Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет11/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
toponimkaz

Ақтоғай ауданы 
Ақтоғай – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы село аты. «Ақтоғай» атауының 
бірінші сыңарындағы «ақ» сөзі топонимдер құрамында келгенде «таза, мөлдір, тұнық» 
және «кең, үлкен» деген мағынаға ие екендігі көп айтылады. Ал «тоғай» сөзін талдау 
барысында, оның Орта Азия, Қазақстан, Кавказ, Оңтүстік Орал, Оңтүстік Сібір, Еділдің 
төменгі ағысындағы халықтар тілдерінде кеңінен қолданылатыны, бірақ әртүрлі мағынаға 
ие екендігі сөздіктерде анық көрсетілген. Бірақта: «Қазақ тілі нормасына келтіргенде, бұл 
сөздің төлеуі, жобамен, «сай-сала» немесе екі арна мәндес ұғым береді», – деген пікірмен 
келісуге болмайды (Қойшыбаев, 1985, 37). В.В.Радловтың сөздігінде (1905, 3 т.) тогай, 
тогаі, токоі, токаі, токкаі тұлғаларында беріліп, «шалғын», «орманды алқап», «ағаштар 
мен бұталар қалың өскен өзен… арал не жарты арал», «өзен түбектеріндегі қалың ағаш» 
деген мағыналарға ие екендігін көрсетілген (Э.Мурзаев, 1984, 562). Қалайда «тоғай» – 
географиялық термин ретінде түркі тілдерінде ерте заманнан қолданып келе жатқан 
лексема. Ол түркі тілдерінен орыс әдеби тіліне де еніп, тугай тұлғасында жиі қолданысқа 
түседі. 
Демек, республикамыздың көптеген облыстарында ұшырасатын «Ақтоғай» атауы 
«су, өзен жағасындағы шағын орман» мәніне ие деп қарауға болады. 
Ахметеспе – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы өзен. Араб тілінде Ахмет 
«мақтаулы», «мақтауға тұрарлық» дегенді білдіреді, ол Мұхаммедтің қосалқы аты. Ал 
атаудың құрамындағы еспе сөзі – халықтық географиялық термин. Ол екі түрлі мағынада 
жұмсалады. Біріншісі – белгілі бір мерзімде ғана су ағатын, көктем кезінде қатты тасып, 
арнасып орып, жуып кететін, соңынан кеуіп қалатын өзенді білдіреді, ал екіншісі – үстірт 
жақта онша терең емес құдықты айтады. 
Бегазы – тау, елді мекен, Ақтоғай ауд., Қарағанды обл. Академик Ә.Марғуланның 
айтуынша, «Бегазы» атауы көне түркі тіліндегі «биік» деген екі сөздің бірігуінен жасалған. 


14 
Мұндағы «биік» деген сөзі дыбыстың құбылуымен «бек», «бегі» болып өзгерген. Ал 
«аз» сөзі сол жерде мекен еткен тайпаның аты». 
Біздің байқауымызша, тіліміздегі «биік» сөзі 
көне түркі тіліндегі begik (Древнетюркский 
словарь, 1969, 91) сөзінен өзгеріп қалыптасқан. Ол 
сөз әзербайжанша boiuk – «үлкен, ұлы, зор»; 
түркм. beguk – «жота, төбе», «құм жоталарының 
қыры, биігі»; тува beguk – “тау”; хак. позак – 
“биіктік”, “биік”; қырғ. бийк – “жоғары”, “биік”; 
түрік. bмәнге ие. (Мурзаев, 1984, 78). 
Бұл нақтылы дәлелдерге қарағанда, «Бегазы» 
топонимінің бег компоненті (сыңары) – «биік», 
«үлкен», «зор» деген мағына білдіретіні анықтала түседі. Ал оның екінші сыңарындағы 
«азы» көне түркі этнонимі «аз» <(һаз) дегенге жанаспайтын сияқты. Өйткені көне түркі 
тілдерінде, тіптен қазіргі шығыс түркі тілдерінде (алтай, хакас, тува) «азых» – «асу», 
«бел», «ашық алаңқай», «кең дала», «алқап» деген мағынаға ие. Демек, Бегазы 
топонимінің екінші сыңарындағы «азы» сол «азых» сөзінің соңғы х (ғ) дыбысын түсіріп, 
қысқарған түрі деп білеміз. Олай болса, «Бегазы» топонимінің толық мағынасы: «биік, асу 
үлкен тау». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет