Зайцев Александр Михайлович
А.М.Зайцев (1841-1910) – атақты орыс органик-химигі, А.М.Бутлеров шәкірті.
1862 жылы Қазан университетін аяқтаған соң, зайцев өз есебінен шет елге аттанды, дәне Г.Кольбе мен А.Вюри лабораторияларында жұмыс істеді. Шет елді жасаған жұмыстары үшін оған химия кандидаты және философия докторы дәрежелері берілді.
1865 жылы Зайцев Қазанға қайта оралды. 1868 жылы магистрлік диссертация қорғап, (1869ж) Бутляров Петербург университетіне ауысқан соң, химия кафедрасы бойынша доцент болып сайланды.
1870 жылы «Майлы қышқылдардың өздеріне сәйкес алкогольдерге айналудың жаңа әдісі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
1885 жылы Петербург Ғылым Академиясы А.М.Зайцевті өзінің корреспондент-мүшесі етіп таңдады, ал 1907 жылы оның академикка кандидатурасын жариялады. Қазан университетімен қштасуды қаламай, ұсынысты қабылдаған жоқ. 1905 жылы Зайцев Орыс физико-химиялық қоғамның президенті болып сайланды.
1870 жылы Зайцев қаныққан спирттерді зерттеумен айналысты, оның барысында спирттердің әр түрлі класстарының алыну әдістерін істеп шығарды, ол химия тарихында «Зайцев синтездері» және «Зайцев спирттері» атауына ие болды. Атақты В.Гриьяр реакциясы Зайцев спирттер синтезінің түр өзгерісі болып табылады.
1871 жылдан 1900 жылға дейін Қазан Университетінде химияны оқытуды басқарды және химик-органиктер мектебін құрды.
А.М.Зайцев тамаша педагог болған. Оның шәкірттерін арасында даңқты ғалымдар: С.Н.Пеформатский, А.Н.Реформатский, е.ЕВагнер, А.А.Альбицкий, И.И.Канонников, А.Я.Арбузов.
Достарыңызбен бөлісу: |