2.6. Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық
Бұл топтардағы оқу-жаттықтыру жұмыстарының басты принципі-мамандандырылған дайындық, оның негізінде ойын қызметі мен оқушылардың жеке ерекшеліктері жатыр. Мамандандыру жан-жақты дайындыққа сүйеніп орындалады.
Бұл жастағы балалармен жұмыстың негізгі бағыты дене мүмкіндіктерін, әдістік және тәсілдік шеберліктерін үнемі жетілдіруге ұмтылуға баулу. Әдіс қоры кеңейіп, әдістерді орындау сапасы артады. Алдыңғы сатыдағы міндеттерді атқаруды жалғастырумен қатар мыналарды орындау керек:
а) арнайы сапаларды жетілдіру мен дене дайындығы құралдарын кең қолдану негізінде қимыл мүмкіндіктері шеңберін кеңейту «күш пен ерлік» - І дәрежелі ЕЛҚД кешенінің мөлшерлеріне дайындалу және тапсыру.
ә) түрлі амалдарды үйлестірумен, әдістерді жеке ерекшелігіне лайықты етумен командада орындаған белгілі бір қызметімен сәйкес жаңа әдісті меңгеру барысында әдіс қорын кеңейту;
б) жарыс жағдайы мен қарсыласының тәртібіне қарай өзара әреткетіне мепңгеру;
в) ойын қызметін бекіту мен оны орындауды қамтамасыз ететін дағдыларды кеңейту;
г) түрлі ауқымдарды жарыстарға жүйелі қатысу нәтижесінде ойын тәжірибесін игеру;
ғ) әдіс пен тәсілдік өзара әрекет әсерлігін арттыру;
д) жасөспірімдерді жоғары дәрежелі командаларға қойлатын талаптарға өткізу.
Сабақ 12-15 адамнан құрылған топтарға жүргізіледі. Мына әдістер қолданылады: топтық мөлшерленген жаттығулар аз топтық (шағын топтарда немесе жеке). Әдіс қоры жаттығуларды ұйымдастыру түрлеріне қарай кеңейеді. Көрсету әдісі сөз әдісіне жаттығу-ойын әдістеріне орын береді. Сабақтарда тренажерлар, сондай-ақ қарқындылығын бақылайтын және оны талдайтын құрылғылар кең қолданылады.
Жаттықтыру сабақтарында міндетті түрде жүктеменің екі түрі қолданылады: бірқалыпты белсенділікпен біршама ұзаққа созылған жұмыс (90-120 мин) және лайық демалыс үзілістері бар жоғары қарқынды шағын мерзімдік жұмыс.
Бұл кезеңде ойын дайындығы үлкен орын алады. Атлеттік дайындықта арнайы дене сапаларын дамытатын жаттығулар үлкен маңызы ие болады. Шапшаңдыққа иілгіштікке, ептілікке арналған жұмыстар жалғасады; күш пен төзімділікті дамытуға ерекше назар аударылады. Күшті дамытуға арналған жаттығуларды қате мөлшерлеу сүйектің өсуі мен бүкіл денені қалыптастыруға қолайсыз әсер етеді. Жоғары қысым түсіруді жиі қолдануға болмайды. Бұндай жаттығуларды жүргізу әдістемесі жарылу күшінің жасау әдістемесіне сәйкес келуі тиіс.
Бұл сатыда да жылдамдық жаттығуларына мән беріледі. Төзімділікке арналған жаттығулар ойын әрекетіне тән ерекше сипатта болуы шарт: олар ұзақ уақыт бойына ауыспалы жағдайда өте шапшаң орындалуы тиіс.
Әдістік дайындыққа жылдамдық әдісін меңгеруге назар аударылады. Әдісті жетілдіру үшін әртүрлі жаттығулар қолданылады:
қимыл құрылымын жетілдіру үшін бірдей жағдайда амалдарды немесе олардың кешендерін көп дүркін қайталау;
жағдай демалыс үзілістерімен алдын ала шартталған өзгермелі жағдайда амалдарды немесе олардың кешендерін орындау;
сол сияқты, бірақ жағдай күрт өзгереді;
қарсы әрекеттің өсуінде барынша тиімді шешім қабылдауды қамтамасыз ету;
түрлі қызметтік және психологиялық жағдайларда амалдар мен өзара әрекеттерді орындау;
Тәсілдік дайындықтың негізгі міндеттері:
шағын топтарда және командада тәсілдік өзара әрекетті шапшаң меңгеру қабілетін тәрбиелеу;
оларды ойынды жүргізудің таңдаған жүйесі мен оның түрлеріне қарай көрсете білуді тәрбиелеу;
ортақ тәсілдік жоспарды іске асыру барысында бастама көтеруді дамыту.
Бұл топтағы сабақтарда негізгі салмақ ойын дайындығына түседі. Мұнда команданың ойынпаздығына, ортақ міндеттерді танып, жеке міндеттерді шеше білуге назар аударады. Сондықтан жеке тәсілге ерекше көңіл бөлінеді.
Спорттық жетілдіру топтары үшін жылдық айналымдағы дайындық түрлері бойынша оқу материалы былай бөлінеді: сағаттарды жалпы көбейтумен тәсілдік және интегралдық дайындық көлемі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |