Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте


Тақырыбы: «Ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі Сәкен Сейфуллин». Мақсаты



бет4/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Кітапшалар

Тақырыбы«Ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі Сәкен Сейфуллин».
Мақсаты:
Республикамызға Қазақстан атын бергізген, «Қазақ тілі кеңсе тіліне айналмай, бағы жанбайтынын айтып», тіліміздің мемлекеттік статус алуына ең алғаш еңбегін сіңірген адам осы Сәкен Сейфуллин екенін болашақ жастарға түсіндіру.


Кіріспе
XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика каламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы
1
қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин — қоғамдык ой-пікір, әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлға.
«Асыл бабамыз Сәкен Сейфуллиннің аруағы
тәуелсіз елімізді желеп-жебеп жүрсін»
Н.Ә.Назарбаев


Тұғыры биік туған жер 
Сәкен Сейфуллин кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған өлкеде — Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында 1894 жылы 15 қазанда (қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы) орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкеннің бірге туған бауырлары туралы Сәкеннің кенже інісі Мәжиттің қызы Ырымжан Сейфуллинаның айтуынша Сейфолла мен Жамалдан жеті перзент туған, солардың тұңғышы – Сәкен. Cәкеннен кейін Мәлік (Мәлгаждар), Әбен, Мәжит деген төрт ұл, Рахима, Сәлима, Қалима атты үш қыз болған. Көргендердің айтуынша, Сәкеннің үш қарындасы да өте сұлу болғандықтан, көз тиіп қайтыс болыпты.
Сәкеннің өмір жолы
Сәкеннің өз кіндігінен болмаса да, кішкентайынан бауырына басып, қызындай көрген Ырымжаны бүгінде оның іздеушісі, мұраларын жинақтаушы. Әрі Сәкенді жендеттер кеп алып кеткен сол бір сәтті өз көзімен көргендерден қалған жалғыз куә. 2

Жауым деп халқым мені ойламасын,


Сәкенін кейінгі ұрпақ есіне алсын.
Кеудемде ат басындай арман кетті-ау,
Шіркін-ай, мұны қайтіп ұмытарсың?…
Ақын 1956 жылы толығынан ақталды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет