Командалық іс -қимылды меңгеру және солар арқылы жетілдіру. Командалық іс - қимылды меңгерудің белгіленген әдістемелік бірізділігінде келесі ережелерді басшылыққа алу қажет. Алғашқыда орталық ойыншы арқылы тұрыстық шабуыл жүйесіндегі іс - қимыл дағдылары қалыптастырылып, сонымен қатарұмтылысты шабуыл меңгеріледі. Сосын қорғаныстағы іс - қимылдарды үйренеді. Жеке қорғаныс жүйесінен бастап, сосын өз алаңы жартысындағы прессингке өтеді және соңында бүкіл алаң бойындағы прессингке өтеді. Қорғаныстың аймақтық жүйесі мен оның түрлеріне кештеу, яғни оқушылар қарсылас ойыншыларын бақылап,өз әріптестерінен өзара іс - қимылды үйренгеннен кейін көшеді.
Командалық іс - қимылдардың тәсілдік жүйесін меңгеруді кезеңдері бойынша (басы -дамуы - соңы) оларды біртіндеп бір бүтінге біріктіре атқарған тиімді.
Тәсілдік жүйені игеру баскетболшылардың ойын қызметін мамандандырумен байланысты. Көбінесе ойыншы қызметін тезірек анықтап, өз уақыт ішінде дене дамуы жақсы, ұзын бойлы, жақсы секіретін ойыншыдан қалқан астында ойнайтын орталық ойыншыны дайындауға тырысады. Алайда,көп жылдар бойы белгілі баскетболшылардың спорт жетістіктерінің өзгерісін талдау ойыншыларды тым ерте қорғаушыларға, қаптал шабуылшыларына және орталық ойыншыларға бөлу болашақта жетілдіретін қабілеттерін шектейтінін көрсетті.
Әрбір оқушы кем дегенде жаттықтырудың бір жарым жылында тең түрде доп беруді, оң және сол қолмен алдап өтуді, орынынан, жүрістен орта және алыс қашықтықтан торға доп салуды, Сондай-ақ, қорғаныстағы ойынды үйренуді тиіс. Ол қалқанға жақын тұста және алаң түкпірінде жеке іс - қимылдарды пайдалнуды, шағын және ұзын бойлы, шапшаң ойыншы қарсыластарын бірдей бақылауды, мықтап қорғану мен күйрете қарсы шабуылдауды бірдей мөлшерде жетік меңгеруді тиіс. Осыдан кейін оқушы осы материалдың барлығын жетік меңгерген соң ғана ойынға мамандандыруды бастаған дұрыс.
Тұрыстық шабуыл жүйесің меңгергенде мынаны үйренеді:
ойыншылдарды бастапқы тұрыстарға жоспарлап қоюмен және доптың алдыңғы аймаққа өтуімен байланысты шабуылды бастау;
жүрістен екі немесе үш ойыншының типтік өзара іс - қимылын жүргізумен байланысты шабуылды дамыту;
үйренген тәсілдік, айла - шарғыларды ерекше белгілермен жүргізуге байланысты шабуылды дамыту;
кері ұшқан доп үшін белсенді күрес шабуылының әдісі мен мерзімін тиімді таңдауға байланысты шабуылды аяқтау.
Тұрыстық шабуылдың кез - келген жүйесін меңгеру бүкіл команда ойыншыларын тікелей және жанама қатыстырып, өзара іс - қимылды үйлестіруді қарастыратын тәсілдік айла - шарғыларды меңгеруімен тығыз байланысты. Мұнда әрбір айла - шарығы қорғаныс жүйесінің нақты бір түріне қарсы тұрыстық шабуылға ойыншыларды орналастырадың нақты түрінен туындайтын үйренген командалық іс -қимыл кешенін білдіреді.
Тәсілдік айла - шарғыларды меңгеру өте қиын процесс, оны төрт сатыға бөлуге болады:
1) айла - шарғыға қатысатын ойыншылар бастапқы орындарға орналасады. Оның мәнін түсіндірген жаттықтырушы қолданылатын қозғалыстар мен әдістерді жасап көрсетеді. Ойыншылар көрген амалдарын бірнеше рет қайталап, оның аяқталуын екі - үш түрмен қайталап бекітеді. Алаңда әрбір ойыншының шығыршықты шабуылдаудың соңғы сәтінде тұруы тиіс нүктелерді белгілеп қоюға болады, сосын жаттығуға айла - шарғының шиелініскен сәттерінде белсенді қарсылық көрсететін бір - екі қорғаушыны кіргізеді.
2) Жаттығуға шабуылшыларды ауысусыз және сақтандырусыз шартты түрде бақылайтын бес қорғаушы ендіріледі.
3) Қорғаушылар айла - шарғының үйренген барлық түрін қолданған шабуылшыларға белсенді қарсылық көрсетеді.
4) Үйренген айла - шарғыларын алаңның бір жартысында 5х5 ойындағы ойын жаттығуларында қайталайды. Қолайлы сәттерде жаттықтырушылар ойыншыларға белгіленген айла - шарғыны жүргізу үшін бастапқы қалыпта алатын орын көрсетуі керек. Егер оқушылар ойлағанын жүргізе алмаса, егер олар дөрекі қателіктер жіберсе, жаттығуды тоқтатып, айла - шарғыны бірнеше рет жеңілдетілген жағдайларда қайталап, ойынды қайтадан жалғастыру қажет. Ойын жаттығулары мен ойынның өзінде де алаңның бір бөлігінде жеке ойыншыларға және командаға оқушыларды түрлі айла - шарғыларды жиі әрі құлшынымпен жүргізуіне жәрдемдесетін шартар ендіру маңызды.
Соңында баскетболшының тәсілдік дайындығының негізгі міндеттерін шешуге көмектесетін жаттығуларды пайдаланудың бірнеше ережелерін келтіреміз.
Жаттықтырудың міндеттері:
1) Әрбір жаңа жаттығудың мақсаты мен маңызын, оның нақты міндеттерін түсіндіру. Кез - келген жаттығу ойыншыларға түсінікті болуы тиіс.
2) Ойыншылар жаттығуды тез, дұрыс, барын салып, мұқият орындауын қадағалау.
3) Тәсілді жетілтіруге арналған жаттығулар құрылымы мен сипаты жағынан типтік жарыс жағдайына ұқсас болып, ойыншылар оны жарыстағыдай құлшыныспен, барын салып орындау тиіс.
4) Шартты қарсылас қарсылығы мен жарыс элементтерін ендіргенде жаттығу құрылымының мағынасы бұзылуына жол бермеу керек.
5) Жаттығуларда шабуыл мен қорғанысты жетілдірудің міндеттерін орындаудың кешенді жаттығуларында оларды ойындылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктерніне сәйкес келуін қарастыру.
6) Сабақтағы жаттығуларды ұйымдастыру мен олардың өзара іс - қимылын мұқият ойластыру.
7) Ойыншылар жақсы меңгеріп, түсініп, жақсы көретін жаттығулары жиі қолдану, оларды құрылымы мен қойылған міндеттерін сақтай отырып түрлендіру.
8) Аса күрделі жатығуларды қолданбау керек.
9) Жаттығу немесе ойын барысында ескертуді шұғыл әрі жиі жасаған дұрыс емес, оқушыларға туындаған қиындықтарда өзіне жол табуға мүмкіндік беріп, содан кейін ғана көмектесуге болады, жаттықтыруды талдағанда кездейсоқ мүлт кетуден заңдылық кемшіліктері қатесін айыра білуге үйрету.
10) Жаттығуларды орындағанда жұмыс қабілетінің, қозғалғыштығының және зейін шоғырлануының күрт төмендеуіне жол бермеу, сабақты жақсы көңіл күймен өткізу, үздіктерге шағын жүлде беру жаттықтырудың әсерін арттыруға көмектеседі.
11) Сабақ жоспарын қатаң ұстану, уақыт шегінен (әрі жатығуға жоспарланған) асып кетпеу. Егер жаттығу ойыншыға жеңіл тисе, онда оны барын сала орындауға деген тілек пен қазығушылық төмендейді, жаттығулар жағдайын жарыс элементтерін ендіру арқылы күрделендірудің маңызы зор, егер жаттығу ойдағыдай шықпаса, спортшы аз да болса табысқа жету үшін сәл уақытты созу керек.
12) Орындалған жаттығулардың көлемі мен қарқындылығының есебін жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |