Ойынның сипаты


Баскетболшыларды дайындау жүйесіндегі іріктеу



бет12/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

2.7. Баскетболшыларды дайындау жүйесіндегі іріктеу

Жаңадан келіп, шебер болғанға дейін мықты баскетболшылар 6-9 жыл мақсатты бағытталған оқу-жаттықтыру жұмыстарынан өтеді (дарындылары 5-7 жылда).


Спортшылар дайындығының ұзақтығы мен спорт жетістіктерінің өсу деңгейі бір жағынан сабақтың өте ерте басталуына, екінші жағынан шапшаң спорттық жетілдіруге қабілетті дарынды жастарды іздеу мақсатында мерзімді қысқарту қажеттігін анықтайды.
Спорттық іріктеу ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар жүйесін қарастырады, оған педагогиклық, психологиялық, дәрігерлік-биологиялық және әлеуметтік зерттеу әдістері кіреді, оның негізінде белгілі бір спорт түрінен мамандандыруға балалардың жасөспірімдер мен жігіттердің қабілеттері анықталады.
Осыған сәйкес төмендегіше маңызды жүлгелерді бөліп қарастырады:

  1. спорттық бағдар (дарынды балаларды табу, оларға баскетболмен айналысуға бағыт беру және мамандырылған жаттықтырудың бастапқы сатыларына әкелу);

  2. баскетболдағы спорттық жетілдіруге қабілеттілігі мен болашағын анықтау;

  3. жоғары нәтижеге жетуге қабілетті команданы топтау мен ұжымды қалыптастыру үшін іріктеу.

Сонымен іріктеуді аталған спорт түрі ерекшеліктеріне адамның қабілет сәйкестігін анықтайтын процесс ретінде түсіну керек. әлем сахнасында жеңіске жету үшін баскетболға дарынды адамдарды даярлаудың бағыттық жүйесі қажет.
Потенциалдық спорт мүмкіндіктерін анықтау үшін баскетболдағы жоғары нәтижелерді анықтайтын ықпалдар туралы нақты түсінік болуы қажет. Белгілі спортшылардың жеке сапаларын, олардың ойын қимылдарын, спорттық жолын зерттейді. Жоғары дәрежелі ойыншы лайық болуы тиіс талаптар негізінде ойыншылар мен командалардың үлгі сипаттамасы құрылады.


Үлгі сипаттамасы
Команда құрамының, команда ойыншыларының үлгі сипаттамасы, олрадың қызметіне қарай жеке-топтық ойыншылар үлгісі спорттық жетілдіру үшін бағдар болып табылады. Жоғары дәрежелі ойыншының үлгісі жауапты жарыстардағы ойыншы қимылының сипаттамасынан (4-кесте), спорттық тұлға шыңы кезеңіндегі дене, тәсілдік және әдістік дайындығынан, қызмет пен психологиялық дайындығынан, морфологиялық ерекшелігінен, жасы мен спорттық тәжірибесінен құралады.
Мысал ретінде КСРО біріншілігіне төрт жылдық айналымда бірінші лигада қатысқан ерлер командасына арналып жасалған қорғаушының үлгі сипаттамасын келтіреміз. (5-кесте)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет