Ойынның сипаты



бет28/38
Дата01.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#485039
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
dip -basketbol-oyynynydagy-oyyndyq-areketterdin-adistemelik-negizderi-2015-61

3.6. Ойын дайындығы

Ойын дайындығы баскетболшылардың спорттық дайындығының интегралдық түрі болып табылады. Ол күрес жүргізу іскерлігін жетілдіруге бағытталған. Ойын дайындығының басты құралы -жаттықтырушының арнайы ұйымдастырып басқарған екі жақты оқу ойыны. Оқу ойындағы баскетболшылардың негізгі міндеті - күресті жүргізу іскерлігін меңгеріп, ойын барысын қадағалап, кездейсоқ пен қосымшадан маңызы мен мәнін ажыратып, нәтижеге жету болып табылады.


Ойын дайындығының міндеттері:
1) Күшті бөлу іскерлігін жетілдіру, ол іскерлікті өз күші мен мүмкіндігінің шамасына қарай қалыптастыруды, қимыл әрекетіне қысым түсіру мен тынықтыру кезеңдерін үйлестіруді ұсынады.
2) Жеке іс - қимылдар мен командадағы әріптестерімен өзара іс - әрекетін жетілдіру, ол ойынның жасалған жоспарын немесе жаттықтырушының жедел тапсырмаларын іске асыруға құрылады.
3) Меңгерген тәсілдік жүйені, айла - шарғы мен оның түрлерін пайдалануды жетілдіру.
Ойын дайындығын басқару үшін бақылау тапсырмаларын орындағанда ойын шарттарын жеңілдетіп, уақыт пен кеңістікті қолдан шектеп, жарыстық қиындықтарды ұлғайтып, бұзушы ықпалдарды пайдаланып, баскетболшылардың орындаған ойын тапсырмаларын сапа және сан жағынан бақылап, оларды сәтті орындағанына қолдау көрсетуге ұсынылады.
Ойын дайындығының ықпалын көтеру үшін әдістемелік амалдар кешенін қолданған дұрыс:
1) Оқу тапсырмасына ойынды жүргізудің таңдаған жобасын немесе бұзушы ықпалдары бағындырумен жоспары өзара іс - қимылын жүйесін міндетті түрде атқарумен байлнысты тапсырмалар ендіру.
2) Оқу ойынын болашақ басты қарсыласының қолдануы мүмкін тәсілдік жоспары бойынша жұмыс жасайтын әріптесімен жүргізу.
3) Жалпы командалық ойын тапсырмасын шешуге көмектесетін спортшыларға нақты тапсырмалар беру.
4) Команданың негізгі құрамына алған тәсілдік тапсырмаларын дәл орындауын талап етіп, резервтегі ойыншыларды кезеңімен ендіру.
5) Алдын ала келісілген белгі бойынша бір тәсілдік айла - шарғы мен түрінен екіншісінен екіншісіне өтуді пайдалану.
6) Оқушылар үшін күтпеген жерден, тез ауысуды талап ететін ойын жағдайына өту. Жағдайды күрт өзгерту немесе қарсыласының жаңа тәсілдік жүйе қолдануы ойыншылардың жедел ауысуы үшін қиындық тудырып, мақсатты дайындық талап етеді. Оқу ойынында ойыншыларды ауысуда жетілдіру үшін күтпеген оқиғалармен күрделендірудің белгілі бір әдістемелік бірізділігін пайдалану керек. Осы мақсатта сәл алдында ғана меңгерген, әлі іс - тәжірибе амалдарына толық енбеген ауысуды негіздейтін күтпеген тәсілдік өзара іс - қимыл қолданылады.
7) Финалдық күшті қолдану. Бұл амал оқушыларда матчтың шешу сәттерінде құлшыныс іскерлігін қалыптастыруға және жеткен жетістігін бекіту үлкен күш жұмсауды бірнеше рет қайталап, өз күшін тез даярлауға бағытталған.
8) Ойынға тыныққан ойыншыларды кіргізіп отыру.
9) Оқушылардың қысқарған және ұзарған ойын ережелері негізінде оқу жарыстарына қатысуын ұйымдастыру. Аталған әдістемелік амалды ойынға кез - келген уақытта кіріп және команда пайдасы үшін қажетті кезең барысында іс - қимыл көрсетіп және демалыс үзілістерін қалпына келтіру үшін тиімді пайдалану іскерлігін қалыптастыруға пайдаланады.
Кез - келген оқу ойыны барысында жаттықтырушы допсыз ойыншының қимыл белсенділігі мен оның дұрыстығына сондай-ақ, шабуылдан қорғанысқа өтуіне, екі қалқанда да ұшып шыққан доп үшін белсенді күрес жүргізуіне назар аударуы керек.
Бұндай ойындарда баскетболшыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • белсенді болу, бұның астарында қарсыласымен тәсілдік күрестің өткірлігі мен үздіксіздігін түсініп, ойын жүргізуге үнемі дайын болып, барлық жағынан қарсыластың кез - келген іс - қимылына кедергі жасау керектігін ұғыну;

  • уақыт тар болып, мәлімет шектеулі болған жағдайда жарыстың даму барысын алдын ала көре білу, мүмкін болжамды әріптестері мен қарсыластарының іс - қимылымен жүзеге асыру;

  • ойлы тәуекелге бел буып кенеттен, шешімтал және тез қимылдау;

  • кез - келген жағдайда тәсілдік ойлаудың айқындылығы мен дербестігін сақтау;

  • қарсыласының жігерін жасайтын, бастаманы өз қолына алу;

  • қарсыласына өз мүмкіндіктері мен ішкі ойы туралы қате пікір қалыптастыру;

  • қарсыласына ол үшін қолайсыз ойын сипаты мен іс - қимыл тудыру;

  • жеке іс - қимылдарын жалпы командалық ойын жүргізумен үнемі үйлестіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет