2.3. Балалардың, жасөспірімдер мен жігіттердің жас-жыныстық
жалпы сипаттамасы
Жас-жыныстық ерекшеліктері есебі жұмыс әдістері мен құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Дайындықты қалыптастырудың барлығы табиғи жасының дамуынан туындаған алғы шарттарды қате пайдалану тәрізді денсаулық жағдайын бұзып қана қоймай, жасы толған кезде жоғары нәтижеге жету үшін болатын мүмкіндіктерді төмендетеді.
Адамның туылған сәтінен бастап, оның биологиялық толысуына дейін 20-24 жыл өтеді, оның барысында күрделі морфологиялық және психологиялық даму жүреді. Сипаттық ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде түрлі жас ерекшеліктерімен баскетбол бойынша жұмыс әдістемесін анықтайды.
Дене сапасын тәрбиелеуге арналған биологиялық алғы-шарттар бір мезгілде құрылмайды. Қайсы бір сапаның педагогикалық ықпал арқылы жедел даму кезеңдерінде оларды арттыру қарқынына жетуге болады. Жаттықтыру ықпалы құралдарын қате таңдау кері нәтиже беруі мүмкін. Мұнда пубертаттық кезең ерекшеліктерін ескерген жөн. Бұл уақытта бүкіл ағза жүйелері қарқынды дамып, қайта құрылады. Бұл сыртқы көрінісінде ең алдымен бой өсуінен байқалады, ол дәлдікті уақытша нашарлатады. Бойы ұзын жасөспірімдер өз қатарларынан қызметтік қабілетімен ерекшеленбейді. Керісінше, кейде оларда жүрек-тамыр жүйесінің көрсеткіштері мөлшерінен ауытқуы жиі байқалады. Жыныстық жетілу кезеңіндегі барлық дене сапаларының даму қарқыны ерекше, ал жаттықтыру әсерінен, мысалы, күш пен төзімділік көрсеткіштері 2-2,5 есеге артады.
Сондықтан да БЖСМ баскетболшысының дайындығы осы бағдарламада келтірілген мөлшерлік талаптарға сәйкес жүргізілуі өте маңызды.
2.4. Алғашқы дайындық
Бұл топтардағы жұмыстың негізгі принциптері - оқушыларды жан-жақты дайындау. Осыдан келіп, алғашқы дайындық топтарының бірінші және екінші жылғы сабақтарында мына міндеттер атқарылуы тиіс:
Денсаулықты нығайту дене дамуына, жан-жақты дене дайындығына «Сөреге дайын бол», «Барлығы сөреде»-І және ІІ дәрежелі БГТО кешенінің мөлшерін тапсыруға жәрдемдейді;
Ойын дағдыларын табысты меңгеру үшін қажетті арнайы сапаларды тәрбиелеу (қимыл дәлдігі, шапшаңдық, иілгіштік, ептілік, өзгермелі жағдайды бағдарлау қабілеті, жылдамдық-күш сапасы);
Тірек-қимыл жүйесін нығайту;
Ауысу мен тұрыстық, допты қағып алу, беру, жүргізу, шығыршыққа салу әдістерінің негіздеріне оқыту;
Қорғаныс пен шабуылдағы тәсілдік қимылдарға бастапқы оқыту.
дайындық түрлері бойынша мөлшерлік талаптарды орындау;
Мини-баскетбол ережелері мен баскетболға қатысуға тұрақты қызығушылығына сай жарыс іс-әрекетінің дағдыларын сіңіру;
Баскетболмен шұғылдануға қабілетті балаларды алғашқы іріктеу.
Осы міндеттерге сәйкес жоспарлау құжаттарын жасауда оқу мерзімін бөлу жүргізіледі.
Алғашқы дайындық бағдарламасының нгегізгі бағыты - оқушылар. Ол жас спортшыларды кең тараған тәсілдік-әдістік құралдарға табысты оқыту арнайы дене дайындығының жоғарғы деңгейіне жету үшін алғы шарттар негізделген. Баскетболдан спорт мектептері жұмыстарының негізгі көрсеткіштері - әр жылдың соңында оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын бағдарламалық талаптарды орындау.
Бірінші жылдағы дене дайындығы баланы жан-жақты дамытуға негізделген, ол бұдан кейінгі жұмыстарда сабаққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға көмектесетін, қажетті ойын дағдылары мен өнерін меңгеруге жол ашады.
Бұл кезеңде жүргізілген жұмыстар сауықтыру бағытында жүргізіліп, сымбатты қалыптастыруға, сезіле мүшелері мен ағзаның буын жүйелерінің қызметін жетілдіруге жәрдемдесуі тиіс.
Дайындық құралдарын таңдағанда ең бастысы оның ағзаға жан-жақты әсерлілігі болуы тиіс. Таңдаған ққұралды кең өзгертіп қолдану қажет. Акробатикалық және гимнастикалық жаттығуларға, жеңіл атлетикаға, түрлі ойындарға көп көңіл аудару керек. Сабақта доппен ойналатын жаттығуларға ерекше орын бөлінеді. Олардың міндеті - тек денені дамыту емес, сондай-ақ допты игере білу, өзінің доппен әрекетін уақытпен және кеңістікпен сәйкестендіре білу. Баскетболшының дайындығының өсу мөлшеріне қарай бұл қабілет үлкен маңызға ие болады.
Балаларды әдістік дайындаудың негізгі міндеттері негізгі әдістік амалдарды меңгеру болып табылады: ауысу, тоқтату, бұрылу, допты қағып алу, беру, салу, жүргізу. Оларды оқыту орындаудың негізгі әдістерін меңгеру негізінде жүргізіледі. Бұның негізінде оқушылар болашақта әдістік амалдардың барлығын меңгере алатын база құрылады.
Әдістік дайындық негізінде- өтілген әдістерді ауысудың түрлі әдістерімен және бір-бірімен үйлестіре орындау қабілетін тәрбиелеу (бүгіру, бірізді қадамалау, секіру, т.б.). Бұл үйлесімдер бір мезгілде бірізді әдістердің көп санын қарастырмауы тиіс.
Тәсілдік дайындықтың негізгі міндеттері - үйренген әдістік амалдармен байланысты жеке іс-әрекетті мектептегі тәсілдік ойлау мен тәсілдік қимыл негізінде құрылатын қабілеттерді қалыптастыру мен дамыту.
Мұнда зейінді, жағдайды көзбен есте сақтау; уақыт пен кеңістікті бағдарлауды дамыту қажет.
Тек арнайы жаттығуларды емес, қозғалыс ойындарын да кең қолданады. Жаттығуларда лайық дайындықтан соң ойын әдісін пайдалану қажет.
Бұл сатыдағы ойын дайындығының міндеті - жас баскетболшылардың дене, әдістік, тәсілдік дайындықтарына едәуір ықпал ету. Негізгі құралдары сәйкес әдісті пайдаланумен жалпы дайындық жаттығулары мен ережелері жеңілдетілген ойындар, сонымен қатар мини-баскетбол болып табылады.
Алғашқы дайындық топтарындағы оқытудың екінші жылы біріншісінің қисынды жалғасы болып табылады. Онда да дене және әдістік дайындыққа баса назар аударылады: белгілі спортшыларды іріктеу жүргізіледі. Алайда екінші жылы дене дайындығына берілетін уақыт азайтылып, тәсілдік және ойын дайындығына бөлінетін сағат саны көбейеді.
Үйренген тәсілдік іс-әрекетттермен әдісьік дағды қоры едәуір артады. Ойын саны көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |