Қолданбалы экология



Pdf көрінісі
бет19/47
Дата22.09.2022
өлшемі0.65 Mb.
#461124
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Əдебиет:
Негізгі – 3 [т.2; 14-126].
Қосымша –2 [125-132].
Бақылау сұрақтары:
1. «Генетика» нені зерттейді?
2. Генетика дамуының қысқаша тарихи мазмұны.
3. Г.Мендель белгілерінің тұқым қуалау заңдылықтары.
4. Г.Мендельмен 
қандай 
гендер
арақатынастары ашылған?
 9 –ДƏРІС. Клеткалық ресурстар.
Соңғы 50 жыл ішінде биология
ғылымдарында айтарлықтай өзгерістер
болды. Егер алғашқысын 1953 жыл деп
есептейтін болсақ, екінші революция деп
айтсақ та болады. Осы уақыт аралығында
үлкен адымды бірінші болып молекулалық
6.1 - сурет. Жануарлар клеткасы
құрылымының схемасы: 1 – цито-
плазма; 2 –ядро; 3 – плазмалық мем-
брана; 4 – эндоплазмалық ретику-
лум; 5 – митохондрия; 6 – рибосома;
7 – лизосома; 8 – Гольджи аппараты.


46
биология, молекулалық генетика, клеткалық жəне молекулалық инженерия
жасады. Тəжірибеге жəне өндіріске заманауи биологияның əр түрлі салаларына
теориялық 
тұрғыда 
таза 
жетістіктер 
алып 
келді. Зерттеушілердің
қызығушылығын кеңейте түскен жаңа əдістемелер соңғы жылдары жаңа
фактілер мен танымдарды, клетка биологиясында оның құрылымын зерттеуге,
молекулалық жəне генетикалық ұйымдасуын терең зерттеуге жол ашты.
Клетка (жасуша) – бұл белсенді мембранамен шектелген, реттелген,
организмнің функционалдық жəне құрылымдық бірлігі жəне бүкіл жүйені
біртұтас ұстап тұратын метаболиттік, энергетикалық процестердің бірден-бір
жиынтығына қатысатын биополимерлердің (ақуыздар, нуклеин қышқылы,
липидтер, көмірсулар, т.б.) құрылымдық жүйесі.
6.1-кесте. Клетка (жасуша) құрылымы.
Аталуы
Құрылымы
Функциялық маңызы
Ерекшелігі
Плазмал
ық
мембра-
на
Физикалық тұрғыда – бұл
шамамен 10 нм болатын
жіңішке қабықша, химиялық
тұрғыда – бұл екі негізгі ком-
поненттен тұратын құрылым:
ақуыздың 
екі 
қабатының
арасындағы 
липидтің 
екі
қабаты
Берілген 
шағын
химиялық 
зертхана
мен оның қоршауы
арасындағы таңдаулы
көпір
Плазмолемманы
ң
арқасында
клетка
өз
кезегінде
химиялық
жүйені қамтасыз
етеді
Ядро
Ядролық қабықтан, хрома-
тиннен, ядрошықтан жəне яд-
ро шырынынан тұрады
Генетикалық ақпарт
иесі
Тіршіліктің
бүкіл процесін
қадағалап,
бақылап отыра-
ды
Эндопла
змалық
ретику-
лум
(тор)
Түтікшелер 
түріндегі
мембраналық 
қапшық-
цистерналар жүйесі. Сыртқы
ядролық мембранамен бірге
біртұтастықты түзеді.
Эндоплазмалық 
тор
синтездеу жəне тасы-
малдау процестеріне
қатысады; құрамында
ферменттер бар
Секреторлық
белсенді клетка-
ларда 
көп
кездеседі
Рибосо-
ма
Өте 
ұсақ 
органеллалар,
диаметрі 15-35нм шамасында
болып 
келетін
ұсақ
түйіршіктер.
Ақуыз түзілетін орын Рибосомалар
сондай-ақ, ядро
құрамында
кездеседі, мұнда
олар 
ядролық
ақуыздардың
синтезделуін
қамтамасыз
етеді.
Мито-
хондрия
Екі мембрана арлығында бос
орын жатыр, ол гомогенді
митохондриялы матрикспен
толығып тұр.
Энергетикалық резер-
вуар
Көбінесе
гаметалардың
құрамында бо-
лады (мысалы,
ооциттерде
олардың 
саны


47
300000 жуық)
Гольджи
аппара-
ты (ГА)
Мембраналық 
қапшық-
цистерналардың жиынтығы,
олар көпіршіктер жүйесімен
байланысқан (Гольджи
көпіршіктері)
Клеткадан 
тыс
өміршеңдік 
сөлінің
(секретінің) бөлінуі
Локализация
орыны

центриолдердің
жанында, ядро
қоршап тұрады
Лизосо-
ма
Жай 
сферикалық
мембраналыққапшықтар (0,2–
0,5мкм), мембранамен шек-
телген 
жəне 
ас 
қорыту
ферменттерімен
толықтырылған.
Клетка 
ішіндегі
ферменттік жиырылу,
экзогенді 
жəне
эндгенді заттар
Ферменттер ли-
зосомадан
цитоплазға
шығып кеткен
жағдайда
клетканың еруі
байқалады.
Жасуша денесі – протоплазмада цитоплазма мен кариоплазманы (ядро)
ажыратады. Ядросы алып тасталынған жасуша ұзақ өмір сүре алмайды.
Цитоплазма жасушаның гомогенді түссіз, мөлдір, қоймалжың негізгі массасы
болып табылады. Цитоплазманы электронды микроскоппен қарағанда, онда
жіңішке құрылым көрінген. Цитоплазмада цитоплазмалық матрикс,
органоидтар мен қосымшалары бар – гиалоплазманы ажыратады.
Гиалоплазма – коллоидты, жабысқақ, созылатын, қысқартылатын жəне
ішкі қозғалысы бар жасушаның негізгі заты. Химиялық құрамы жағынан ол
ферменттері бар ақуыздан тұрады. Электронды микроскоппен қарағанда ол
жіңішке дəнді затқа ұқсас, кейде жіңішке жіпшелері мен түйіндері көрінеді.
Гиалоплазмада энергия ағымын жүзеге асыратын гликолиз бар. цитоплазмалық
матриксте жасуша құрылымдары – органиодтар, ядро жəне қосымшалар
орналасқан.
Органиодтар дегеніміз əрқашан өзгеріп тұратын жəне белгілі бір қызметі
мен құрылымы бар цитоплазманың бөлігі органоидтардың жалпы жəне арнайы
қызметтерін ажыратады. Арнайы органиодтар миофибрилалардың, эпителий
кірпікшелерінің жəне бронхы жасушаларына тəн. Жалпы органоидтарға
эндоплазмалық ретикулум, рибосомдар, лизосомдар, митохондриялар,
пластинкалы комплекстер, центросома, микротүтікшелер мен пластидтер
жатады.
Эндоплазмалық тор жануарлар мен өсімдіктер жасушасында орналасқан.
Мембраналар жүйесін құрайды. Ол жасуша ішіндегі алмасуды қамтамасыз
етеді. Тордың сыртында рибосомалар орналасқан бөлігін гранулярлы, ал
рибосомалар жоғын – агранулярлы – липидтер метаболизмінде жəне
гликогеннің синтезі мен ерітуде қызмет атқарады. Бауырда ол ауру тудырушы
заттар мен канцерогенді заттарды залалсыздандырады.
Рибосома – 15-20 нм болатын рибонуклеопротеиндердің түйіршігі. Ол 2
суббірліктен тұрады: үлкен жəне кіші. Рибосома қызметі – белок синтездеу.
Белок негізінде бір емес, бірнеше рибосомалар тобында (полисома)
синтезделінеді. Олар ақпаратты РНК мен байланысқан.
Лизосома – (гр. lisis – еріту, soma – дене) диаметрі 0,2-1 мкм болатын шар
тəрізді құрылымдар. Лизосома жасушаға енетін күрделі жасушалық


48
құрылымдарды бұзатын ферменттерден тұрады. Сонымен, жасушаға түскен
заттар ферменттердің көмегімен ақуыз жəне т.б. заттар синтезіне дайындалады.
Лизосомада микроорганизмдер мен вирустар ерітіледі. 4 негізгі
лизосомалар формаларын ажыратады: біріншілікті, екіншілікті лизосомалар,
аутофагосомалар жəне қалған денелер.
Митохондрия (гр. mitos – жіп, chondros – түйіршік) демек бұл органеллалар
микроскопта жіп тəрізді болып көрінеді.сыртқы жəне ішкі мембранадан тұрады.
Сыртқысы – тегіс, ал ішкісінде өсінділер – кристалар, таралады. Оның
арасында сұйық зат – матрикс болады. Кристалар мен матрикс құрамына 50-ден
аса тыныс алу ферменттері кіреді. Олардың құрамында ДНК, РНК, белоктар,
майлар, витаминдер болады. Қызметі – АТФ түзу. АТФ ыдырағанда энергия
бөлініп шығады.
Гольджи аппараты. Ол қапшықтардан, түтікшелерден, вакуольден,
көпіршіктерден тұрады. Секрет қызмет бөлігінен липидтерді түзу, жинау,
көмірсуларды синтездеп, лизосомаларды бөліп шығаруға қатысады.
Центросома (клетка орталығы). Ол 2 ұсақ денешіктерден тұрады. Осы 2
денешік центриольдер деп аталады. Олар əдетте жұп болып келеді. пішіні
цилиндр тəрізді, ұзындығы 500 нм. Қызметі – жасушаның бөлінуіне жəне
қозғалуына қатысады.
Микротүтікшелер (диаметрі 25 нм) жəне микрофибриллалар (диаметрі 10
нм). Бұлар жасуша цитоқаңқасын құрайтын формалар. Микрофибриллалар
ақуызы ұлпаларда əртүрлі. Эпителийде – кератин, фибробластарда – виментин,
бұлшық етте десмин жəне скелетин болып келеді. микрофиламиндер негізінен
актин белогынан тұратын, диаметрі 6 нм құрылымдар.
Пластидтер – тек өсімдіктер жасушасына тəн органеллалар. Пластидтер
репродукциясы ондағы ДНК бақылауында болады. Пластидтер көк-жасыл
балдырлардан пайда болған жəне де біріншілікті эукариот жасушасымен
симбионтты болған деген болжам бар.
Плазмолемма немесе сыртқы мембрана жасушаны сыртқы қолайсыз
жағдайлардан қорғайды. Ол жасуша мен сыртқы орта арасындағы зат алмасуды
атқарады. Ол ешқашан тыныштық күйде болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет