Ойынның сипаты


-кесте. Ойын нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштері



бет5/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

1-кесте. Ойын нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштері
(бір ойынға орта есептен)

Ойын
көрсет-
кіштері
жынысы

Жалпы нәтижелілігі (ұпайлар)

Ойынның доптық дәл түсуі (%)

Кері ұшып шығу

Голдың доп беру

Доптан айырып қалу

өз қалқаны

Қарсылас қалқаны

Ерлер әйелдер



















Ойындағы баскетболшының әрекеті тек жекелеген қорғау мен шабуыл амалдарының қосындысы ғана емес, ол біріккен қарқынды жүйеге ортақ мақсатты біріктіретін қимылдардың қосындысы. Команда ойыншыларының дұрыс өзара әрекеті ұжымдық қимылдардың негізі, ол команданың ортақ мүддесіне жетуге бағытталып, әрбір ойыншының бастамасы мен шығармашылық белсенділігіне сүйенуі тиіс.


Әрбір ойыншы тек шабуылдап қана қоймай, сондай-ақ өз орнын белсенді қорғауы тиіс. Қарсыласынан допты тартып алып немесе оған еркін доп салуға жол бермес үшін қарсылас команданың ойыншыларының, әріптесінің және доптың тұрған орнын ескеріп, оның барлық қимылдарына дер кезінде және дұрыс жауап беруі қажет. Ойын әрекеті қимыл дағдыларының тұрақтылығы мен өзгермелілігіне, дене сапаларының даму деңгейіне, ойыншылардың денсаулық жағдайы мен ақыл ойына негізделеді.
Жарыстарға қатысқанда баскетболшы үлкен жұмыс атқарады да, 5000-7000м аралықты бағындырады, бұнда 130-140 рет секіру мен көптеген жұлқу (120-150-ге дейін) үдетулер мен аялдаулар жасайды. Жоғары жылдамдықта қозғалу допты беру мен торға тастаумен жалғасады. Зерттеулер 40 минут ойынға ауысусыз қатысқан баскетболшы доппен небары 3,5-4 мин. қана жұмыс жасайтынын, ал қалған уақытта допсыз ойнайтынын көрсетті.
Соңғы кезде ойын біршама қарқын алды. Бұл алдымен ойыншылардың қозғалғыштығы мен айла тапқыштығының артуымен доп үшін немесе алаңның әрбір бөлігіндегі орында қарқынды күрес жүргізуге ұмтылуынан көрінеді. Ойын барысындағы қарқынды дене әрекеті үлкен күш жұмсауды талап етеді.
Ойын әрекетін қуатпен қамтамасыз ету аралас сипатта болатыны белгілі (аэробтық-анаэробтық). Аэробтық мүмкіндіктердің негізгі көрсеткіштері – баскетболшылардағы оттегіні тұтынудың ең жоғарғы көлемі біліктілігінің артуына қарай өседі және спорт шеберлерінде ол 5,1 минутқа жетеді (шамамен, 1 кг салмаққа 60 м). Ойын барысында баскетболшы жоғарғы қуат потенциалының 80-90%-ын пайдаланады.
Ағзаның қызметтік жағдайының маңызды көрсеткіші жүрек-қан тамырлар жүйесі. Жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) дене жүктемесінің деңгейін көрсететін кардиологиялық белгі болып табылады. Ойын барысындағы баскетболшылардың ЖЖЖ 180-210 сек/мин-қа жететіні белгілі.
Жаттықтыру жүктемесінің көлемі ойыншының орындаған кез-келген жаттығуының оның ағзасына әсер ету деңгейін бейнелейді. Әрбір жаттықтырушы пайдаланатын жаттығулардың машықтандыру әсерлерін және оларды ағзадағы физиологиялық өзгерістер сипатына қарай жүйеленуін білуі керек. Баскетболшылардың арнайы жаттығуларының ағзаның жауап беруі бойынша түбегейлі айырмасы бар екенін зерттеу көрсетті. Мысалы, айып добын салуды орындағанда ЖЖЖ орта есеппен 128 сек/мин. құрайды, оттегіні тұтыну деңгейі жоғары шамадан 30% болады, орташа қарқындылықпен орындалатын арнайы жаттығуларды жасағанда ЖЖ 140-150 сек/мин. шамасында, оттегіні тұтыну деңгейі – ЖОТ-дан 50% шамасында болады. Ойын жаттығуларын орындағанда ЖЖЖ 172-187 соқ/мин. оттегі қарызының шамасы 5-7 минутқа жетеді.
Жаттықтыру жүктемесінің деңгейі бойынша типтік жаттығуларды топтастыру қуатпен қамту және қажетті бағытпен жүрек жиырылу жиілігінің өзара байланысы негізінде белгіленген педагогикалық міндеттерді шешуге құрылады (2-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет