Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет6/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
toponimkaz

Жауыртау – атауын халық аңыздарында жиі кездестіреміз. Бұл атау туралы көнекөз 
қариялардың айтуынша: «Айбас Қозының ел-жұртын іздеуге шығып, астындағы атының 
одан әрі жүруге жарамай, жауыр болып қалған жері, қазіргі Теміртау маңайы болса керек, 
содан Жауыртау атанған еді», – дейді. 
Теміртау қаласының солтүстік жағында жауыр аттың иығы секілді айғыздалып 
жатқандығы үшін Жауыртау деп атап кеткен кішігірім шоқы бар. Атадан балаға ауысып 
отыратын халық аңызы Жауыртау деген атауды «Қозы-Көрпеш–Баян-сұлу» жырымен 
сабақтастырады. Ол жырда былайша суреттеледі: 
«Жауыр атты сен жүрсің, жаба тоқып, 
Көктайың жауыр қылған соған орай!..» 
Кәдуелгі «жетпіс жыл баққан малының жеті жапырақ етін тісіне басуға қимайтын» – 
Қарабай әкесі өлген Қозыны қомсынып қаша көшетін аңыз бар. Ұзақ көш жолында қырық 
нары арып өліп, Қарабайға Аякөзге келгенде ноғайлы Шақшақ байдың баласы Қодар 
Баянға ғашық болады ғой. Кешікпей-ақ тоқсан мырзасын жалшылыққа берген Қодар 
Қарабаймен әмпей болып алады. Сонда әбден шарасы таусылған Баян Айбас деген жігітті 
қанатты қара биеден туған Бақа айғырға мінгізіп, алыста қалған ғашығы Қозыға жібереді. 
Сәлемдеме деп алтын сандыққа домбрасы мен моншағын, басындағы қарқара қадаған 
топысын салып берген екен. 
Қарабайдың қырық нарын жалмаған ұзақ жол Айбастың арғымағына да оңай тимепті. 
Шексіз-шетсіз сары дала Айбастың өзін де, астындағы тоқпақ жал Бақа айғырды да 
титықтатса керек. Алайда қаншалықты қалжырап, қажыса да Айбас Баянның өтінішін 
орындау үшін Қозы Көрпештің елін бетке алып жүре берсе керек. Бірақ, амал қанша, елсіз-
күнсіз сары дала астындағы аттың титығына жетіп, бір жерлерге келгенде болдырып, 
тоқырап тұрып қалыпты. Айбас алған бетінен сонда да қайтпайды. Бақа айғырды 
Тоқырауын бойының сонысына тынықтырып алып, тағы да жүріп кетеді ғой. Ай жүреді, 
апта жүреді, бір жерлерге келгенде мінген атынын тұяғы сөгіліп, арқасы ошақтай жауыр 
болып, мүлдем міністен қалған екен. Осынау жауыр аттың қалған жері содан бері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет