Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте



бет3/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Кітапшалар

Ұлықталуы
Әйтеке би кейбір деректерде Ташкент маңында (Өзбекстан Республикасы) өзінің ата-бабалары Ораз, Тоқпан, Сейтқұл және әкесі Бәйбек жатқан Қауыншы және Шыназ ауылдарынының жанында жерленген. Басқа бір мәлімет бойынша Әйтеке бидің мәйіті Өзбекстанның Науаи облысы Нұрат қаласындағы Әйтеке би Кесенесінде жерленген. Жергілікті тұрғындар бұл жерді қасиетті
8

түрде күшін жоймағанмен, іс жүзінде қазақтар XVIII ғасырдың басына дейін хандық дәрежесін мұрагерлікпен иеленуге көшті. XVII ғасырдың басында барлық қазақ жерлері үш шаруашылық-аумақтық бірлестіктер – жүздер арасында бөлінгендіктен, ұлыстар жүйесінің орнына жүздік одақтар енгізілді. Жүздердің басында қауымдастықтың анағұрлым күшті және үлкен топтарының жетекшілері, билер тұрды. Шын мәнінде бүкіл билік Жүз билерінің қолында болды. Солар хан билігін шектеуші Билер Кеңесін құрған болатын. Билердің билігі тек қана жеке басының абыройымен сақталды және оларға бағынышты хан қайсы бір биді ұсынуға ешбір ықпал ете алмады. Осындай Билер Кеңесінің аса беделді мүшелерінің бірі Кіші Жүздің билеушісі Әйтеке би болды. Көшпелі қазақтың әдет-ғұрып заңдарының ережелерін жақсы білумен қатар, көшпелі қазах хандығымен көршілес отырықшы мемлекеттердің құқықтық жүйесінен хабардар және мұсылмандық құқықтың білгірі ол жаңа заңдар жинағы «Жеті жарғыны» жасауға қатысып оған бірқатар құнды құқықтық жаңартулар енгізді. Жаңа заңдар жинағын қабылдау: 1. Қазақтардың ішкі саяси бірлігін нығайту мақсатында, қазақтың орталықтандырылған мемлекетін құру (жоңғарлар қаупінің күшеюі жағдайында бірліктің қажеттілігі түсінікті еді). 2. Заман талабына жауап беретін қазақ қоғамының бірыңғай заңдық негізін жасау міндеті. Өзінің құрылымы жағынан «Жеті жарғы» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқықтар, жанұя-неке қатынастары ережелерінен; салық, дін және т.б. туралы бөлімдерден тұрады. Қазақтарды біріктіруде Тәуке ханның негізгі сүйенген ұстанымдары: жастардың үлкендерге сөзсіз бағыну қағидаты (балалары – ата-анасына, әйелі – еріне; қол астындағылар – билеушіге); ұжымдық жауапкершілік қағидаты (адамның руы алдындағы, рудың өзінің әрбір мүшесі алдындағы) болды. Қылмыстық айыптаулар «қанға қан, жанға жан» қағидатына негізделді, алайда қанды кек әрқашан басқа айыптаулармен алмастырылды. Олардың ішінде айыптау түрлері жер аудару, айып, құн, дүре (қамшымен сабау) және өлім жазасы болды. Шындығында өлім жазасы өте сирек қолданылды. Түрмелер мен бас бостандығынан айыру орындары мүлде болған жоқ. Қауым қолдауынан айрылған жазаланушы өзін нағыз өлімге


5

душар етеді, тайпа-ру арасынан қуу кең қолданылды. Баптарда


қарапайым адамдар мен билеушілердің әртүрлі дәрежедегі жауапкершілігі туралы айтылғандай, «Жеті жарғыда» қоғамның жіктелуі мен әлеуметтік иерархия көрініс тапты. Негізгі бұқара халық құқықтың еркін субъектілері болды. Тек құлдар ғана өз қожайындарына тәуелді болды және олардың қалауымен өмірлерінен айрылуы мүмкін еді. Жеті Жарғы келесідей негізгі бөлімдерден тұрады: Жер Заңы (Жер дауы) жайылымдар мен құдық дауларының шешімдері жөнінде айтылады. Неке қию және ажырастыру тәртібі, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтары бекітілген Жанұя-неке Заңы. Соғыс кезінде бөлімдерді жасақтап, әскери қолбасшыларды таңдап, әскери жұмылдыруды реттейтін Соғыс заңы. Соттың істі қарау тәртібі жайлы келісілген сот үдерісі туралы ереже. Кісі өлтіруден басқа әр түрлі қылмыс үшін жаза белгілеуші Қылмыс Заңы. Кісі өлтіру мен денеге қатты зақым келтіргені үшін жаза белгілейтін Құн Заңы. Жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке басы құқығын, сондай-ақ өлген адамның туыстары мен қауымның оларға қатысты міндеттерін реттейтін Жесірлер туралы Заң (Жесір Дауы). Бір қызығы «Жеті Жарғыда» мұсылмандық қағидалар да көрініс тапқан. Мысалы, құдайдан бас тартқаны үшін өлгенше таспен атқан. Бірақ, қан араласқаны үшін өлім жазасы кесілетін ежелгі көшпелілер тыйымдары да болды. Қазақтың әдет-ғұрып заңдарында жеті атадан бері қарай некеге тұруға үзілді-кесілді тыйым салынды… Мұсылмандық құқықтың білгірі ретінде Әйтеке би көшпелі қазақ дәстүріне әртүрлі қағидаларды аса шеберлікпен бейімдеді.
Шоқан Уәлиханов «даланың ұлы философы» деп атаған Асан Қайғының «Жерұйық» концептісінде айтылған көшпелілердың мінсіз мемлекеттілігін жобалау, «Жеті Жарғы» қазақ даласының талантты билері – Төле би, Қаздауысты Қазбек би, Әйтеке бидің даналығы арқасында көшпелі өмірді құқықтық реттеудің санғасырлық тәжірибесінің синтезі болып табылады. Әйтеке бидің қайраткерлігі «Жеті Жарғыда» көшпелі-қазақтардың әділетті
6
қоғамдық құрылымын, халық бірлігін, кең-байтақ даланың гүлденуі мен қауіпсіздігі жайлы ғасырлар бойғы арманын нақтылы түрде көрсетуге бағытталды. Сегіз қырлы, бір сырлы Әйтекенің бұл жағы Хан Кеңеңсіндегі сөзінде жарқын көрініс тапты. Күлтөбенің басындағы дәстүрлі жиындардың бірінде Әйтеке би жаиналғандарға қарап: «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме? Ерінің сағын сындырсы, ел мұратқа жетер ме? Ел тірегі ер, ер тірегі – ел бола білген қауымның басынан бағы кетер ме? Есті еріңді ез тұтсаң – өзіңді өзің қорларсың, есеріңді ер тұтсаң – іргеңізден жау кетпей, төріңізден дау кетпей, сойқанға сойқан жолығып, соларсың да зорларсың Ел мұраты – көрешек, ер мұраты – келешек, көрешегін күйттеген – түбі қоймас сүрінбей, келешегін күйттеген – түбі қоймас сүйенбей. Жетелі ер адаспас – бабадан қалған сөз бар ғой, жетелі ел адаспас – бағзыдан қалған сөз бар ғой!» Әйтеке би жоңғар шапқыншылығына қарсы үш жүздің басын қосуға, ойраттар мен орыстарға қатынаста белгілі бір тепе-теңдікті орнатуға ықпал етті. Ол Хан Кеңесінде бернеше рет үш жүздің басын біріктіру, жас жауынгер-сардарлар ішінен заманауи әскери өнерді игерудің қыр-сырын түсінетін қолбасшы таңдау, күшті одақтас іздеп ешкімге бодан болмау жөнінде айтқан болатын. Әйтеке би 1699 жылғы көктемде өткен Хан Кеңесінің кеңейтілген отырысында атақты билер мен рубасыларына арнап: «Ат төбеліндей сіздердің байлықтарыңыз халыққа қорған бола алмайды. Сендер өздерің бай болғанмен, халықты дұрыс жолға сала алмадыңдар. Барлық сұлтандар, билеуші-төрелер, ру басылары параға белшесінен батты. Орыстардың берген азын-аулақ сыйлығына, бұқарлықтар мен хиуалықтардың шапанына алданған олар өз халқын оңды солды, бүтіндей және жекелеп сатып жатыр. Басқа тойымсыз, мансапқор және атаққұмар билеушілер жоңғарлармен қақтығысты өздерінің бас пайдасына бұрып хан тағына отырамын деген есекдәмелі арам ойдың орамына шомылып жүр. Бидің ең ұлы мақсаты – халық бірлігі. Қолбасшының биік мақсаты – тұйықтан шыға біліп, құлдықтан қашу. Туған өлкесінен айрылған жігіт бақытсыз. Жерінен айрылған халық бақытсыз. Ал зұлым жау ешкімді аямайды. Соғыс жағдайымен санасу қажет және халықтың жайлауын, қыстауын,
7


Мазмұны

Кіріспе
1.Тұғыры биік туған жер


2.Сәкеннің өмір жолы
3.Ақиық ақын – Сәкен
4.Жазушы, әдебиет зерттеушісі, мемлекет қайраткері
5.Жазушы өмірінің соңғы кезеңдері
6.Жазушы атын марапаттау
7.Сәкен туралы ойлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет