін құқық қорғау саласында ғана емес, жаңа құқық бұзушылықты айқындау және бұрынғы кеңестік прокуратура туралы заңнамаларда болғандай, тағы басқа құқық бұзушылықтарды жою.

Бірінші кезекте, осындай үйлестіру мәнін кеңейту жөнінде ҚР Бас прокурормен шығарылатын бұйрықтар және де құқық қорғау органдары басшыларының Үйлестіру Кеңесінің ұйғарымдарының зерделеулері дәлелдейді.

Олардың құрамында бағынышты органдар мен лауазымды тұлғаларға қылмыспен күрестегі және басқа да құқық бұзушылық бойынша қызметті үйлестіру жөнінде, жекелеп келгенде әскери құрылыс жасау, өндірісті мемлекеттік реттеу және этил спирті мен ішімдік өнімдерінің айналымы және тағы басқаларымен.

Мұндай мекемелік құқықтың шығармашылық тәжірибенің талаптарына жауап береді. Түрлі аймақтар мен деңгейдегі прокурорлар, сондай-ақ үйлестіру өкілеттілігін кеңейту жөнінде пікірлерін білдіреді. Бұл көріністі растайтын дәлел-аймақ қала мен аудан аумақтарында заңдылық пен құқықтық тәртіптің күйі мен жағдайын зерделеуін кешенді өткізеді, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары жөнінде, нашақорлық пен ішімдікке құмарлық кең тарағаны туралы үйлестіру кеңестерде бұл мәселелерді прокурорлар қарайды.

Бұдан басқа, қылмыстық күрес (айқындау, ашу, тергеу, қылмысқа жол бермеуден басқа) оларды ескерту мен оларды тудыратын жағдайлар мен себептерді жою да жатады. Қылмысты ескерту



  • ішімдікті, нашаны теріс пайдалану, балаларға тәрбие беру міндеттерін орындамаушылықты, қоғамдық тәртіп бұзушылық және тағы да басқа әлеуметтік ауытқулар секілді осы немесе басқа аймақтағы қылмысқа қатысты заң бұзушылықтардың алдын алу әрекеттерін талап етеді.

Осы жұмыс барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың, онымен қоса құқық қорғау органдарының дер кезінде іс-әрекет ету қажеттілігін тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, осы қарастырылып жатқан салада үйлестіруші қызметін орындау рөлі прокуратураға берілген. Прокурорлық органдары құқық қорғаудың қылмыспен күресу саласында үйлестіруші рөліне аса тиімді дайындалған прокурор болып табылады.

Біздің ойымызша, үйлестіру қызмет қатысушыларының өкілеттіліктерін құқықтық үйлестіру ұйымдастыру жұмысына қатысушының билігіндегі нақты құқықтық реттеудегі мәселеге назар аудару тұрақтылық негізгі ереже жалпы бағдарламаның қоғамдық қорғау мәселелері бойынша және қылмысқа қарсы облыстарда, қалаларда және ауылдарда қарастырылған. Бұның соңынан тек қана қылмыстарды айқындау мен алдын алу ғана емес, құқық бұзушылыққа қарсы күрес те болады. Заңнамаларды сақтамау, ұйымдастырылған қылмысқа негізінен жауап беретін ішкі істер органдары, басқалар осы күрестің бір бөлігіне жауап береді. Бұл ҚР құқық қорғау органдарының тағы басқа орган қызметкерлерінен оқшаулануына әкеп соқтырады. Өз билігінің аясында тұйықталып, қылмыстық сипаттағы ақпараттармен бөліспейді, жедел түрдегі шараларды жүргізеді. Бұл қылмысты айқындау мен жол бермеудің нәтижелеріне теріс әсер етеді.


7 тарау

Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
ҚР Конституцисында жарияланған және бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тәжірибеде іске асыру едәуір қиыншылық тудырады.

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы құқық қорғау органдары азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, меншікке қылмыстық қол сұғудан сақтау жөніндегі міндеттерін кейде тиісті түрде орындамайды. Сондай ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыра отырып, осы саладағы заң талаптарынан жалтаруға жол беріп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Шұғыл қызметтер тапсырмаларын орындау маңыздылығын, олардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескерсек, ол үнемі прокурорлық қадағалауды талап етеді. Бірақ жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың қажеттілігі теорияда дұрыс негізделгеніне қарамастан, көптеген жылдар бойы жеке прокурорлар тәжірибеде осы қызметті жүргізу барысында заңдардың орындалуын тексерген. Бұл жағдай прокурорлардың қадағалау жұмыстарын жүзеге асыруға құқықтық негіздердің болмауымен түсіндірілген.

Жедел іздестіру қызметі заңдармен емес, партиялар мен үкіметтің директивтік актлермен, жабық сипаттағы заңға сәйкес номативтік актлермен реттелген және оларға сәйкес тек белгілі бір жағдайларда ғана облыс деңгейінен төмен тұрмайтын прокурор ғана араласатын болған.

1992 жылдан бастап тәртіп өзгерген. 1992 жылы қабылданған ҚР Проркуратурасы туралы Заңы прокуратура органдары қызметінің басқа бағыттары ішінен жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыруды атаған.

Прокуратура туралы заңда жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды прокуратураның құқық қорғау міндетін жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттарының бірі деп негіздеуінің себебі, бұл органдар қылмыстылықпен күресті жүзеге асырады.

Жедел іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде азаматтардың Конституциясымен және өзге де заңдармен жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің құпиялылығы сақталуы, ерін жүріп тұрулары кепілденген құқықтары мен заңды мүдделері кейде елеулі түрде шектеледі.

Құқық қорғау міндетін жүзеге асыра отырып, прокурор бірде бір қылмыстың ашылмай немесе бірде бір кінәлі адамның заңда көзделген жауапкертшілікке тартылмай қалмауын қамтамасыз етуге шаралар қолдануға міндетті. Мұнымен жасалған қылмыстан құтылмаушылық қамтамасыз етіледі. Прокурор жедел іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтауды реттейтін заң нормаларын ешкімнің бұзбауын қадағалауға, ал заң бұзушылықты анықтағанда оларды жоюға шұғыл шаралар қолдануға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге, заң бұзушылықты ескертуге мңндетті. Қылмыстармен күрес оларды дереу және толық ашылуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына жол бермеу кезеңінде ғана нәтижелі болады.

Жедел іздестіру қызметі саласындағы прокурорлық қадағалаудың бұл міндеттері оның мәнімен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы қадағалаудың мәні ҚР прокуратурасы туралы заңына сәйкес: бірінші, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; екінші, жасалған немесе дайындалып жатған өылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қараудың белгіленген тәртіптерін сақтау, жедел іздестіру шараларын орындау; үшінші, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен қабылданатын шешімдердің заңдылығы болып табылады.

Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорлар Конституция және өзге заңдармен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің негіздері мен тәртіптеріне назар аударуға тиіс.

ҚР Конституциясы әркімнің жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар екенін жария ете отырып, бұл құқық тек сот шешімі негізінде ғана шектеледі деп қарастырады. Жедел іздестіру қызметі туралы заңына сәйкес мұндай шектеулер мүмкіншілігі жедел іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде тек мынадай хабарламалар:

Құқыққа қарсы әрекет белгілері туралы, ол бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде қажет.

Құқыққа қарсы дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасаған тұлғалар туралы, ол бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде.

ҚР мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы. Кейінге қалдыруға болмайтын және басқа да ауыр немесе ауыр қылмыстарға әкеліп соғуы мүмкін, сондай ақ ҚР мемлекеттік, әсери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы мәліметтер бар болғанда, құқықтар мен мүдделерді шектеу біршама жақсы, бірақ бұл да Заң нормасымен қатаң регламеттелген.

Тексеріс жүргізу кезінде прокурорлар жәбірленушілердің қылмыстардан құқықтары мен заңды смүдделерін, сондай ақ өзге де заң тыңдаушы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, материалдық немесе моральдық залалды өтеуге барлық шараларды қорлдануға тиіс.

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалау бойынша прокурор жұмысының маңызды бөлігін жедел іздестіру шараларының белгіленген тәртібін орындауды құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет