Оксиќышќылдар


І тарау 1.1.Бір негізді екі атомды оксиқышқылдар



бет3/22
Дата26.01.2022
өлшемі1.11 Mb.
#454859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Дип.-Бір-негізді-екі-атомды-оксиқышқылдар 2

І тарау

1.1.Бір негізді екі атомды оксиқышқылдар

Изомерия. Номенклатура. Қарапайым оксиқышқылдар әдетте өздері алынатын табиғат заттарының аттарымен аталады (мысалы сүт қышқылы).

Оксиқышқылдар аттарын көбінесе, өздеріне сәйкес карбон қышқылдарының окситуындылары ретінде алады. Сонда, гидроксил және карбоксил топтарының орналасу орындары грек алфавитінің әріптерімен көрсетіледі, мысалы, -оксипропион СН3—СНОН—СООН, β-оксипропион НОСН2—СН2—СООН.

Систематикалық номенклатура бойынша оксиқышқылдардың аттары карбон қышқылдарының аттарынан шығарылады сөйтіп, сол аттың басына спирттерге тән окси деген сөз қосылады (гидрокси). Нөмірлеу әдетте карбоксил тобынан басталады. Мысалы, сүт қышқылын 2-оксипропан қышқылы деп атауға да болады.

Бір негізді оксиқышқылдардың гомологтық қатары оксиқұмырсқа немесе көмір қышқылынан басталады. Одан кейін гликоль немесе оксисірке қышқылы СН2ОН — СООН келеді. Бұл екі кышқылдың структуралық изомерлері жоқ. Келесі гидроксил тобының орналасуына байланысты екі изомер түрінде бола алады: сүт және β-оксипропион қышқылы. Құрамында көміртектің төрт атомы бар қышқыл, структуралық бес түрлі изомерлер түрлерінде бола алады. Олардың үшеуін нормаль май қышқылының туындылары деп қарауға болады: олар ОН-тың орналасуына қарай изомерлер болып келеді.

Оксиқышқылдардың арасында ассиметрлік көміртек атомдарының болуына байланысты оптикалық изомерияның өте жиі кездесетіндігі байқалады.

Бір негізді екі атомды оксиқышқылдардың алу әдістерін және олардың қасиеттерін қарастыралық. Көмір қышқылы өзінің қасиеттері және туындылары бойынша басқа гомологтардан тіпті өзгеше, сондықтан оны қарапайым бір негізді екі атомды оксиқышқылдардан басталық. Көмір қышқылы тараудың аяғында жеке қаралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет