Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте



бет5/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Кітапшалар

Жазушы атын марапаттау
Сейфуллин мұражайы, 1988 жылы 21 ақпанда Целиноград қаласында (қазіргі Астана қ.) облыстық өлкетану музейінің бір бөлімі ретінде ашылған. Мұражай Есілдің оң жағалауында, қазіргі Астана қаласының көне қапталында С.Сейфуллин мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында, ағаштан салынған ескі үйде орын тепкен. Мұражай жанына ақынның ескерткіші орнатылған. Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен, мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас. Сейфуллин мұражайында кіре беріс зал есігіне қарама-қарсы қабырғаға кеңестік қуғын-сүргін құрбандарына арнап тоқылған кілем-гобелен ілінген. Қабырғаны тұтастай алып тұрған бірегей полотноның орта тұсында Сәкеннің гипстен жасалған бедерлі бейнесі, етегінде гүл шоғыры бейнеленген. Кіре берістегі оң
қанатта “Сәкен мен Ақмола” аталатын фотокөрме бүгінгі Астана өмірімен астасып, Елорданың ертеңгі болашағынан елес береді. Сәкеннің туған жері — Қарашілік көрінісі, әке-шешесінің бейнелері, жастық шағы өткен, оқыған, білім алған елді мекендердің, Қараөткел мен Ақмоланың сол тұстағы көріністері бедерленген.


4


Сәкен туралы ойлар
Мұхтар Әуезов Сәкен Сейфуллин туралы былай деген: «Сәкеннің ақындық асуларында әр жотадан атой бергендей тәкәппар сөз үндері «жабы емеспіз, тұлпармыз», «құладын емес, сұңқармыз», - деп, бұрынғы өткен тарихқа бүгінгі оянған табына дабыл ұрады. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын ашық. Тұтас бітімді жоталы тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша нық сезім. Шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз Ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса, осындай қайнар көзден шығуға лайық», - деген кемеңгер ой Сәкеннің ұлы ақындығын қалтқысыз түсініп әдебиеттегі орнын айна-қатесіз белгілейді.
Қорытынды
Қазіргі уақытта қазақ ақындары кімге өлең-жыр, поэма арнамай жатыр, олардың тағдыры Сәкен шығармаларындай болса, ақындықтың маңынан жүретін адам табылмай қалуы ғажап емес. Бірақ, өмір тоқтамайтыны сияқты, тарихта із қалдыратын мәнді шығармалардың дүниеге келгеніне не жетсін. Қаншама қасіретті болса да, Сәкендей ұлы азаматтарымыздың қазақ поэзиясында жарық жұлдыз болып өткенін, артына ғибратты да даңғыл жол салып кеткенін қадірлеп, құрметтей білейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет