Ойынның сипаты



бет19/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Күшті тәрбиелеу. Заманауй атлетикалық баскетбол ойыншылардың күш қабілетіне жоғары талаптар қояды, ол белгілі мөлшерде секіру биіктігмен, түрлі амалдалды орындау шапшаңдығымен, ауысу жылдамдығымен және ептілік пен төзімділікті көрсетуде үлкен маңыздылығымен анықталады. Ойын әрекетінде осы дене сапалары баскетбол ойынының дұрыс әдістеріне лайық белгілі бір қимыл дағдысы шеңберінде, қимыл шапшаңдығымен үйлестіріліп көрінеді.
Бұлшықет күштерін көрсету шарттары мен сипатына қарай өзіндік күш қабілетін ажыратқан жан (тұрмыс жағдайында және баяу қимылда). Баскетболда жылдамдық - күш қабілеті маңызды орын алады. Биылғы мәліметтер бойынша баскетболдың 70% қимылы жылдамдық - күш сипатында болады. Алайда қорғаныс тұрысында, допты тартып алуда және басқа қатты қимылдарда едәуір табанды күш қажет. Сондықтан ойыншының күш дайындығы жан - жақты болып, әрі бұлшықет күшін түрлі тәртіпте дамытуы қажет.
Бұлшықет күшінің маңызды түрі аз уақыт ішінде шартпен қатаң қадағаланатын спорттық жаттығуларды немесе ойын әрекетін үлкен күшті көрсету қабілетін бейнелейтін қуатты күш болып табылады. Күштің бұл түрін баскетболшылар секіруде, тез топ жаруда, қуатты ұзақ доп беруде іске асырады.
«Абсолюттік» және «қатыстық» күш ұғымы бар. Абсолюттік күш - бұл адам өз салмағына қатыссыз қандайда бір қимылды көрсететін шамалық күш. Қатыстық - бұл ойыншының дене салмағына 1 кг- нан келетін күш шамасы, яғни
Қатыстық күші=
Баскетболшының қимыл әрекетін қамтамасыз ететін бұлшықет күші қимылдың биомеханикалық сипаттамасынан барынша ірі бұлшықеттерінің жұмыстарын қарастыратын иінтірек ұзындығы және бұлшықет жұмысын дамытуы мүмкін қысым шамасына байланысты болады.
Қысым көлемі бұлшықеттің физикалық қызметімен, қимыл бірліктерінің белгілі бір саның жұмысқа ендірумен, бұлшықетке жіберілетін жүйке импульсінің жиілігінен және жұмысқа қатысатын барлық қимыл бірліктерінің күшін жұптастыру деңгейімен анықталады.
Баскетболшының күш қабілетін тәрбиелеу мына бағытта болуы тиіс:

  • бұлшықеттің абсолюттік деңгейін ұстап тұру мен дамыту;

  • ең қысқа мерзімде күшті барынша көрсету;

  • жұмыс күшін қимылдың белгілі бір бөлігінде шоғырландыра білуді қалыптастыру;

  • бір қимылдан келесі қимылға көшуде жоғарғы күш көрсету қабілетін жақсарту.

Ағзаға әсері бойынша күшті дамытатын барлық жаттығуларды ойыншы денесінің үлкен бұлшықет топтарының көпшілігін дамытуға арналған глобальдық және нақты қимылға қатысатын жұмысшы бұлшықет топтарын дамытуға бағытталған локальдық деп бөлуге болады.
Штангамен және де басқа тартулармен жаттықтығуларды мақсатты таңдаудың мына ережелері ұсынылады:

  • жылдамдық - күш қабілетін дамыту үшін жоғары мөлшері 45% салмақтағы штангамен жоғары екпіндегі жаттығуларды орындау, қайталау саны - 8-12;

  • өз күші қабілетін дамыту үшін шектіктен 70-85 %-ға тең салмақпен баяу ырғақта 4-6 рет жаттығуларды қайталау, жаттығу босаңсытуға арналған қысқа мерзімдік үзіліспен жасалады;

  • күш төзімділігін дамыту үшін орташа екпінде « бас тартқанға дейін» демалыссыз, өз салмақпен қатарын 25-50 рет қайталайды.

Жаттықтыру әс - тәжірибесінде жарылғыш күшті дамыту үшін өзгермелі жылдамдық тәртібіндегі төмендегі жаттығуларды кеңінен қолданады: ауыр тығыздалған допты ұзаққа аяқпен тебу және итеру, тартылу, әріптесін кеңестік алаңында белгіленген сызықтан ығыстыру немесе түсіру, қарсылас қолынан жопты тартып алу, еркін күрес пен самбоның элементері.
Баскетболшылардың кешенді жылдамдық - күш қасиеттерінің бірі секіргіштік болып табылады, яғни секіре доп салуды қалқан астында допты сараптауда, тартысты доп салуларды, т.б. орындағанда барынша жоғары секіру қабілеті.
Секіргіштікті көрсетудің ерекше қасиеттері мыналар:

  • секірудің шапшаңдығы мен дер кезінде орындалуы;

  • тік қалыпта орнынан немесе қысқа үдеуден секіруді орындау;

  • қолды жоғары көтеріп, секіруді орындау;

  • күш сынасу жағдайында, секіруді бірнеше рет қайталау (топтама секірулері);

  • өз денесін тірексіз жағдайда басқару;

  • қону дәлдігі және кенеттен басқа қимылдарға дайын болу.

Баскетболшыларда секіргіштікті дамытудың негізгі құралдары орнынан және қысқа екпінмен жоғарыға немесе ұзындыққа түрлі секірулер, секіру топтамалары, гимнастикалық жабдықтар арқылы секіру, Сондай-ақ, серпілумен орындалатын түрлі жаттығулар болып табылады.
Күш жаттықтыруын жеке жоспарлағанда түрлі рольдегі ойыншыларда қимыл әрекетінің сипаты күш қабілеттерінің даму деңгейін де анықтайтынын ескеру қажет. Қозғалыста, мысалы, қорғаушыларда бүгілетін тобық буыны бұлшықетінің күші маңызды болса шабуылшыларда аяқтың жазылуындағы бұлшықеттің қатыстық күші, ал орталық ойыншыларда - жарылғыш өзгермелі күші маңызды болады. Бұл түрлі ойын рольдеріндегі баскетболшылардың күш қабілетін жетілдіруде бейімделу үшін негіз болып табылады. Жоғары дәрежелі баскетболшыларда күшті шапшаңдық пен ептілікке мән беріп кешенді күш жаттығулары негізінде дамыту керек. Күш жаттығулары буындардың қозғалғыштығын арттыруға және босаңсытуға арналған жаттығулармен сәйкестенуі керек. Күшті жетілдіру мен тәрбиелеудің негізгі әдістері: шектен тыс саламқты « бастартқанға дейін» қайталап, барынша күш салып көтеру, айналымдық жаттықтыру әдісі, көмекші әсерлер әдісі, интервалдық, жарыстық әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет