Бир бойынша сүйекті-пластикалық ампутация
Бұл операцияда да басқа операциялар сияқты толық асептиканы сақтауды талап етеді.
Теріні тіл тәрізді ұзындығы балтырдың көлеміне тең, сүйек кесілген деңгейге жиырылуына 2 см қосып, оның ішкі жиегі tibiae-ның артқы-ішкі жиегінен 3 см ішкері, ал сыртқы жиегі-crista tibiae-дан 3 см ішкері етіп кеседі. 2. кесінді екі жағынан асықты жіліктің алдыңғы –ішкі қырына дейін кесіп алады. 3. Доғалы арамен шетінен бастап ортасына қарай сүйек жапырақшасын қалыңдығы 0,2 см және ұзындығы 6 см етіп аралайды. 4. Кесілген жердегі саңлауға қашауды енгізіп сүйек жапырақшасын абайлап сындырады. Оның неігізін бас бармақпен бекітеді. 5. Пайда болған тері-сүйек кесіндісін жоғары көтереді. 6. Негізінен 3-4 см төмен терінің артқы кесіндісін кеседі. Терінің жиырылған жерінен жұмсақ тканьдерді дөңгелек етіп кеседі және linteum bicissum көмегімен оны жоғары көтеріп қояды. 7. Кесілген жапырақшаның негізі деңгейінен балтыр сүйектерін аралайды, оның бөлігін Люэр қысқышымен тістелеп кеседі. Crisrae tibiae-ның өткір жиектерін тегістейді. 8. A. tibialis anterior, a. tibialis posterior және a. peronea-ні байлайды. Жүйкелерді бритвамен кесіп үзеді. 9. Сүйек жапырақшасы балтыр сүйегінің сынығына жабысып жататындай етіп тері-сүйек кесіндісін жауып және тігіп бекітеді. 10. Теріге тігіс салады.
Достарыңызбен бөлісу: |