Ойынның сипаты


Іріктеу сипаттары мен әдістері



бет14/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

Іріктеу сипаттары мен әдістері
Іріктеуде үш сипатқа сүйенеді: бейімділігі, дарындылығы мен қабілеттілігі.
Бейімділік - бұл туа біткен және өмірдің алғашқы жылдарында пайда болған анатомдық - физиологиялық ерекшеліктері, яғни дененің кейбір бөліктері, бұлшықет немесе жүрек тамыр ж.йелерінің ерекшелігі баскетболдағы болашақ жетістік үшін іргетас болуы мүмкін.
Дарындылық бұл жеке тұлғаның сапалары мен қасиеттер кешені, қай жағдайда болсын спорттық табысқа жету мүмкіндігі осыған байланысты болады. Іріктеуде дарындылық басты сипат болып табылады. Дарындылық ұғымына белгілі бір дағдыны меңгерудегі табысты қамтамасыз ететін сапа ғана кіреді. Олар қимыл сипатында немесе ақыл-ой сипатында болуы мүмкін (мысалы, қимыл шапшаңдығы немесе дәлдігі, жедел ойлауы).
Қабілеттілік қимыл немесе операцияға қабілетімен, яғни білігі мен дағдысы арқылы сипатталады. Қабілеттілікті оқушылар әдістік-тәсілдік негізгі материалдарды меңгеріп, дайындықтың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде ғана бағалауға болады. Шеберлер командасына негізгі сипат ретінде осы спортшының қабілетін пайдалана отырып іріктейді.
Іріктеу әдістемесі баскетболшының морфологиялық белгілері, қызметтік, қимылдық және психологиялық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін зерттеу бағаларын, әдістері мен тестерді пайдалануды ұсынады. Мысалы, бойды өлшеу жалпыға ортақ есептеу әдістемесіне сәйкес портативтік антропометрмен өлшенеді (бой 6-кестеде келтірілген көрсеткіштерге сәйкес бағаланады). Дене сапаларын бағалау үшін олардың даму деңгейі туралы ұғым беретін тесттер ұсынылады. (7-кесте).
Іріктеуді ұйымдастыруда бүкіл дайындық сатысы барысында бақылау нәтижелері маңызды роль ойнайтынын ескеру қажет.
Тұрақты белгілер қатарына антропометрия, дене жұмыс қабілетінің көрсеткіштері (МПК, PWC170, қандағы лактаттың жоғары қоспасы, бұлшықеттің биоэнергетикалық сипаттамасы, т.б.), жекелеген жылдамдық сапалары (қарапайым қимыл реакциясының латенттік уақыты, қысқа қашықтыққа жүгіру жылдамдығы) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет