34
Metazoa. Metazoa типіне күрделі көп клеткалы
гетеротрофты жануарлар
жатады. Бұл жануарлардың денесіндегі ұқсас клеткалар белгілі бір қызметтерді
атқаруға бейімделе отырып, ұлпа түзу арқылы бірігеді. Ұлпалардың əр түрлері
түзілуі мүмкін, олардың əр қайсысы өз қызметтерін атқарады. Ұлпалардың əр
түрінің түзілу процесі дифференцировка деп аталады; бұл өзінше организмдегі
еңбектің бөлінуі болып саналады. Дифференцировка организм үшін аса қажет.
Себебі, ұлпалар жеке клеткаларда арнайы қызмет атқарады.
Coelenterata типі (ішекқуыстылар).
Сипатты белгілері:
1. Қос қабатты көп клеткалы жануарлар: дене
қабырғасы клетканың екі
қабатынан тұрады – сыртқы (эктодерма) жəне ішкі (энтодерма); бұл
қабаттар мезоглейлермен бөлініп тұрады, құрылымы жоқ, желе
тəріздес қабат, бұл жерде басқа қабаттан
көшкен клеткалар болуы
мүкін.
2. Ұлпалары пайда болды.
3. Денесі бір қуыстан (гастралді қуысқа сəйкес); алғашында –
ойыстанған, екіншісі – дөңес (шығыңқы).
4. Азығын жұтуға жəне экскрецияға арналған бір ғана тесігі болады.
5. Денесі радиусты симметриялы болып келген.
6. Əдетте жабысқақ пішінді – полиптер, бір немсе колониялы болуы
мүмкін; еркін жүзетін медузалар.
7. Жүйке жүйесі жүйке клеткаларын түзген тор түрінде болады.
8. Көбеюі жыныстық емес, бүршіктену арқылы көбейеді.
9. Жыныстық көбею кезінде ерекше дернəсіл қалыптасады – планула.
10.Полиморфизм
айқын білінеді, бірақ əр түрлі түрлерде медузоидты
жəне гидроидты формаларының редукциясы жүруі мүмкін.
11.Кластары: Hydrozoa класы;
Scyphozoa класы; Anthozoa класы.
Достарыңызбен бөлісу: