Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте


жыл – Жұбан Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасы. 2011 жыл –



бет31/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Кітапшалар

2010 жыл – Жұбан Молдағалиевтің «Мен -
қазақпын» поэмасы.


2011 жыл – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек»
романы.


2012 жыл – Оралхан Бөкейдің «Қайдасың қасқа
құлыным» прозасы.


2013 жыл – Фариза Оңғарсынованың «Дауа»
лирикалық жыр кітабы.


2014 жыл - С.Мұратбековтың «Жусан иісі»
және «Басында Үшқараның» атты шығармалары.

11

«Бір ел – бір кітап»акциясы -2014
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармаларын оқимыз.

4
«Сайын Мұратбеков шығармашылығындағы шынайылығы, өмірсүйгіштік қуаты арқылы бұл көркемдік тенденцияның қоғам тынысын әсіресе жарқын тұстарынан барынша жан-жақты бейнелеу талаптарын жүзеге асырудағы елеулі үлесіне күмән тудырмайды. Ол роман жазған жоқ. Оның романы - әңгімелері. Ал әңгімелері мәңгілік даңқтың иелігіне шақыру алған. Қаламгер бақыты сондай-ақ болсын...».
Бақытжан Майтанов 
Ақынның өмір деректері
Сайын Мұратбеков (1936-2007) 1936 жылы 15 қазанда Алматы облысы Қапал ауданының Қоңыр ауылында туған. 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1954 жылы жұмысшы болып бастаған. 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакцияларында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры. 
1971 жылы Мәскеудегі Әдебиет институты жанындағы жоғарғы курсты бітірген. 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. - Қазақстан Жазушылар одағының басқармасының хатшысы, 1984-1986 жж. - «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. - Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы, 1992-1996 жж. - «Халық конгресі» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.
5

Сайын Мұратбековтің алғашқы әңгімелер жинағы
«Менің қарындасым» 1961 жылы жарыққа шықты. Одан кейін «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) атты әңгімелер мен повестер кітаптары басылып шығады. Автор өз шығармаларында қарапайым халықтың мақсат-мұраттарына жету жайлы әңгімелейді. Оның шығармаларының басты кейіпкерлері – ауыл зиялылары, қойшылар, оқушылар.
2014 жылы республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы қазылар алқасының шешімі бойынша С.Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты шығармалары Қазақстанда қалың оқырман қауымға жыл кітабы болып ұсынылды. «Жусан иісі» атты повесінде 1942 жылдың оқиғалары, соғыс зардабы бақытсыздыққа ұшыратқанына қарамай, дарынды Аян атты бала, балаларға арнап ертегілерді ойдан шығару туралы жазылған. «Басында Үшқараның» атты әңгімеде кейіпкер Әсеттің он сегіз жасар Шынар деген қызға нәзік сезімдері туралы айтылған.
С.Мұратбеков Ә.Әлімжановтың шығармаларын: «Жаушы» романын және «Көгілдір таулар», «Отырардан жеткен сый» повестерін; Г.Толмачевтің «Елбасы» және «Д.А.Қонаевпен кездескен 50 сәт»; Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақ тіліне аударды.
КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

10
Сайын Мұратбеков өзіне ғана тән тақырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармалармен танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет