"Қолжетімді тұрғын үй 2020" бағдарламасын бекіту туралы



бет10/13
Дата24.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
#18000
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЖТҚ салу


      Қазақстанда тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі негізгі үлесті (50 % - 60 % дейін) жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) алады.
      ЖТҚ-ны ынталандыру үшін мыналарды көздеу қажет:
      1) үйлерді жаңа технологиялар бойынша тұрғызу үшін жергілікті құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;
      2) ақ қабатты тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын тарату бойынша ЖАО-ның қызметін ұйымдастыру. Осы жобалар азаматтарға тегін берілуі тиіс;
      3) ЖТҚ-ға арналған алаңдар бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес алаптармен бөлінуге тиіс;
      4) ЖТҚ-ға бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс;
      5) ЖАО азаматтарға жер учаскелерін беру.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу


      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 N 286 қаулысымен.

      Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру мақсатында тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды, кварталішілік жолдар мен өтетін жерлерді, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы көшелерді, аулаішілік аумақтарды абаттандыруды қамтитын тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен (бұдан әрі – ИКИ) қамтамасыз ету қажет.


      ИКИ-ді жобалау, дамыту және салу, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан ИКИ-ді сатып алу жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жеке құрылыс салушылар құрылысының сметалық құны бойынша мемлекеттік сараптаманың тиісті оң қорытындысын алуға тиіс.

Серіктес қалаларда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салу


      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.09.2013 N 1022 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының басты мақсаты – елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту мен тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады. Еліміздің экономикалық әлеуетінің жартысы (47,2 %) төрт өңірде шоғырланған (Астана және Алматы қалаларында, Атырау және Қарағанды облыстарында). Өңірлер бөлінісінде көші-қонның оң сальдосы 2020 жылға қарай Астана (15,2 мың адам) және Алматы (13,4 мың адам) қалаларында көрініс табады. Болашақта Астана қаласы Қазақстанның ірі инновациялық және басқарушылық орталығы, іргелес облыстардың экономикалық белсенділігін топтастырған және елдің өзге аумақтары үшін «қозғаушы күшке» айналатын көшбасшы-қала ретінде қарастырылады. Алматы келешегінің әлеуеті оны бизнес жүргізуге, адамдардың өмір сүруі мен демалысы үшін орнықты инновациялық дамыған, озық технологиялы, қолайлы әлеуметтік және экологиялық ортасы қалыптасқан инфрақұрылымды қала ретінде орнын анықтауға мүмкіндік береді.


      Қазақстанның агломерациялық процестерін талдау Қазақстанның аса ірі қалаларының айналасында агломерациялардың құрыла бастағанын көрсетеді. Сонымен қатар, осы үш агломерация орталықтары үшін, әсіресе, Алматы қаласы үшін, халық санының бақылаудан тыс өсуін шектеу және дамудың жаңа қағидаттарына ауысу туралы мәселе өзекті болып табылады: қолайлы өмір сүру ортасын құруға негізделген. Сондықтан тұрақты кеңістікте даму принциптеріне ауысу қажет: аумақтарын кеңейтудің орнына қалалардың өсуі; орталық-қала мен оның экономикалық еңбекпен қамтылған өз алдына жеке орталықтарға айналатын қала маңы арасындағы функциялар мен маманданудың бөлінісі. Қала агломерацияларының артықшылықтарын пайдалануда олардың қала маңы аймақтарын қалыптастыру мен дамыту процестері үлкен маңызға ие.
      Белгіленген мақсатқа қол жеткізу жолдарының бірі Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан бастау алған Алматы және Астана қалаларының серіктес қалаларын дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру болып табылады.
      Алматы қаласының «G4 City» серіктес қалаларын дамыту тұжырымдамасының негізінде адам саны 300 мыңнан асатын халқы бар төрт серіктес қала құру қажет. Жобаны аяқтау кезінде осында жетекші қазақстандық және шетел компаниялары салатын 9 млн. шаршы метр тұрғын алаңдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
      Бірінші қала «Gate City» ұлттық және өңірлік деңгейдің іскер және қаржы орталығы ретінде болады, Алматы қаласының шегінен солтүстік бағытта халықаралық аэропорттан 8 километр қашықта орналасқан. Бұл аймақ көлік торабы және келешекте Алматы қаласы үшін жаңа қосалқы орталық болады. Екінші қала «Golden City» - мәдени ойын-сауық және білім беру орталығы. Үшінші қала «Growing City» логистка объектілері және ғылыми-өндірістік кешені бар ғылым және қазіргі заманғы технологиялары қаласы ретінде болады. Төртінші қала «Green City» – демалыс, ойын-сауық және туризм қаласы.
      Gate City» аумағында тұрғын үй құрылысына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды қаржыландыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. 2020 жылға дейінгі кезеңде бюджеттік қаражатқа қажеттілік 120 млрд. теңгені құрайды. Осы қаражат инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға, ондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жерді сатып алуға бағытталатын болады. Қалған серіктес қалалардың инженерлік коммуникацияларын салуға арналған шығындар айтарлықтай аз екенін ескерген жөн, себебі негізгі жабдықтау көздері (сумен, жылумен және энергиямен қамтамасыз ету, сондай-ақ тазарту құрылыстары) бірінші қалада шоғырланатын болады.
      «Gate City» құрылысының бірінші кезегі бойынша негізінен жеке инвесторлардың есебінен 650 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға беру көзделіп отыр.
      Алматы облысының Талғар ауданында үйлесімді сәулет ансамблі, дамыған инфрақұрылымы мен адамның жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдайларымен сапалы басқару жүйелері бар халықаралық стандарттың «Алтын Сай» серіктес қаласын салу (Құлжа трактысынан батысқа қарай Алматы қаласының Рысқұлов даңғылынан әуежайға баратын автомагистральды ортасында) жоспарланып отыр. Жалпы құрылыс салынатын жалпы алаң 2 млн. шаршы метрді құрайды, оның жоспарланған тұрғын үй қоры – 1,3 млн. шаршы метрді құрайды. Тұрақты тұратын халықтың саны 48,3 мың адамды құрайды. Жобаны іске асыру құны 230 млрд. теңге, бұл орайда инженерлік инфрақұрылымды салуға болжамды бюджеттік қаржыландыру сомасы 19,4 млрд. теңгені (8,4 %) құрайды, бұл Алматы қаласына жақын болғандықтан және қалалық магистральдық желілерге қосу мүмкіндігімен байланысты. 10 жыл ішінде 15 мың қазақстандық отбасыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Тұрғын үй салуға жеке инвесторлардың қаражаты, мемлекеттік кредиттер («ҚТҚЖБ» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй қарыздары) тартылатын болады. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады (коттедждік тұрғын үй).
      Бүгінгі таңда Астана қаласының қарқынды дамуына байланысты астанаға жақын орналасқан Ақмола облысы аудандарының дамуына ерекше талаптар туындап жатыр. Ерекше қала құрылысын реттеу аймағында орналасқан Целиноград ауданы Қосшы ауылының астана қаласына жақын орналасқандығы тұрғын үй құрылысы салу жағынан оны инвесторлар үшін тартымды етеді. Қосшы ауылының жобалау саны 70 мың тұрғынды құрайды. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы ауылын дамыту жөніндегі жобаның шеңберінде инженерлік инфрақұрылымның негізгі объектілерін салу аяқталды (қазандық, трансформаторлық кіші станция, тазарту құрылыстары). Үш жыл ішінде (2013 - 2015) сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау желілерін және жол инфрақұрылымын салу жөніндегі жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
      Қосшы ауылын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтауға, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға, тұрғын үй құрылысына жеке құрылыс салушыларды тартуға, тұру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет