Оксиќышќылдар



бет5/22
Дата26.01.2022
өлшемі1.11 Mb.
#454859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Дип.-Бір-негізді-екі-атомды-оксиқышқылдар 2

1.1.2. Физикалық қасиеттері.

Оксикышқылдар — сұйық немесе көбінесе кристалды заттар. Гидроксилі жоқ өздеріне сәйкес карбон қышқылдарына қарағанда, бұлар суда жақсы ериді. Жеңіл оксиқышқылдар сумен кез келген мөлшерде араласады. Көміртек атомдарының саны бірдей карбон қышқылдарымен салыстырғанда, оксиқышқылдардың қышқылдық қасиеттерінің басымырақ екендігі байқалады. Мысалы, гликоль қышқылының диссоциациялану константасы, сірке қышқылынікіне қарағанда, 8,5 есе көп.


1.1.3.Химиялық қасиеттері.

Оксиқышқылдар қышқылдардың да, спирттердің де қасиеттерін көрсетеді. Бұлар қышқылдар тәрізді тұздар, күрделі эфирлер, амидтер және т. с. береді. Мысалы, сүт қышқылы:
Спирттік немесе қышқылдық гидроксилінің қайсысының реакцияға қатысатындығын қолданылатын реагент пен реакция жағдайлары шешеді. Мысалы, галогенсутектермен әрекеттессе галогенмен спирттік гидроксил ғана алмасады, ал ібес хлорлы фосформен әрекеттессе қышқылдық гидроксил де, спирттік гидроксил де алмасады. Сілтілермен әрекеттестірсе ең алдымен қышқылдардың тұздары түзіледі, ал содан кейін алкоголяттар пайда болады.

Оксиқышқылдардың химиялық барлық өзгерулерінде гидрокскл және карбоксил тобының бір-біріне әсер ететіндігі есте болу керек. Егер осы топтардың бәрі бір-біріне көршілес болса, онда бұл әсердің маңызы зор. Гидроксил және карбоксил тобының өз ара әсерінен -оксиқышқылдардың өздеріне ғана тән бірнеше реакциялары бар екендігін көрсетеді.



1.-Оксиқышқылдар карбон қышқылдарына айналып оңай тотықсызданады, мысалы иодты сутекпен әрекеттестіргенде:

2.Сұйытылған қышқылдармен араластырып қайнатса -оксиқышқылдар ыдырап құмырсқа қышқылын бөліп шығарады:




3.Судың бөлініп шығу реакциясы +β және -оксикышқылдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.



Қыздырғанда -оксиқышқылдар су бөліп шығарып лактидтер, яғни қышқылдың екі молекуласынан құралған тұйық тізбекті күрделі эфирлер түзеді:
β-Оксиқышқылдар судың элементтерінен айырылып қанықпаған қышқылдар береді. Сусызданудың ол бағыты карбоксил тобына көрші орналасқан сутек атомдарының көтеріңкі қозғалмалы болуына байланысты:










γ-және δ-оксиқышқылдар қыздырғанда лактондар, яғни ішкі күрделі эфирлерді береді. Бұл реакцияны ашқан A. M. Зайцев





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет