"Қолжетімді тұрғын үй 2020" бағдарламасын бекіту туралы


ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй



бет6/13
Дата24.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
#18000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй


      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2013 № 560; 31.03.2014 N 286 қаулыларымен.

       Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі пәтерлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЖАО-да кезекте тұрғандарға беріледі.


      Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салу және сату тетігінің өзі мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жалға берілетін үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға және салуға және/немесе сатуға бюджет қаражатын бөледі;
      2) ЖАО жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөледі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, жалға берілетін үйлерді жобалайды және салады және (немесе) жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді (үйлерді) сатып алады, құрылыс жұмыстарының барысына және сапасына бақылау жасайды, салынған тұрғын үйлерді балансқа қабылдайды, жоғарыда көрсетілген санаттардағы азаматтарға пәтерлерді бөледі, жалдау ақысын өндіріп алады;
      3) жалдау төлемі түріндегі қаражат бюджетке қайтарылады.
      Жалға берілетін (коммуналдық) үйлер және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салған кезде ЖАО әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын тартуы мүмкін.
      Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы құнының өсуіне жол бермеу және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Агенттік Қазақстанның барлық өңірлері үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып, тұрғын үйлердің үлгі жобалары әзірленетін болады. Энергия үнемдеу шараларын қолдану жалға берілетін (коммуналдық) тұрған үйлерді күтіп-ұстауға арналған пайдалану шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының шеңберінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алу шартымен ғана (жекешелендіру құқығынсыз) тұрғын үй беру туралы мәселе қаралатын болады.
      Осы заң қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының қатарынан кезекте тұрғандар үшін жайлылығы 4-сыныпты, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салатын болады.

ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй


      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2013 № 560; 30.09.2013 N 1022 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1. Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй


      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2014 N 286 қаулысымен.

      Тұрғын үй құрылысының бұл бағыты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес басталған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту жұмыстары аясында әзірленген және 2011 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында іске асырылады.


      Көрсетілген 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруды талдау бұл тұрғын үйдің халық тарапынан сұранысқа ие екенін көрсетті. 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру басталғанда банктің 17 мыңға жуық салымшысы осы бағыт бойынша тұрғын үй сатып алуға ниет білдірсе, бүгінде 75 мың адамнан асып түсті. Сонымен қатар 2011- 2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында шамамен 10 мың пәтер (орташа – жыл сайын 2,5 мың пәтер) салу жоспарланып отыр. Бұл мұқтаждықтан 7,5 есе аз.
      Осыған орай осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жалғастырып қана қоймай, оны қаржыландыруды көбейту қажет.
      Тұрғын үйді ЖАО-ның салу және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асыру тетігі мынадай:
      1. ЖАО-ның жобалау, салу және/немесе дайын тұрғын үйді сатып алуды жүзеге асыруы үшін республикалық бюджеттен кредиттер беру. Жоба әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы іске асырылған жағдайда, ЖАО тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін ӘКК-ге бюджеттік кредит бөледі.
      2. ЖАО мен ҚТҚЖБ-ның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және іске асыру жобасының аясында ынтымақтастық бойынша ниеттері туралы келісімге қол қоюы.
      ЖАО және ҚТҚЖБ әрбір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй салу және іске асыру тәртібі бойынша ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды.
      ЖАО және ҚТҚЖБ тұрғын үйді сатып алу-сату, жалға алу шарттарының үлгі нысандарын келіседі.
      3. ҚТҚЖБ тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулдарын қалыптастырады және ІІ топтағы қатысушылар үшін пәтерлерді бөледі, ал ЖАО – І топтағы қатысушылар үшін қалыптастырады және бөледі.
      4. Пулға қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуы мынадай бағыттар бойынша:
      1) тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен;
      2) тұрғын үй қарыздары, жиналған тұрғын үй құрылыс жинақтары мен меншікті қаражат есебінен кейін сатып ала отырып, тұрғын үйді жалдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалдаудың ең ұзақ мерзімі тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық болмауға тиіс.
      5. ЖАО-ның тұрғын үй құрылысын және оны пайдалануға берілуін қамтамасыз етуі.
      6. ЖАО-ның тұрғын үй сатып алатын сатып алушылар пулына қатысушылармен пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасауы немесе тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзімі аяқталған соң тұрғын үйді сатып алуды көздеп отырған пулға қатысушылармен кейіннен сатып ала отырып жалдау шарттарын жасауы.
      7. Бөлінген пәтерлерді сатып алу үшін ҚТҚЖБ-ның пулға қатысушыларға қарыздар беруі.
      Пулға қатысушы кепілді қамтамасыз ету ретінде сатып алынған пәтерді ҚТҚЖБ-ға береді.
      ҚТҚЖБ сатып алушылар пулына қатысушылардың қарыздары мен жинақтарының және меншікті қаражатының сомасын ЖАО-ға сатып алынатын пәтер төлеміне есебіне аударады.
      8. ЖАО-ның бюджеттік кредитті өтеуі.
      Құрылыс кезінде сатып алушылар пулына қатысушылардың өкілі ретінде ҚТҚЖБ тұрғын үйдің әрбір объектісі құрылысының барысын мониторингілеуді жүзеге асырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖАО салынған тұрғын үй объектісінің, пайдалануға қабылдауға қатысу үшін тұрғын үй объектісі пайдалануға беруге дайын екендігі туралы ҚТҚЖБ-ға жазбаша хабарлайды.
      Тұрғын үй объектісі пайдалануға берілгеннен кейін:
      ЖАО ҚТҚЖБ берген әрбір тұрғын үй объектісі бойынша пул қатысушыларының тізімі негізінде сатып алу-сату (не тұрғын үйді жалдау) шарттарын жасайды, Бағдарлама қатысушысының қаражаты есебінен тұрғын үйге меншік құқығын рәсімдеу мен тіркеуді жүзеге асырады.
      Осы схеманы практика жүзінде іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жеткізілген жер учаскелерін бөлуге тиіс.
      Осы схема халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттырады.
      Тетіктің басты артықшылығы – тұрғын үй сатып алуды мемлекет қаржыландыруының қажет болмауы. Тұрғын үйді сатып алу салымшылардың жиналған тұрғын үй құрылыс жинақтарының, меншікті қаражаттың және «ҚТҚЖБ» АҚ беретін тұрғын үй қарыздарының есебінен жүргізіледі.
      Пулдарды қалыптастыру, тұрғын үйді бөлу және сатып алу тәртібін ҚТҚЖБ басқару органы айқындайды.
      Тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді жалдау пулын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар:
      «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінің 8-тармағы 2) тармақшасының, 9, 11-тармақтарының және ішкі құжаттардың талаптарын ескере отырып, ІІ топтағы Бағдарламаға қатысушылар қатарынан тұрғын үй сатып алушылардың және кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдаушылардың пулдарын қалыптастырады.
      ЖАО-мен жасалған келісімде көрсетілген құрылыстың аяқталған күніне дейін 6 (алты) айдан кейінгі мерзімде пулдарды қалыптастыра отырып, іс-шараларды жүзеге асырады.
      ҚТҚЖБ бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн туралы хабарландыру жариялайды.
      Пулдарды қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар:
      1) тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылардың пулдары ҚТҚЖБ салымшылары қатарынан Бағдарламаға қатысуға олардың өтініштерінің негізінде қалыптастырылады;
      2) пулдарды қалыптастырған кезде пулға қосудың басым құқығына мынадай көрсеткіштерді ескере отырып, ең көп балл жинаған ҚТҚЖБ салымшылары ие болады: бағалау көрсеткішінің мәні (шамасы), тұрғын үй құрылыс жинақтарының ең төменгі қажетті көлемін жинақтау, тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау мерзімі. Балдарды есептеу өтініш берушілердің пулдарға қатысуға өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күніндегі жағдай бойынша жасалады;
      3) балдарды есептегеннен кейін ҚТҚЖБ Бағдарламаға қатысушының «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінің 4-тармағының, 6-тармағы 1) тармақшасының, 7-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      Бағдарламаға қатысушылар «ҚТҚЖБ желісі бойынша», «ҚИК» ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінің 5-тармағына сәйкес құжаттарды, сондай-ақ ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарына сәйкес өзге құжаттарды ұсынады;
      4) пулға енгізу үшін қатысушылар арасындағы басымдық мынадай ретпен анықталады:
      ҚТҚЖБ қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен тұрғын үйді сатып алушылар;
      кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылар.
      Осы тармақта айқындалған топтар ішінде пулдарға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу кезінде таңдау басымдығы пулдарды қалыптастыру кезінде жинаған балл санымен айқындалады.
      ҚТҚЖБ қарыздары, Бағдарламаға қатысушылардың меншікті қаражаты және жинақталған жинақтары сомаларының арақатынасы ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.
      Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берудің ерекшелігі:
      1. ЖАО жүргізілген іріктеулердің негізінде І және ІІ топтар арасынан жалдаушылардың тізімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады.
      ҚТҚЖБ ЖАО-ға ІІ топ бойынша жалдаушылардың тізімдерін жібереді.
      2. ЖАО Бағдарламаға қатысушылармен шарт жасайды, оның ішінде төмендегілер көзделеді:
      1) жалдаушылардың Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалдамалы үйлерден алынатын жалдық төлемді есептеу әдістемесіне сәйкес ЖАО белгілеген, бірақ 8 жылдан аспайтын кезеңге 1 ш.м. үшін 100 теңгеден артық емес жалдық төлемді төлеуі;
      2) коммуналдық қызметтерді төлеу: электр қуаты, су, жылу, тұрғын үй күтіміне мақсатты шығыстар және т.б.;
      3) тұрғын үй құрылыс жинақ шартында белгіленген жинақтау мерзімі ішінде тұрғын үй құрылыс жинағына жарналар жинақтау міндеттемесі (жалдамалы тұрғын үй сатып алу үшін жинақ жинақтаудың ең төменгі мерзімі – тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық емес);
      4) ҚТҚЖБ-дан 3 ай бойы тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналарды жинақтау бойынша төлемдердің болмауы туралы ақпарат түскен кезде ЖАО-ның жалдаушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілген тұрғын үйден шығару тәртібі.
      Бұл жағдайда ЖАО жалға алушыны пәтерден шығарады.
      Жалдаушы шарттық міндеттерін орындамаған не ол ерікті түрде шыққан кезде ҚТҚЖБ ЖАО-ға оның жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін жалдаушы жинақтаған тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және/немесе кепілдік жарнадан өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде жинақ жинақтаудың стандартты шарттарымен есептелген салымға ай сайынғы жарна көлемінің бір еселенген мөлшерінде есептеледі.
      ЖАО жалдаушыны тұрғын үйден шығару не оның шығуы туралы, оның ішінде өтемақыны ЖАО-ға аудару үшін тұрған ай саны туралы ақпаратты ҚТҚЖБ-ға береді;
      5) жалдамалы тұрғын үйде тұру тәртібі мен талаптары және т.б.
      Жалдау шартының және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын орындамағаны үшін Бағдарламаға қатысушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару рәсімін ЖАО жүзеге асырады.
      ЖАО жасалған жалдау шарттарының көшірмелерін Банкке береді.
      3. ҚТҚЖБ-ның Бағдарлама қатысушыларымен кейін сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдау, жарналар жинақтау бойынша төлемдер жасалмаған жағдайда, жалға алушыдан тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау бойынша 6 еселік ай сайынғы жарна көлемінде кепілді жарна қабылдау талаптарын қамтитын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына қосымша келісімдер жасау.
      Бағдарламаға қатысушыда кепілдік жарна мөлшеріне тең не одан артық мөлшерде жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасы болған жағдайда, кепілдік жарнаны төлеу талап етілмейді.
      4. Жалға алушының пәтерге кіруі, жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартына сай тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтауды жүзеге асыруы.
      5. Алдыңғы жалдаушының шарт міндеттемелерін орындамағанына не оның ерікті түрде шығуына байланысты кейінгі жалдаушыны іріктеу «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және ЖАО-ның тұрғын үй салуына қойылатын талаптар» кіші бөлімінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Кейінгі жалдаушы үшін тұрғын үйдің құнын ЖАО алдыңғы жалдаушының нақты тұрғаны үшін алынған өтемақының мөлшеріне азайтады.
      6. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау мерзімінің аяқталуына және жалдамалы тұрғын үйді сатып алу мақсатында тұрғын үй қарызын алу талаптарына қарай жалдамалы тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын жасау үшін ҚТҚЖБ ЖАО-ға тізімдер жіберуі.
      7. ЖАО Бағдарламаға қатысушылармен сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуі және қол қоюы, банктік қарыз және кепіл шарттарын рәсімдеу үшін оларды ҚТҚЖБ-ге беруі.
      8. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес 15 жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй қарыздарын беру.
      Сатып алынатын жалдамалы тұрғын үй Банкке кепілге беріледі.
      Тұрғын үй қарыздарын алу үшін негізгі өлшемдер:
      1) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңының нормаларын, қарыз алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының талаптарын және ҚТҚЖБ ішкі нормативтік құжаттарын орындау;
      2) ҚТҚЖБ талаптарына сай қарызға қызмет көрсету үшін төлем қабілеттілігін растау;
      3) ҚТҚЖБ ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кепілзаттық қамтамасыз етуді беру.
      Бағыт бойынша Бағдарламаны (тұрғын үйді кейіннен сатып алумен жалға алу) жүзеге асыру 2013 жылдан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет