Ойдамын. Жылдам оқу дегеніміз не?


Шульте кестесінің пайдасы



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата27.10.2022
өлшемі449.47 Kb.
#463478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жылдам оқу кітабы

 
Шульте кестесінің пайдасы:
  
• Ақпаратты түсіну шапшаңдығын дамытады, сонымен қатар осы 
шапшаңдықтың деңгейін қалыпты ұстап тұру үшін пайдаланылады; 


• Шульте кестелерімен үздіксіз жұмыс істеу көздің көру аймағын 
кеңейтеді. Көздің көру аймағының кеңейуі кітаптан 5-6 сөзді бір 
уақытта көруге мүмкіндік береді;
• Сонымен қатар осындай кестелермен жұмыстың арқасында көздің 
іздеу қимыл жылдамдығы артады, ал бұл жылдам оқудың басты тәсілі 
екені белгілі; 
• Есте сақтау қабілетін дамытады; 
Жаттығуды орындау әдісі: 
 

 
Көзімізді ортада тұрған санға бағыттаймыз. Кестеде 5 саны дәл ортасында 
тұр. Сіздің мақсат сол 5 санынан көзіңізді тайдырмай, ешқайда жылжытпай 
қалған сандарды өсу ретімен табу керек.
Басты мәселе - тез табу. 
Жаттығуды жасау барысында көзді ортадағы саннан тайдырмаңыз. Оңға, 
солға, жоғары-төмен жылжытуға болмайды. 
Жаттығудың қате орындалуы


Жаттығудың дұрыс орындалуы
 
 
 
Жаттығуды жасағанда мына ережелер есте болсын: 
 
• Шульте кестесін А4 қағазға шығарып алып пайдаланыңыз; 
• Шульте кестесін тек телефон арқылы жұмыс жасау нәтиже бермейді; 
• Шульте кестесі мен көздің арақашықтығы 30-35 сантиметр болу керек; 
• Бір дайындалғанда 10-20 минут ішінде бірнеше кестемен жұмыс жасау 
қажет болады; 
• Шульте кестесімен жаттыққан соң міндетті түрде кітап оқу керек; 
• Ең жақсы көрсеткіш: 1 санға 1 секунд уақыт арнағаныңыз. Сәйкесінше 
25 саны бар шультені 25 секундта тапсаңыз, бұл жақсы көрсеткіш; 
Сізді күтетін нәтиже: 
 
Кестемен тұрақты жұмыс жасасаңыз көзіңіздің көру аймағы кеңейеді. Көздің 
көру аймағы кеңейуі үшін кем дегенде 3-4 апта кестемен тұрақты 
жаттығуыңыз қажет. Сонда кітаптан 5-6 сөзді бір уақытта көресіз. 
Егер 25 саны бар шультені еркін тауып жатсаңыз, 36 саны бар, 90 саны бар 
шультелермен жаттығыңыз. Сәйкесінше көзіңіздің көру аймағы одан сайын 
кеңейеді. 7-10 сөзді көретін боласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет