Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к



Pdf көрінісі
бет2/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
toponimkaz

Өлкенің жер-су аттары 
Топонимика – географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. 
Топономика гректің topos – орын + опума – есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, 
құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, 
орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-
жақты зерттейді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар. 
«Дүниеде әрбір бөлек жердің аты, 
Себеппен қойған бәрі елдің аты», – деп белгілі ақын С.Сейфуллин нақ туып айтса, 
атақты М.Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай 
қоя білген жұрт. Кайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене 
бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», – деп орынды 
нақты суреттеген. 
Демек, топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп 
тұрады деген сөз. Мұның өзі белгіл бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен 
ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына 
дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Қарағанды облысының топонимдері де республикамыздың басқа өңірінің топонимдері 
сияқты белгілі бір мерзім, кезеңнің ғана емес, сан мыңдаған жылдардың, тұтас бір дәуірдің 
жемісі. Сондықтан да олар қоғам өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты. Олардың 
құрамында да әр дәуірді, әрбір кезеңдерде Қазақстанды, Қарағанды облысыны мекендеген 
әралуан елдің тілі мен сөзінен қойылған географиялық атаулар саны көптеп кездеседі. Облыс 
топонимдерінің бір тобы көне заман, ескі тарихымызбен тығыз байланысты боп келсе, екінші 
бір басым тобы Кеңес өкіметі тұсында пайда болған, социалистік дәуірдегі және одан кейінгі 
өзгерістердің айқын куәсі болып табылады. 
Қарағанды облысы республикамыздың орталық аймағында орналасқан. Қазіргі уақытта 
облыс 428 мың шаршы километр жерді алып жатыр, бұл республикамыздағы ең үлкен аймақ. 
Әкімшілік-территориялық құрылым өзгертілгеннен кейін бұл территорияда 9 ауыл 
шаруашылық аудан мен 11 қала, 39 жұмысшы поселкесі мен 171 селолық округ бар. 
Облыстағы әрбір топоним белгілі бір мағынаға, алуан түрлі құбылысқа ие, семантикасы 
жағынан жеке объектілерді атайтын жалқы есімдердің ерекше тобына тән. Әрбір 
географиялық атау тарихи, әрі, оның мағыналық өрісі де кең. Олар замана құбылысына, 
өзгерісіне қарай әр түрлі мағлұматқа: түрлі соғыстар, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана
халықтардың қарым-қатынасына және т.б. тарихи оқиғаларға бай. 
Топонимдер құрамына енетін апеллятивтер объектінің табиғи ерекшеліктерін айқын 
көрсетеді (жер бедері, өсімдіктер, топырақ т.б.) сонымен қатар этноним мен 
антротопонимдерден жасалған топонимдердің де құрамы мол. Бұл топтағы атаулар осы 
өңірдің этногенезінен толық хабар береді. Олардың кейбіреулері ұзақ уақыт қолданылу 
нәтижесінде көнеленіп, географиялық атау ретінде қойылу себептері ескіріп, ұмыт болған. 
Облыс топонимдерінің стратиграфиясы олардың құрамында бірнеше тілдік қабаттардың 
барын көрсетеді. Аталған өңір топонимдерінің шығу, пайда болу, қойылуында жергілікті 
халықтың тарихы мен оның ғасырлар бойғы тірлік-тынысы, әдет-ғұрып, салт-санасы ана 
тілімен тығыз бірлікте дамыған. Ондай атаулар көптеген ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа 
ауысып, тарихи жалғасын тауып келеді. Мұның бәрі түрлі тілдік қабаттан тұратын, шығуы, 
пайда болуы жағынан әртүрлі дәуірлерге тән топонимдерді бойында берік сақтап отырған. 
Олардың ішінде басты, негізгі топонимдер – ана тіліміздің негізінде жасалған атаулар. 
Дегенмен көршілес, кейбір шалғай жатқан елдермен арадағы тарихи-әлеуметтік, діни 
қатынастар барысында пайда болған басқа тілдік топонимдер тобы да жоқ емес. 
Қарағанды 
өңірі 
топонимдерін 
жалпы 
құрамы 
жағынан 
А.Әбдірахманов 
классификациясына сүйене отырып А.Жартыбаев өзінің «Қарағанды өңірі топонимдерінің 
мағыналық және құрылымдық сипаттары» атты еңбегінде: 1. Түркі тілдік топонимдік 


5
қабаттар. 2. Басқа тілдерден енген тілдік қабаттар деп бөлген. Түркі тілдік қабатты: 1. Көне 
түркі тілдік қабаттастық; 2. Қазақ тіліне тән қабаттастық деп екі салаға жіктеген. Ал, басқа 
тілдерден енген қабаттарды: 1. Араб-иран; 2. Монғол (қалмақ); 3. Орыс тіліне тән қабаттастық 
деп бөлген. 
Көне түркі тіліне тән қабаттастықтар тобына Қарқаралы, Доғалаң, Тарықтас, Айрық, 
Босаға, Өлеңті т.б. атауларды жатқызуға болады. Бұл топтағы атаулар құрамындағы 
түбірлердің түркі-монғол тіл бірлестігі дәуіріне тән екендігін байқауға болады. Дегенмен бұл 
қабаттағы атаулар қазақ тіліне тән қабаттағы топонимдерге қарағанда тым аз. 
Облыс өңіріндегі атаулар құрамында араб, иран тілінен енген топтардың басым көпшілігі 
антротопонимдер. Мыс.: Арун, Аппаз, Жұман, Мұса, Разақ, т.б. Иран, Анар, Мырза, Нияз, 
Жақан, т.б. Иран тілінен енген топонимдер араб тілінен ауысқан сөздерге қарағанда көнелеу. 
Өйткені түркі тілдеріне иранизмнің ертерек енгені тарихтан белгілі. Және де иран тіліне 
тән кейбір географиялық терминдер де облыс топонимдерді құрамында кездеседі. Мыс.: Дара, 
Дарабұлақ, Кент, Қызылкент. 
Монғол тіліне қатысты атауларды 1. Түркі-монғол тіл бірлестігі (алтай дәуірі) 
заманындағы, 2. ХІІ ғасырдағы монғол шапқыншылығынан кейінгі енген, яғни, монғол 
тіліндегі атаулар деп бөле қарастыруымызға екі ел арасындағы тіл тұтастығы мен тарихи 
әлеуметтік жағдайлар негіз болды. Алғашқы бөліктегі атауларға тіл бірлестігі, мағыналық 
сәйкестік негіз болса, кейінгі топқа монғол қолбасшылары есімдерімен қойылған 
топоноимдер жатады. Мыс.: Жошы, Шонай, Дабы. Мақан т.б. Ал, Долағай, Шиш, Шаған, 
Баятар т.б. секілді атаулардың тілімізге монғол тілінен түрлі фонетикалық өзгерістерге 
ұшырау барысында ауысқанын байқауға болады. 
Қазақ халқының Ресеймен XVI ғасырдың басында басталған экономикалық, сауда-
саттық, саяси байланыстары, екі елдің лексикасында да өз ізін қалдырды. Сол кездерден 
басталып, күні бүгінге дейін тілімізге енген орыс сөздері облыс топонимдері құрамынан да 
мол көрініс береді. Э.М.Мурзаев славян топонимдерінің Орта Азия мен Қазақстан 
топонимиясының құрамына ену жолдарын төмендегіше көрсетеді: 
а) Отаршылық саясатпен әкімшілік түрде қойылған атаулар /облыста Карбышевка – 
алғашқы станица атаманы: Спасск, Севан, Стан т.б. / 
б) Ресей және Украина жерлерінен шаруалардың көшіп келуіне байланысты атаулар. 
Мысалы: Киевка – 1898 ж. Самарка – 1904; Озерное – 1909; Ивановка – 1900; Покорное – 1907 
және т.б. Облыс жеріне осылайша ене бастаған орыс /славян/ топонимдері Ұлы Октябрь 
революциясынан кейінгі саяси-әлуеметтік, тарихи жағдайларға байланысты жедел қарқынмен 
дами түскен. Дегенмен аталған өңірдегі орыс топонимдері қара қоңыр топырақты. Егін 
шаруашылығына ыңғайлы аудандарда мол ұшырасқанымен, таза мал /аздап егін/ 
шаруашылығымен айналысатын бұрынғы Теңіз, Егіндібұлақ, қазіргі Қарқаралы аудандарында 
мүлде кездеспейді деуге болады. 
Қазіргі Қарағанды облысы жер-су аттарының жүйесі республикамыздың басқа өңіріндегі 
жер-су аттарының жүйесі сияқты ғасырлар бойы қалыптасқан. 
Нұра орталық кітапханасы ауданының топонимдері туралы қызықты материал 
жинақтаған. Өз ауданының географиялық атауларын іздеп табуға әрбір өлкетанушы-
кітапханашының қолынан келеді. Біздің кейінгі ұрпақтың мақтанышы болу үшін өлке 
топонимдерін жинап сақтап қалу өте қажет. 
Өлке топонимдерін жаппай жинап, ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы мектеп 
оқушылары мен қалың көпшіліктің туған жер туралы білім дәрежесін арттыруға да қажет. 
Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-
мағынасын ашу, әсіресе, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін 
күшейтпек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет