3. алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
ҚР Бас прокуроры өзіне бағынышты прокурорлардан алдын ала тергеу және анықтау органдарда заңдардың орындалына қадағалау ұйымдастыруды және жүзеге асыруды, тапсырмаларды толық, жан – жақты шешілуін және объективті тергелуін қамтамасыз етуді, қылмыс үшін жауапкершіліктен бұлтартпауды, кінәлілерді әшкерелеуді, іске қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға жалпылай бағынуды талап етеді.
Ауыр қылмыстардың, әсіресе пайдақорлық – күш қолдану қылмыстарының елеулә түрде көбеюіне, қылмыстың ұйымдасу нысанының кең таралуына байланысты, тергеу аппараты анықтау органдарының қылмыстарды ашу, толық, жан – жақты және объективті тергеу, оларды жасаған адамдарды анықтау және әшкерелеу, қылмыстар құрбандарының құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру жұмыстары біршама қиындады.
Бұл алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру деңгейін көтеруді талап етеді. Прокурор қылмыстардың білікті тергелуі мен ашылуын, шұғыл – тергеу топтарының құрылуын, тергеушілер мен анықтау органдарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге тиісті шаралар қолдануға тиіс.
Қойылған тапсырмаларды орындау үшін прокурор тиісті аймақтың тікелей жағдайын, қадағалауға алынған органдардың жұмыс нәтижелерін, тергелетін қылмыстық істердің сипаты туралы мәліметтерді, белгілі бір кезеңде тергеудің, анықтаудың қалпын (қылмыстың ашылуы немесе ашылмай қалуын, анықтау мен тергеу мерзімің, қылмыс жасаған адам ұсталғандығын) білуі керек, яғни «деректер жиынтығы» болуы керек. Қазіргі кезде бірқатар прокуратураларда осы мақсатта тергеу мен анықтауды қадағалауды ақпараттық қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесі қолданылуда. Бұл жүйенің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін анықтау мен тергеу органдарының іс жүргізу актілерінің көшірмелері прокуратураға уақытылы түсуі қажет.
Міндетті санатты істер бойынша оқиға болған жерлерге прокурордың уақытылы шығуын қамтамасыз ету мақсатында, сол жерлердің жағдайын ескерумен прокуратура мұндай қылмыстар туралы ақпараттарды алу және іске асырудың белгілі бір жүйесі әзірленуі керек. Мынандай маңызды мәселелер үнемі прокурордың назарында болуы керек:
-
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, есепке алу және шешу бойынша ішкі істер, қаржы полициясы және басқа да құқық қорғау органдары қызметтерінің заңдылығы;
-
қылмыстардың уақытылы және толық ашылуына бағытталған тергеу іс - әрекеттерін жүргізілуі;
-
ұстау, қамау, процессуалдық мәжбүрлеудің басқа да шаралары;
-
айып тағу;
-
қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын қамтамасыз ету;
-
тергеудің жан – жақты, толық, объективті болу талаптарын сақтау, тергеу мен қамауда ұстау мерзімдерін сақтау;
-
іс бойынша өндірісті тоқтату немесе істі қысқарту;
-
тергеу бөлімдері бастықтарының қылмыстарды ашу және алдын алу бойынша тергеушілер іс - әрекеттерінің уақытылы жүргізілуіне бақылау жасау, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеудің толық, жан – жақты және объективті болуына шаралар қолдану міндеттерін орындаулары.
-
Статистикалық және басқа да ақпараттарды талдау негізінде прокурор осы немесе өзге де мәселелер бойынша заң бұзушылықтарды жібермеу немесе заң талаптарынан жалтарған кезде уақытылы шаралар қолдану мақсатында өз өкілеттігін қашан және қандай бағытта қолдануын біліу керек.
4. анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
Қылмыстарды жасыру көбіне қылмыстылықпен күрестің сәттілігін көрсету немесе сондай әдіспен аса ауыр қиындықтар тудыратын қылмыстарды ашу мен тергеу жұмыстарын босату мақсатын көздейді.
Осыған байланысты, заңдардың орындалуы қадағалау қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мен тіркеу кезінде тергеуді қылмыс жасалған уақытқа жақындату үшін белсенді түрде жүзеге асырылуы керек. Сондықтан, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар бойынша арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу және шешу туралы заң талаптарының орындалу тексерістері жыл сайын (Бас прокурордың 19.06.2001 ж. №88 бұйрығы) жүргізілуі керек.
Жоғарыда атап өтілгендей, қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды тіркеу тәртібі заңда емес, анықтау органдарының ведомстволық актілерінде көзделген. Қылмыстық – жазалануға жататын әрекеттер мазмұндалатын барлық арыздар мен хабарламалар қабылдануға жатады. Сондықтан, қоғамдық қауіптілік маңыздылығын аса көп болмауына, ауыр зардаптардың болмауына, сондай – ақ өтінішті тергелу реті бойынша тергемейтін анықтау органына беруге байланысты қабылдаудан бас тартуға болмайды.
Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу және шешу туралы заң талаптарының орындалуын тексеруді жүзеге асырушы прокурор, мына жағдайларға көңіл аударады:
-
қылмыстар туралы анықтау органына келіп түскен арыздар мен хабарларды есепке алу мен тіркеудің дұрыстығына, толықтығына;
-
заңда көзделген мерзімдердің сақталуы мен оларды тексеруге;
-
қабылданған мына шешімдердің ( заңда көзделген біреуі) заңдылығы мен негізділігіне:
-
қылмыстық іс қозғау туралы;
-
қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы;
-
арызды, хабарды тергеу ретімен немесе сот ретімен беру туралы.
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу және шешу тәртіптеррінің анықтау органдарында сақталуына жасалатын прокурорлық қадағалау әдістері нақты мән – жайларға қарай ауысуы мүмкін. Олардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар болып табылады.
Прокурор анықтау органында қылмыстар туралы арыздармен және хабарламалармен, телефон, телефакс, телеграф, радио және т.б. жолдармен келіп түскен хабарламаларды есепке алу кітабымен (кезекшінің жұмыс дәптері, «02» хабарларының магнитофондық баспалары, сот – дәрігерлік куәландыруға және сараптамаға жолданылған түбіршіктер, ішкі істер органына жеткізілген адамдарды есепке алу кітабы және т.б.); кеңсе құжаттарымен ( қылмыстарды табу мен басталған анықтау туралы азаматтардың шағымдары мен арыздарын тіркеудің алфавиттік журналы) танысады.
-
заңда көзделген кейінге қалдырылмайтын барлық тергеу іс - әрекеттерін орындауын;
-
кейінге қалдырылмайтын тергеу іс - әрекеттерін орындағаннан кейін, он күннен кешіктірмейтін мерзімде істі тергеушіге беруін;
-
істі тергеушіге бергеннен кейін, қылмыс жасаған адамды таба алмаған жағдайда, қылмыскерді анықтауға шаралар қолдануын жалғастыруын, нәтижесі жайында тергеушіге хабарлауын, сондай - ақ тергеушінің тапсырмасы бойынша іздеу және тергеу іс - әрекеттерін орындауын. Прокурордың қадағалау жұмысы, қылмысты ашу, және оны жасаған адамды жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларын қолдану және қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылмау мақсаттарына бағытталуы керек.
Прокурор анықтау органы істі тергеушіге тапсырғанға дейін, қарау, тінту, алу, куәландыру, сезіктіні ұстау және одан жауап алу, жәбірленушілер мен куәлардан жауап алудан басқа кездерде анықтау органдарымен сараптамалардың тағайындалмауын, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулылардың шығарылмауын және басқа да тергеу іс - әрекеттерінің жүргізілмеуін бақылауы керек.
Ұстау мен тінту жүргізудің заңдылығына байланысты мәселелер ерекше көңіл аударуға жатады.
Ұстау тек мына шектелген жағдайларда ғана қолданылуы кездейсоқ емес:
-
ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда;
-
көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамдарды тура көрсетсе немесе оның жеке өзін ұстау жолымен осы адамды ұстауға өз құқықтарын жүзеге асырса;
-
ол адамды немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде;
-
сондай – ақ, ҚР ҚІЖК – нің 132 – бабының 2 – бөлімінің 4 – тармағында және «Жедел – іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңының 12-бабында көзделген жағдайда: жедел – іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындалып жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде ( жасалған қылмыстар үшін 5 жыл бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар).
Бұл тізім толық емес.
Бұдан басқа да, жоғарыда көрсетілгеннегіздер бар болған кезде, адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған, немесе сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ұсталады.
Азаматты ұстауды іске асырушы органның тергеушісі мен анықтаушысы әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде ұстаудың негізі мен дәлелдері, жері мен тура уақыты көрсетілетін хаттама жасауға міндетті. Ұстанғаннан кейін дереу жеке тінту жүргізіледі. Жеку тінту кезінде куәлардың қатысулары қылмыстық іс жүргізу заңында қарастырылмаған. Ұстау мерзімі 72 сағаттан аспауға тиіс.
Анықтаушы немесе тергеуші 12 сағаттың ішінде прокурорға, сондай – ақ сезікті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуіне, немесе басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезіктінің ұсталғандығы туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкіндігін сезіктінің өзіне беруге міндетті.
Егер ұсталған адам шет ел мемлекетінің азаматы болып табылса, онда 12 сағаттың ішінде ол мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігіне хабардар етілуге тиіс.
Тергеудің бастапқы кезеңінің құпиясын сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған айрықша жағдайларда, прокурордың санкциясынмен кәмелетке толмағандарды ұстау жағдайын қоспағанда, туыстарына немесе жақын адамдарына сезіктінің ұсталғандығы туралы хабарлама жолданбауы мүмкін.
Ұстау туралы хабарлама бұл жағдайда ұсталғанға бұлтартпау шарасы қолданғаннан кейін жолданады. Белгіленген 72 сағаттың ішінде ұсталғанға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатаады.
ҚР ҚІЖК – нің 136 – бабына сәйкес мыналар сезіктіні босатудың процессуалдық негіздері болып табылады:
-
қылмыс жасады деген сезік расталмаса;
-
сезіктіні қамауға алу негіздері болмаса;
-
ұстау белгіленген тәртіпті өрескел бұзумен жүргізілсе;
-
ұсталу кезінен бастап 72 сағат өтіп кетсе.
Соңғы жағдайда, заң ұсталғанды дереу босату міндетін ұстау орны жөніндегі әкімшілікке жүктейді. Барлық құқық қорғау органдары үшін орындалуы міндетті болып табылатын Конституцияға, қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңдарына, Бас прокурордың салалық бұйрықтары мен нұсқауларына сәйкес, барлық құқық қорғау органдары үшін орындалуы міндетті болып табылатын ақтау негіздері бойынша қылмыстық қудалауды тоқтатумен ұсталғанды босату, жауапкершілікке, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке дейінәкеп соқтыратын, азаматтар құқықтарын өрескел бұзу ретінде қарастырылады.
Қылмыстық кодекстің 346 – бабына сәйкес, көрінеу заңсыз ұстау (1б.) 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды; көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау ( 2б.) – 4 жылға дейін, егер көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау ауыр зардаптарға әкеп соқса – 3 жылдан 8 жылға дейін көздейді.
ҚР ҚІЖК – нің 230 – бабына сәйкес, тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізіледі. Тінту жүргізуге аталған заттардың немесе құжаттардың белгілі бір үй – жайда немесе өзге орында, не нақты адамға болуы мүмкін деп болжауға жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады. Тінту іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйіттерді табу үшін жүргізілуі мүмкін.
ҚР ҚІЖк – нің 231 – бабына сәйкес, алу іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттардың қайда және кімде екені анық болғанда, оларды алып қою мақсатында жүргізіледі.
Тінту мен алуды тергеуші қозғалған қылмыстық іс бар болғанда ғана дәлелді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай – ақ мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурор санкция беруі тиіс.
Іздестіріліп жатқан және алып қоюға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлінуі немесе қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкін болғанда не іздестіріліп жатқан адам жасырынуы мүмкін болған айрықша жағдайларда тінту прокурордың санкциясынсыз, бірақ жүргізілген тінту туралы 24 сағаттың ішінде оған міндетті түрде хабарлау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мұндай жағдайда прокурор тінту жүргізудің заңдылығы туралы дәлелді қорытынды шығарады. Прокурордың тінту жүргізу фактісін заңсыз деп тануы, оны жүргізу кезінде алынған деректердің дәлелдер ретінде жіберілмеуіне әкеп соқтырады.
Тінту мен алу куәгерлердің міндетті қатысуларымен, ал қажет болған жағдайда – маманның және аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
ҚР ҚІЖК – нің 230 – бабына сәйкес, жеке қаулы шығармай тінту кезінде тінтілетін үй – жайлардағы адамдарды жеке тінтуге жол беріледі. Тершеуші тінту жүргізіліп жатқан үй – жайдағы адамдарға, сондай – ақ осы үй – жайға немесе орынға келген адамдарға тергеу іс - әрекеттері аяқталғанға дейін ол жерден кетуге немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы.
Тінту мен алуға кіріспе бұрын тергеуші алынуға жататын заттар мен құжаттарды ерікті түрде беруді ұсынады. Келіспеген жағдайда тінту мен алу мәжбүрлеумен жүргізіледі. Егер жабық үй – жайлар мен қоймалардың иесі оларды ереікті түрде ашудан бас тартса, тінту жүргізген кезде олар ашылуы мүмкін. Тінту мен алу жүргізілген кезде тергеуші іске қатысы болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алумен шектелуге тиіс. Айналымға салуға тыйым салынған заттар мен құжаттар олардың іске қатыстылығына қарамастан алынуға тиіс.
Заң шығарушы тергеушінің осы үй – жайдағы адамдар мен басқа адамдардың тінту мен алу кезінде анықталған жеке өмірлерінің мән – жайларының жария етілмеуіне шаралар қолдану міндетін анықтаған.
Тінту мен алу жүргізудің белгіленген тәртібінен жалтару, оған кінәлі тұлғаларды қатаң жауапкершілікке, лның ішінде қылмыстық жауапкершілікке дейін тартуға әкеп соғады. Негізінен, азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша заңсыз тінту жүргізу қылмыстық заңда тұрған үйге қол сұғылмаушылықты бұзу ретінде қарастырылады.
ҚР ҚІЖК – нің 145 – бабында адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, тұрған үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген.
5. Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
Қылмыстық іс жүргізу заңдылығы бойынша ішкі істер органдарында, ұлттық қауіпсіздік органдарында және қаржы полициясы органдарында қызмет атқаратын тергеушілер алдын ала тергеу органдары болып табылады. Осы үш ведомствоның тергеушілері қылмыстарды ҚР ҚІЖК – нің 192 – бабы талаптарына сәйкес, әр ведомствоға бөлінген тергеу ретіне қарай тергейді.
Ішкі істер органдары тергеушілерінің тергеулеріне қылмыстардың ең көп мөлшері анықталған:
-
дене және спихикалық кемістіктерінен өзінің қорғану құқықтарын өз беттерінше жүзеге асыра алмайтын адамдар мен кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары жөніндегі барлық қылмыстық істер өндірісі;
-
қаруды заңсыз жасау;
-
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату,; сондай – ақ мынандай ең қауіпті және ауыр қылмыстар: адам өлтіру, абайсызда жәбірленушіні өлтіруге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зардаптар келтіру, адамды ұрлау, зорлық, ұрлық, тонау және т.б.
ҰҚҚ органдарының тергеушілері бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, мемлекеттік опасыздық, шпионаж, қарулы бүлік, теңіз қарақшылығы, сондай – ақ аталған тұлғалардың қызмет бабына байланысты жасаған қылмыстары: контрабанда, технологияларды заңсыз экспорттау, жаппай қырып – жою қаруын өндіру кезінде пайдаланылатын ғылыми – техникалық ақпараттар мен қызметтер, әскери техниканы қаруландыру, терроризм және т.б. қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізеді.
Азаматтардың салықты төлеуден жалтару туралы қылмыстық істері бойынша егер ондай әрекетті бұдан бұрын салық төлеуден жалтарғаны немесе ірі мөлшерде төлемегені үшін соттылығы бар адам жасаған жағдайда, сондай – ақ ұйымдардың салық төлеуден жалтарулары бойынша алдын ала тергеуді қаржы полициясының органдары жүргізеді. Заңсыз банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік туралы және басқа да бірқатар қылмыстық істер бойынша, оларды тергеу қозғалған қылмыстық істің қылмыстарына байланысты болса және ол жеке өндіріске бөлінуге жатпаса, онда олар алдын ала тергеуді осы органдардың тергеушілері жүргізеді.
Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу қозғалған қылмыстық іске байланысты қылмыстарды тергеу ретіне қарай жүргізіледі.
Прокурор, алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалай отырып, бұл органдардың тергеушілері тергелу реті туралы заң талаптарын сақтауларын бақылауды жүзеге асыруға тиіс.
Тергелу реті әртүрлі алдын – ала тергеу органдарына жататын бір немесе бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі істерді бір өндіріске қосу кезінде тергелу ретін прокурор анықтайды. Бірақ, осы істердің біреуі ҚР ІІМ Әскери – тергеу департаментінің тергелуіне жататын болса, онда олар барлық істерді тергейді.
Ұйымдасқан қылмыстың, ашылмаған қылмыстар санының жоғарлануына байланысты, нақты қылмыстық істер бойынша дәлелдеуге жататын мән – жайларды толық және жан – жақты тергеуде, қылмыс жасаған адамдарды анықтауда жедел – іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қызметшілері мен тергеушілері әрекеттерінің келісушілігі аса маңызды болып табыладыы.
Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор тергеушілер мен шұғыл аппараттардың қылмыс жасаған адамдарды анықтау мен жазалау мақсатында барлық қажетті жағдайларда заңда көзделген шараларды қолдану, сондай – ақ жасырынған айыпталушылардың тұрған жерін анықтау, тергеушілер мен шұғыл қызметшілер өкілеттерін шектелуін бақылау кезінде өзара әрекеттесуге шаралар қолдануға тиіс. Тергеушілер мен шұғыл қызметшілердің өзара әрекеттесулері кезінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы мынандай жедел – іздестіру деректерін, яғни алдын – ала анықтау кезеңінде; айыпталушы тергеуден жасырынған немесе басқа да себептер бойынша оның тұрған жері анықталмаған жағдайда істі өндірістен қысқарту туралы шешім қабылданған кезден бастап қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүзеге асырылады.
Жедел – іздестіру қызметінің материалдары бойынша істі қозғау кезінде прокурорға қылмыстық істі қозғау туралы қаулыны қабылдау кезін дұрыс таңдауға уақытылы ықпал ету маңызды.
Тәжірибе тергеушілердің шұғыл қызметшілермен әрекеттесуі тергеушілер нақты тапсырмалар берген кезде нәтижелі болатындығын көрсетеді. Осыған байланысты, прокурор тек осы тапсырмалардың уақытылы орындалуын ғана емес, олардың толықтығына да көңіл аудару керек. Қажет болған жағдайда, прокурор біріккен шұғыл – тергеу топтарын құруға шаралар қолдануға тиіс.
Жасырынған айыпталушыға іздеу жүргізу барысындағы тергеушілер мен шұғыл қызметшілердің әрекеттесу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде мына мәселелер анықталуға жатады:
-
тергеушінің айыпталушыға іздеу салу туралы қаулысының уақытылы қабылдануы;
-
оның криминалдық полиция бөлімшелеріне жолдануы;
-
іздеуге қажетті материалдардың бұл мөлімшеге уақытылы және толық көлемде ұсынылуы.
Мына мәселелер прокурор тарапынан жүйелі қадағалау жасауды талап етеді:
-
алдын – ала тергеудің толықтығы, жан – жақтылығы және объективтілігі;
-
бұлтартпау шарасының дұрыс қолданылуы, тағылған айыптың негізділігі;
-
тергеушінің қылмысқа берілетін құқықтық бағасының дұрыстығы;
-
азаматтық талап пен мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардың қолданылуы;
-
қылмыстық іс жүргізудің басқа да талаптарының сақталуы.
Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттер:
-
ҚР Конституциясы. «Жеті Жарғы».- Алматы: 2003.
-
«ҚР прокуратурасы туралы» ҚР заңы. Құқық қорғау органдары: заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б.
-
ҚР қылмыстық – іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003ж.-220б.
-
«Жедел – іздестіру қызметі туралы» ҚР заңы. Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б
-
Нәрікбаев М.С. дорога к правосудию (запечатленные мгновения)./ Әділ сотқа жол )есте қалған сәттер)/.-Алматы:"Елимай контакт". 1997.-232б.
-
Нәрікбаев М.С., Юрченко Р.Н., Алиев М.М. Актуальные вопросы применения нового уголовного и уголовно – процессуального законодательства Республики Казахстан./ Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдылығын қолданудың маңызды мәселелері/.-Астана, 1999.
-
"Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" ҚР Бас прокурорының 1996 жылғы 23 желтоқсандағы №39 бұйрығы.-Бас прокуратура мұрағаты.
-
прокурорский надзор. Лекций және практикум курсы/Ю.Е. Винокуровтың редакциялығымен.-М.: "Экзамен".2000.
-
Басков В.И. Курс прокурорского надзора.-М.:Зерцало, 1999.
-
Ақпарова Р.Н. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары.-Алматы, 1999.
-
Ибрагимов Х.Ю. Құқық қорғау органдары. Оқу - әдістемелік құрал.-Алматы: "Дәнекер", 2002.-220б.
-
Гинзбург А.Я. Основы оперативно – розыскной деятельности./ Жедел – іздестіру қызметтің негіздері/. – Алматы, 1997ж.-75б.
9 - тарау
Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі
Прокуратура органдарының сотта мемлекетмүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
ҚР Конституциясы біздің елімізде сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын бекіткен. Сот – құқықтық жүйесі әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңадан қабылданған Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, ҚР АК, ҚР АІЖК, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Сот билігі туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 14.05.98 ж, қаулылары қолданысқа енгізілгеннен кейін одан әрі дамытылды және жетілдірілді. Бұл нормативтік актілер әлеуметтік әділет қағидаттарын өмірде жүйелі түрде жүргізуге, әділ сот талқылауларын қаматамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсаттарында соттарда әр қылмыстық істі қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттарына сәйкес шешуге назар аудартады.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл сақталуын маңызды кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Сотта мемлекет мүддесін білдірі прокурорлық қадағалаудың жеке саласы, прокуратура органдары жұмысының маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бұл қадағалауды прокурорлар аудандық (қалалық) соттардан бастап ҚР Жоғарғы Сотына дейінгі барлық сот сатыларында жүзеге асырады. Прокурорлар заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттері бойынша қылмыстық істі тыңдауға дайындау кезеңінен бастап, қылмыстық істердің қадағалау тәртібіндегі өндірісіне дейінгі талқылаудың барлық сатыларына қатысады.
Сот төрелігіндегі прокурорлық қадағалаудың рөлі мен маңызы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» ҚР Заңының қабылдануына байланысты едәуір жоғарлады. Аталған заңның 30 – бабында сот талқылауындағы прокурордың құзыры қарастырылған:
Қылмыстық, азаматтық немесе өзге сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай – ақ Республиканың қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзге де заңдарға сәйкес апелляциялық және қадағалау тәртібінде өз өкілеттігін жүзеге асырады.
Соттың (судьяның) іс бойынша шығарған шешімімен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессіздігі немесе негізсіздігі бойынша келіспеген жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе құқықтық актінің күшін жою, не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы.
Прокурорлардың қадағалауы соттардың істерді жан – жақты, толық және объективті талқылау туралы заң талаптарының мүлтіксіз орындауларына, заң мен сот алдында азаматтардың теңдігін сақтауға, әр қылмыстық іс бойынша негізді және әділ үкімдердің, ұйғарымдар мен қаулылардың қабылдануын бақылауға бағытталған. Прокурор сотта мемлекет мүддесін білдіруді жүзеге асыра отырып, заң, азамат, заңды тұлға және мемлекет аттарынан шығып, қылмыстық істер бойынша айыпты қолдайды және әділсот саласына тартылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттік кепілі болып табылады.
Соттарда істер талқылауына қатысушы прокурорлардың алдында тек іс жүргізу ғана емес, сондай – ақ сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың маңызды кепіілі ретінде, соттарда заңдардың орындалуының әлеуметтік маңызын қадағалау міндеті тұрады. Прокурор өзінің сот талқылауына қатысуымен сотта дәлелдемелерді толық, жан – жақты және объективті зерттелуіне, сотталушы ретінде жауапқа тартылған адамның кінәсін анықтауға, оның жасаған қылмысына дұрыс баға беруге, сотталушыға заңмен негізделген әділ жаза тағайындауға, заңды шешім шығаруға көмектеседі. Прокурор сот процесіне қатысып және мемлекет мүддесін білдіре отырып, сот трибунасын қылмыс жасаған адамды жалпыға бірдей сотталуына, сот талқылауының үнемі тәрбилік рөлді орындауына, түрлі сот процестерінен тиесілі қорытындылар шығаруға пайдалануы керек.
Прокурордың қылмыстық іс жүргізуді қадағалауы, жариялық және демократия қағидаттарын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін сот – құқықтық реформасын іске асырудың басты негіздірінің бірі болып табылады.
Мемлекетте заңдардың дәл және біркелкі орындалуын қадағалау органы бола отырып, прокуратура азаматтардың құқықтары мен заңды мүделерін, сот процестерінің мәденитін қорғайды; қазіргі кезде оның тәрбиелік рөлі де жоғарлады. Республика соттарында заңдылық біршама нығайтылды.
Соттарда қылмыстық істерді қару кезінде заңдылықтың орындалуын қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар ҚР Конституциясының, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін, «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы » Заңының, сондай – ақ ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының талаптарын басшылыққа алады. Прокурорлар сондай – ақ, қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша заңдарды қолдану туралы Қр Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелерін де басшылыққа алуға міндетті.
Қр процессуалдық заңы, прокуратура туралы Заңы прокурорлардың сотта мемлекет мүдесін білдіру кезіндегі өкілеттігін, сондай – ақ заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған прокурорлық шара қолдану жолдарын да анықтытайды.
Қылмыстық, азаматтық және өзге де сот өндірісін жүргізу кезінде сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурорлар өз құзыреті шегінде:
-
істі басты сот талқылауына дайындау кезінде судья шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексередеі;
-
мемлекеттік айыптаушы ретінде шығады;
-
басты сот талқылауы барысында туындаған мәселелер бойынша қорытындылар береді;
-
мемлекеттік және қоғамдық мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау талап етілсе, талаптар қояды, оларды сотта қолдайды,
-
соттың заңсыз және негізсіз үкімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына наразылық келтіреді,
-
наразылықтар және шағымдар бойынша қаралватын қылмыстық істерген кассасиялық және қадағалау сатыларында қорытындылар береді,
-
соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларынның уақытылы орындалулары мен заңдылығын тексереді,
-
соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларының уақытылы орындалуларын қадағалауды жүзеге асырады,
-
соттың үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау немесе жаңадан ашылған мән – жайларға байланысты қылмыстық істерді жаңғыртуға заңмен қарастырылған жағдайларда шаралар қолданады.
Соттардың барлық сатыларында нақты істерді қарау кезінде жіберілген заң бұзушылықтар мен бұзылған процесс нормаларын прокурорлар мынадай түрлі тәсілдермен анықтаулары мүмкін: сотта прокурордың қатысуынсыз қаралған істер бойынша үкімдердің заңдылығы мен негізділігін тексеру; прокурорлардың соттардағы кассациялық және қадағалау сатыларына қатысулары; өтініштің уақытылығын және дұрыстығын тексеру; үкімді орындалуға келтіру; белгілі бір кезеңдегі істер бойынша немесе қылмыстық істердің жеке санаттары бойынша сот тәжірибесін қорытындылау. Қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалаудың мәнін құрайтын аталған заң бұзушылықты анықтаушы құқықтық құралдар мен анықталған заң бұзушылықтарға прокурорлық шара қолдану құралдары бір – бірімен табиғи байланысты, олар қылмыстық сот өндірісінің демократиялық қағидаттарымен және онда мазмұндалатын заң қағидаттарымен тролық сәйкестікте болады.
Қылмыстық, азаматтық, шаруашылық, әкімшілік істерді сот төрелігіне жіберу жөніндегі соттың қызметінде үлкен тәрбиелік ықпалы бар.
Прокурор істерді сотта қарау кезінде заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырмайды, тек сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін қадағалайды деген қорытынды ҚР Конституциясына және өзге заңдарға сәйкес келмейді.
Сотта прокурорлық қадағалаудың мәні тек сотпен шығарылған шешімдердің заңдылығы ғана емес, сондай – ақ сот құрамының, оның ішінде сотталушының, оның қорғаушысының, жәбірлекнушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің, сарапшы мен куәлардың материалдық және құқықтық іс жүргізу нормаларын дәл және біркелкі орындау болып табылады.
Прокурор құқық қорғау міндетін жүзеге асыра отырып және біртұтас орталықтандырылған органның өкілі ретінде шыға отырып, өз міндеттерін тек заң шегінде, ҚР Бас прокурорының заңдары мен нұсқаулары негізінде ғана орындайды. Прокуратура туралы Заңның 3 – бабында прокуратура органдары өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз, тек ҚР Бас прокурорына ғана бағынумен жүзеге асырады деленген. Бұл ереже сотта қылмыстық істерді қадағалауды жүзеге асырушы прокурорга қылмыстық істер өндірісіне байланысты кез келген мәселелер бойынша, өз бетінше іс жүргізу шешімін қабылдауға жағдай тудырады. Екінші жағынан, жоғары тұрған прокурор егер заңға сәйкес келмесе немесе заңға қайшы келетін болса, онда төмен тұрған прокурордың шешімін бұзуға немесе өзгертуге құқылы. Заңдардың орындалу мақсатына негізделіп шығарылған Бас прокурордың бұйрықтары, нұсқаулары барлық прокуратура органдары үшін міндетті. Прокуратура органдарының қатаң бағыныштылығын және барлық сот сатыларында прокурордың іс жүргізу тәуелсіздігін дұрыс үйлестіру, прокурордың заң талаптарына жауап беретін шешім шығаруының міндетті шарты болып табылады. Прокурордың іс жүргізу жағдайы заңды сақтаушы ретінде, мемлекеттік айыпты қолдану кезінде сот талқылауының толықтығы, жан – жақтылығы және объективтілігі туралы заң талаптарын сақтауды, барлық іс жүргізу кепілдіктерін қамтамасыз етуді, сотталушының әректтігі мен әрекетсіздігін дәрежелеуді, ал жаза оның жасаған қылмысының ауырлығына, айыпталушының жеке бас туралы деректерді ескерумен, тек заңға сәйкес жаза тағайындалуын бақылауды міндеттейді.
Осы қадағалауды жүзеге асырушы органдардың алдында басқа да мынадай маңызды мінддетер тұрады: материалдық және іс жүргізу нормаларының бұзылуын анықтау және жою; қылмыс жасауға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайларды жою және оларды жою бойынша шаралар қолдану; қылмыстылықпен күресті күшейту; соған байланысты соттың қылмыстарды қысқартуға және жоюға ықпал етуі; процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |