Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет9/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
toponimkaz

Нұрақ – Балқаш көлінің оңтүстігінде созылып жатқан төбенің аты. Көне: нұра + қ 
(кішірейткіш өлі жұрнақ) – «кішкене қыр» мәнін береді. 
Өгізарал – Балқаш көліндегі аралдың аты. Этим.: көне түр. үгүз («өзен су») және 
арал сөздерінен қалыптасқан атау. 
Саран – қала аты. Қаз. сораң (обл.) «сортаң жер» мағынасындағы атау. 
 
Сарыарқа – Қазақтың 
ұсақ 
шоқылығы 
атты 
өлке. 
Батыстан 
шығысына қарай қашықтығы 1200 км., 
ені 250 км. Батысы кең жазира құба жон, 
ұланғайыр жазық келіп, биіктеу жерінде 
бой көтерген Ұлытау (биіктігі 1133 м.) 
мен Көкшетау жоталары (биік. 947 м.), 
орта шенінде Қарқаралы тауы (1403 м-ге 
дейін), 
асқақ 
таулары 
Қызылтас 
(Ақсораң 1565 м.) және Шыңғыстау 
жотасы (1469 м.) көзге ерекше түседі.
Сарыарқаға Қарағанды, Астана, 
облыстарының жері толықтай, Көкшетау, 
Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының 
территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігіне орналасқан. Сондықтан да жергілікті 
халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Арқа, Сарыарқа атауының 
мән-мағынасы жайлы А.Әбдірахманов, Е.Қойшыбаев, Н.Баяндин, А.Сейдімбеков пікірлері 
ғылыми тұрғыдан дұрыс қолдау тапты. Сарыарқа сөзімен құрамдасып келген атаулар, сөз 
тіркестері тілімізде тек түсті ғана білдірмейді, «кең», «мол», «үлкен» деген мағыналарда 
қолданылады. 
Сарыарқа (Жезқазған өңірі) 
Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де 
үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді. 
Сарысу – Қарағанды және Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы өзен. Ұзындығы 
800 км., басс. алыбы 83,6 мың км2. Сары даланы бойлай ағады да, Бетпақдала шөлейтіні 
сіңіп кетеді. Жоғарғы және төменгі ағыстары шілдеден қаңтарға дейін құрғап қалады. 
Негізінен ішуге және жер суландыруға пайдаланады. Атаудың Сарысу аталуы оның 
суының молдығы мен ұзақ жерге ағуына байланысты болса керек. Топонимдер 
құрамындағы сары сөзі негізгі (түр, түс мағынасынан бөлек) «үлкен, ірі, зор» мәнінде 
қолданылатыны белгілі. Осыған ден қойсақ, Сарысу «үлкен, ірі өзен» деген мағынаға 
толық сай келетіндей. 


12 
Сарышаған – сулы мекен аты, жұмысшы кенті. ТүрСары және шаған сөздерінен 
құралған атау. «Шаған» өсімдіктері мол жер мәніндегі атау. Көне түр. және монғ
тілдерінде: шаған>сақан>цахан – өсімдік аттары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет