Қолданбалы экология



Pdf көрінісі
бет11/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
5

ДƏРІС. Экожүйенің биотехнологиялық ресурстары: өсімдіктер,
балдырлар, мүктер
Балдырлар (Algae). Балдырлардың негізгі белгілері жəне жүйесі.
Балдырлар – адамзатқа аса қажет, биологиялық маңызы айрықша, өсімдіктердің
орасан зор тобы. Олар өсімдіктер ішінде ең қарапайымы, оларда бұтақ, тамыр
немесе жапырақ деген болмайды. Бұл оттегін бөліп шығаратын
фотосинтездеуші организмдер қатарына жатады. Эукариоттық балдырлар
айқын топтарға бөлінеді, алайда негізгі айырмашылық белгісі –
фотосинтетикалық пигменттер жиынтығы.
 4.1-кесте. Балдырлардың кейбір басты топтарының негізгі белгілері
жəне жүйесі.
Жалпы белгілері:
Денесі фотосинтездеуші қабаттан (талломнан) тұрады. Барлық түрі сулы ортада
тіршілік етуге бейімделген. Формалары жəне өлшемі алуан түрлі.
 Chlorophyta (жасыл
балдырлар) бөлімі
Фотосинтетикалық
пигменттер арасында
хлорофилл басым;
сондықтан олар жасыл
түске боялған.
а жəне хлорофилдер
бар.
Көмірсуларды крахмал
түрінде сақтайды
(ерімейді)
Негізінен тұщы сулы
өсімдіктер
Түрлердің
əралуандылығы, мы-
салы, бір клеткалы,
жіп тəріздес, колония-
лы, таллом тəріздес.
Phaeophyta (қоңыр балдыр-
лар) бөлімі
Фотосинтетикалық пигмен-
ттер арасында қоңыр пиг-
мент басым. Ол фукоксантин
деп аталады.
а жəне с хлорофилдер бар.
Көмірсуларды ерігіш лами-
нарин жəне маннит түрінде
сақтайды. Сонымен бірге
майларды да сақтайды.
Барлық түрі – теңіздік
Жіп тəріздес жəне таллом
тəріздес, ірі болып жиі
кездеседі.
 Euglenophyta (эвгленді)
бөлімі
Фотосинтетикалық пигмен-
ттер арасында хлорофилл ба-
сым; сондықтан олар жасыл
түске боялған.
а жəне b хлорофилдер бар.
Көмірсуларды парамилон
түрінде с ақтайды (крахмалға
ұқсайды).
Формасы тұщы сулы
Бір клеткалы жəне қозғалады.
Целлюлозалы клеткалы
қабырғаның орнына пеллику-
ла орналасқан
Көздері бар жəне пульсі
соғатын вакуолдері бар.
Мысалы:
Chlamydomonas -бір
клеткалы, қозғалатын
балдыр
Spirogyra - балдыр
Мысалы:
Fucus- таллом тəріздес, теңіз
балдыры.
Laminaria- ірі, таллом
тəріздес, теңіз балдыры;
Мысалы:
Euglena


28
Viva – таллом тəріздес,
теңіз балдыры.
зор халықшаруашылық
маңызы бар.
Эукариотты балдырлар жүйесі: Өсімдік патшалығы: "Балдырлар"
Бөлімдері:
Rhodophyta – қызыл балдырлар.
Chrysophyta - алтын түстес балдырлар.
Xanthophyta – сарғылт-жасыл балдырлар.
Bacillariophyta – диатомды балдырлар.
Dinophyta – динофлагеллаттар жəне криптомонадтар.
Phaeophyta – қоңыр балдырлар.
Chlorophyta - жасыл балдырлар.
Euglenophyta – эвгленалы балдырлар.
Балдырлардың мəні:
1. Балдырлардың биосферадағы рөлі. Қазіргі заманғы бағалау бойынша
мұхит үлесіне шаққанда ең аз дегенде əлемдік бастапқы өнімнің жартысы
кетеді екен. Осы бастапқы өнімді балдырлар түзеді – мұхитта орналасқан
бірден-бір өсімдіктер.
2. Альгинді қышқыл, агар жəне каррагенан. Балдырлардан көптеген пай-
далы өнімдер алуға болады. Мысалы, альгин қышқылы, агар жəне каррагенан.
Альгин қышқылы жəне оны өндірушілер (альгинаттар) – бұл Laminaria, Asco-
phyllum жəне Macrocystis сияқты балдырлардың клеткалық қабырағсынан пайда
болған полисахаридтер. Балдырларды көбіне жағалаудағы ұсақ су көздерінен
қазып алады. Тазартылған альгинаттар улы емес, əрі оңай гель түзеді. Оларды
өндірістік тауарлар алу үшін желе тəрізді заттарды қатайту үшін кең
қолданады. Агар – қызыл балдырлардан алынған полисахарид. Ол да альгинат-
тар сияқты гель түзеді. Бірақ агар қолданыста өте кең таралған жəне оны
саңырауқұлақтар мен бактерияларды өсіру үшін қоректік орта ретінде көп пай-
даланады. Каррагенан (карраген) - Chondrus crispus деп аталатын қызыл балдыр-
лардан алынатын клеткалық қбырғаның тағы бір полисахариді. Өзінің химиялық
құрылымы бойынша агарға өте ұқсас, жəне оны да дəл агарды қолданатын
мақсаттарға пайдаланады.
3. Диатомит (кизельгур). Bacillariophyta бөліміне жататын балдыр.
Негізінен бір клеткалы; оларды диатомды деп атайды. Бұл балдырларға
клеткалық қабырғасының ерекше құрылымы тəн, себебі оның құрамында крем-
ний бар. Клеткалар өлгеннен кейін диатоманың қалдықтары теңіздер мен
көлдердің түбіне шөгеді, сөйтіп ол жерде үлкен қабаттар жинақтала береді.
Осылайша қалыптасқан “диатомды жердің” құрамында өте көп мөлшерде
кремний болады (90%-ға дейін). Арнайы тазартылғаннан кейін бұл “жерді”
температураның жылдам төмендеуіне қарсы тұра алатындықтан, тамаша
фильтрлеуші материал ретінде (мысалы, қант алу кезінде немесе сыраны ашық
түске бояғанда) пайдалануға болады.
4. Тыңайту. Жағалауға жақын орналасқан фермаларда аз да болса


29
дəстүрлі түрде ірі балдырларды (қызыл балдырларды) тыңайтқыш ретінде пай-
даланады. Балдырлар калиге өте бай, бірақ жай навоздарға қарағанда мұнда
азот пен фосфор аз. Тыңайту мақсатында неғұрлым маңызды рөлді көк-жасыл
балдырлар атқарады. Себебі, олардың құрамында азот көп, сондай-ақ, олар
топырақта өте көп кездеседі.
5. Тамақ өнімдері. Кейбір балдырларды тіпті, тікелей дастарханға қояды,
негізінен Қиыр Шығыста. Porphyra қызыл балдырын жəне Laminaria балдырын
деликатес ретінде шикі күйінде жейді. Олардан əр түрлі тамақтар пісіреді.
Тамақтың жаңа дəмін іздеу барысында балдырларды өндірісте культивирлеу
кең етек алды. Көк-жасыл балдырлардың ішінде үміт күттіретіні де осы Spiruli-
na болып саналады.
6. Ағынды суларды тазарту. Ағынды суларды тазарту бойынша микроор-
ганизмдермен жұмыс істеуде балдырлардың қосқан үлесі өте көп. Себебі,
ағынды суларда тек бактерияларға, саңырауқұлақтарға ғана емес, сонымен
бірге жасыл балдырларға да арналған қоректік заттар бар екені анық. Олар,
əсіресе ашық «тотықтырғыш қоймаларда» пайдалы. Тереңдігі 1-ден 1,5 м
дейінгі ашық қоймаларды тазартылмаған ағындармен толтырады. Фотосинтез
процесінде балдырлар оттегін бөліп, ағынды суда өскен басқа да аэробты
микроорганизмдердің өміршеңдігін сақтайды.
7. Ғылыми зерттеулер. Бір клеткалы балдырларға кəдімгі өсімдіктердің
барлық белгілері тəн. Сондықтан, ғылыми зерттеулер үшін балдырлар өте
қолайлы материал болып табылады. Сондай-ақ, біріншіден, оларды қатаң
белгілі бір жағдайларда өте көп мөлшерде өсіруге болады; екіншіден, ол үшін
өте көп орын қажет емес. Мұндай балдырларға мысал ретінде Chlorella алсақ
болады, бұл фотосинтезді ғылыми зерттеуде өзінің құрметті орнын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет