«Қала тұрғындарының табиғи өсімі, ұлттық құрамы және көші-қон үдерістері» деген екінші тараушада 1917 ж. 14 желтоқсанда Түркістан қалалық Думасы мәжілісінде Қарнақ емханасын Түркістан қаласына ауыстыру жөнінде шешім қабылданады. 1918 жыл 1 қаңтардан бастап Түркістан қабылдау бөлімінің атауы Қалалық аурухана деп өзгертілді.
1920 ж. Бүкілодақтық халық санағында Түркістан уезінің қала және ауыл халқының саны – 86709 адам болды. Қалада ерлер – 8786 (20,1 %), әйелдер – 8720 (49,8 %), ал, ауылда ерлер – 34779 (50,2%), әйелдер – 34424 (49,7 %) – ды құрады.
1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында Түркістан уездіндегі халық саны – 93773 адам болды [17]. Ал, 1939 Бүкілодақтық халық санағында Түркістан халқының саны төмендегідей болды: қалада ерлер – 26577, әйелдер – 22533, барлығы – 49110 адам болса, ауылды жерлерде ерлер – 23897, әйелдер – 20766, барлығы – 44663 адамды құрады. Түркістан әкімшілік-аумақтық жерлеріне қарасты тұрғындардың ішінде ерлер – 50474, әйелдер – 43299, барлығы – 93773 адам екен.
1939 ж. Түркістан қаласы мен оның әкімшілігіне қарасты елді-мекендерде халық саны - 97773 адам болды. Бұлардың ішінде қалада ерлер – 54,1 %, әйелдер – 45,8 %, ауылда ерлер – 53,5 %, әйелдер – 46,4 %, ал жалпы Түркістан бойынша ерлер – 53,8 %, әйелдер – 46,1 % құрады. Осы аталған тұрғындар көрсеткішінің ұлттық құрамына келсек, қазақтар – 44682 адам (45,7 %), орыстар – 48607 (20,5 %), өзбектер – 58689 (24,7 %), украйндер – 8213 (3,4 %), татарлар – 5653 (2,3 %,), басқалары – 3,4 % болды .
1959 ж. Бүкілодақтық халық санағында Түркістан қаласы мен ауылды жерлерінде халық саны – 65166 адам болды. Оның ішінде ерлер – 30817 (47,2 %), әйелдер – 34349 (52,7 %) құрады.
1970 ж. Бүкілодақтық халық санағында Түркістан қаласы мен ауылдық жерлеріндегі тұрғындар саны – 25719 адам, оның ішінде ерлер – 12353 (48,0 %), әйелдер – 13366 (51,9 %) болды.
1989 ж. Бүкілодақтық халық санағында Түркістан қаласының әкімшілігіне қарасты елді-мекендерде тұратын халық саны – 65323 адам, олардың жастық және жыныстық құрамына талдау жасасақ, 0-4 жастағылар – 15,3 %, 5-9 жастағылар – 13,5 %, 10-14 жастағылар – 13,7 %,15-19 жастағылар – 10,5 %, 20-24 жастағылар – 9,1 %, 25-29 жастағылар – 8,5 %, 30-34 жастағылар – 6,2 %, 35-39 жастағылар – 4,7 %, 40-49 жастағылар – 3,6 %, 50-54 жастағылар – 3,2 %, 55-59 жастағылар – 2,1 %, 60 жастағылар – 2,2 %, 60-69 жастағылар – 1,4 %, 70-74 жастағылар – 0,9 %, 75-80 жастағылар – 0,7 %, 80 жастағы және одан жоғарғылар – 0,8 % болды.
«Тұрғындардың әлеуметтік құрамындағы өзгерістер» деп аталатын үшінші тарауында Ресейдегі ақпан революциясы және әсіресе қазан төңкерісі аймақтың табиғи-тарихи даму бағытын күрт өзгертеді. 1917 ж. және одан кейінгі жылдардағы әлеуметтік өзгерістер, қоғамдық қатынастардың шиеленісуі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуына әсерін тигізбей қоймады. Соғыс қимылдары, қаулап кеткен індеттер, экономикалық күйзеліс, көптеген кәсіпорындардың жабылау, өндірістердің тоқтатылуы, 1917-1918 жж. құрғақшылық пен аштық халық өлімінің көбейіп, туылу көрсеткіштерінің кемуіне, жалпы халық санының азаюына алып келді.
1926 ж. Бүкілодақтық халық санағында Түркістан қаласы мен оның төңірегіндегі тұрғындардың әлеуметтік құрамы мынадай еді: жұмысшылар – 6,3 %, қызметкерлер – 1,9 %, еркін мамандық иелері – 0,1 %, жалдамалы жұмысшылар – 1,4 %, артельдегі жұмысшылар – 47,3 %, жалғызбастылар – 26,5 %, кәсібі көрсетілмегендер – 2,6 %, жұмыссыздар – 0,2 %, әскерилер – 0,01 %-ын құрады.
1926 ж. Қазақстандағы халық өсімі 1920 жылмен салыстырғанда 26,8% артқан. Өзге ұлт өкілдері 1920 ж. 53,4% құраса, 1926 ж. 42,4% дейін төмендеген. Бірақ аймақтың көпұлттылық деңгейі жоғарлаған. Ұлттар саны 38-ден 86-ға көбейген. Бұрынғыша ең басым ұлттар қазақтар, орыстар және украйндер болған. Қуатты модернизациялау республика қалаларындағы ұлттық және демографиялық үдеріс динамикасына ықпал етті. 1930 ж. аймақтағы қалалардың, соның ішінде Түркістанның да халық саны едәуір артты.
«Түркістан қала халқы егеменділік жағдайында (1990-2009 жж.)» деп аталатын үшінші тарауда тәуелсіздік жағдайындағы Түркістан қаласы мен ауыл тұрғындарының экономикалық, әлеуметтік жағдайы, демографиялық хал-ахуалы, халық саны, табиғи өсім, көші-қон және тұрғындардың білім деңгейі қарастырылған.
«Қала экономикасы мен мәдениетіндегі бетбұрыстар» деген бірінші тараушада егемендік жағдайымен байланысты экономикалық жағдайлар баяндалды. 1991 ж. Қазақстан егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде даму жолына түсті. Егемендік жылдарының нәтижесі дербес мемлекеттің қалыптасуы, саяси жүйедегі кең ауқымды реформалар мен экономикадағы түбегейлі өзгерістер, тұтас ұрпақтың қоғамдық санасы өзгерді. Мемлекет пен қоғамды түбегейлі өзгертуге бағытталған осындай ауқымды жоспарларды жүзеге асыруға Түркістан қаласы мен ауданының тұрғындары да белсене ат салысты.
1991-1992 жж. «Казгипроград» мемлекеттік жобалау институты Түркістан қаласының бас даму жоспарында қарастырылған перспективтік іс-шараларды есепке ала отырып, 2010 ж. дейінгі мерзімге Түркістан-Кентау арнайы экономикалық аймағының (АЭА) қалыптасуының техникалық-экономикалық негіздемесін жасайды. АЭА- ны құру үшін қажетті жұмыс күші, өнеркәсіптік, құрылыс және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қуаты, өндіріс инфрақұрылымы мен кадрлық потенциал қоры да жеткілікті болатын.
1993 ж. Түркістанда мақта қалдықтарын өңдеу зауыты - «Фараб» Қазақ-Британ бірлескен кәсіпорнының құрылысы басталды. Жалпы қуаты жылына 3000 тонналық медициналық мақта шығару бойынша өндіріс корпусы бірінші желесінің құрал-жабдықтары өндіріліп, монтаждалды. Бас корпуста бес ағылшын фирмасының құрал-жабдықтары орналастырылды: «Кросрол», «Петри Макнот», «Уайт», «Аутефа». «Фараб» БК шетелдік серіктесі әлемге әйгілі «RANK XEROX» фирмасы еді «Фараб» БК сонымен бірге медициналық мақтаны ұсақ қаптау бойынша негізгі өндіріс корпусының ІІ желі құралдарын жеткізу бойынша келісімшарт жасайды.
Қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу тәртібіне сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен 1995 ж. Түркістан қаласы әкімшілік аппараты келесідей бағытта жұмыстар атқарады: 1995 ж. 12 айда қала бюджеті 124,3% орындалады, жоспарда 146618 мың теңге жобаланса, іс жүзінде бюджетке 182119 мың теңге түскен. Бюджет шығысы 115,6% орындалады [18].
Қала басшылығының экономика бағыты бойынша жүргізген реформалары өнеркәсіп саласы көрсеткіштерінің өсіміне алып келді. Алғаш рет 1998 ж. бастап өндіріс құлдырауы тоқтатылып, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі тоғыз айда 307,8 млн. теңгеге немесе 1997 ж. көрсеткішпен салыстырғанда 121,8% артты. Тұтыну тауарлары 160.8 мың теңге сомасына немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 189,8% артық өндірілді.
1998 ж. 1 қазанында барлық шаруашылықтарда ірі қара мал саны – 24,2 мың бас, шошқа – 0,159 мың бас, қой-ешкі – 120,0 мың бас, жылқылар – 3,9 мың бас болған.
2001 ж. қаңтар-қазан аралығында шағын кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 3446,3 млн. сома көлемінде жұмыс пен қызмет орындалып, бюджетке салық түрінде 103,7 млн. теңге түседі. Салық түсімдерінің үлесі жалпы бюджеттің 15% құрады. Ал, 2000 ж. бюджет түсімі 13,8% болған еді. Қайтарылған қарыз құралдары 1.11.2001 ж. 6,6 млн. теңгені құрады. Осылайша, Түркістан қаласы және жалпы республиканың экономикалық жетістіктері бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде ең алдыңғы қатарларға шықты. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылы ел үшін едәуір қиындықтар алып келсе, одан кейінгі жылдары ел экономикасы 10% деңгейінде ЖІӨ жылдық өсім бере бастады. Осыған орай ЖІӨ деңгейін екі есе арттыру міндеті мерзімінен үш жыл бұрын 1997 ж. орындалды.
2009 жылғы 1 тоқсанда 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,4 млн. адамға жетті. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санында қала халқы 4,4 млн. адамды (52.4%), әйелдер – 4,2 млн. адамды (49,3%) құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 70,3%-ды құрады.
«Қала және ауыл халқының әлеуметтік жағдайы» деп аталатын екінші тараушада халықтың әлеуметтік жағдайы баяндалған. Түркістан қалалық әкімшілігінде халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. ҚР Президентінің Жарлығының жүзеге асыру мақсатында Қалалық Кеңес тарапынан 21.12.91 ж. № 16 шешім қабылданып, арнайы іс-шаралар бекітілді. Оның жүзеге асырылу барысы қалалық халыққа әлеуметтік қолдау комиссиясының мәжілісінде ұдайы қарастырылып отырды.
Қала әкімшілік басқармасының 1992 ж. №138 шешіміне сәйкес қала кәсіпорындары мен ұйымдары есебінен тегін тамақтандыру жұмысын ұйымдастыру үшін әлеуметтік қолдаудың қайырымдылық қоры құрылады. Қор құрылған күннен бастап оның есебіне 180,168 сом қаражат түседі. Бір мезгілде 7 тұрмысы төмен отбасына 2,4 мың сомға, 3 мүгедекке 7 мың сомға жәрдем көрсетіледі. Әлеуметтік жәрдем көрсету үшін 25 мың сом бөлу туралы шешім де орындалу сатысында еді [19].
1993 ж. 11,6 мың адам жұмысқа орналастырылса, 1997 ж. қарай бұл көрсет-кіш 5,9 мың адамға дейін төмендейді. Жұмыс сұраған азаматтардың 18% еңбекпен қамтылған. Әлеуметтік қорғаудың негізгі формасы жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы еді. Тіркеуге алынған 25,7 мың жұмыссыз адам-ның 17,3 мыңы немесе 67% жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатын еді.
1995 ж. ішінде РКЦ, Коммерциялық және жеке меншік банктері есепшотынан кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және шәкіртақы төлемдері үшін 885563 мың теңге бөлінеді. Алынған жәрдем жалпы төлемдердің 33% құрады, нақты ақшаның қайтарымы 66,9% болды, яғни берілген 100 сомның айналымнан 66 теңге 90 тиыны кері қайтарылды.
1996 ж. 1 қаңтарындағы деректер бойынша жалақы төлемі бойынша борыштылық 122,4 млн. теңге болған, оның ішінде бюджеттік ұйымдарда – 39,7 млн. теңге, халыққа білім беру қызметкерлеріне – 31,2 млн. теңге, медицина қызметкерлеріне – 5,3 млн. теңге, өнеркәсіп орындары жұмысшыларына – 11,2 млн. теңге, басқа да салада – 1,1 млн. теңге.
Шетелдік қандастарымыздың отанына оралу үдерісі де кезек күттірмейтін күрделі мәселе еді. Өйткені 1997 ж. облысқа ҚР Президентінің 260 отбасылық квотасының орнына 490 отбасы көшіп келген. Осының нәтижесінде оралмандарға бір реттік жәрдемақы төлемі бойынша 42 млн. теңге қарыз сомасы қалыптасады. Көшіп келген 1,5 мың отбасының тұрағы болмады, 395 отбасы уақытша пәтер-үйлерде тұрды.
1998 ж. жұмыс істейтін 58 өндіріс орнын кеңейтіп, шағын кәсіпкерліктің 31 жаңа өндірісін ашу жоспарланады. Жаңа өндірістер есебінен жұмыс орнын 1,5 мың бірлікке артады деп жобаланады. Шағын және орта кәсіпорындар өндірісінің жалпы көлемі 2,5 млрд. теңгеге ұлғаюы керек еді. Облыс кәсіпкерлерінің ассоциациясын ашу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2000 ж. 1 желтоқсанына қарай облыста 16846 жұмыссыз адам тіркеуге алынды. Бұл алдыңғы мерзім көрсеткішімен салыстырғанда 2,6 мың адамға аз. Ресми жұмыссыздық деңгейі 0,3% төмендеп, 2,3% құрайды, ал республика бойынша ресми жұмыссыздық деңгейі 3,8% болатын. Жасырын жұмыссыздық деңгейі 0,7% төмендеген (2,4%-1.7%).
2001 ж. 1 қарашаға дейін еңбекпен қамту қызметіне 1691 адам жүгінеді. Жұмысқа орналасқан азаматтар саны азайып, 612 адамды құрады. Ақысы төленетін қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны 787 адамға дейін артты. Жұмыссыз азаматтар саны – 965 адам. Жұмыссыздық деңгейі 1,4% құрап, 0,2 пайызға жоғарылаған. Аталған жылы шаруашылық субъектілерінің жалақы төлемдері бойынша қарыздары 21,3 млн. теңге, балаға төленетін жәрдемақы бойынша – 3,7 млн. теңгеге жетеді, зейнетақы бойынша қарыздар болмады.
2009 жылғы 1 тоқсандағы жұмыссыз халықтың саны 583,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 6,9%-да (2008 жылғы 1 тоқсанда – 6,9%) қалыптасты. Жұмыссыздардың жалпы санында қала халқы 335,9 мың адамды (57,6%), ауыл халқы – 247,2 мың адамды (42,4%) құрады, жұмыссыздық деңгейі, тиісінше, 7,6% және 6,2%.
Жұмыссыздар құрылымында әрбір екіншісі - әйелдер. Тұлғалардың үлесі – 25-39 жастағылар 46,1%, 15-24 жастағылар – 17,2% құрады. Жұмыссыздардың саны арасында жоғары білімді 130,1 мың адам (22,3%), жалпы орта білімді – 217,9 мың адам (37,4%), орта кәсіби білімді – 150,6 мың адам (25,8%). Әрбір жұмыссыздың үшіншісі кез келген жұмыстың жоқтығынан жұмыспен қамтылмаған, ал 8,4%-ы – оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың жоқтығынан, 17,6% - өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар, 17,4% – штаттың қысқаруынан жұмыстан босатылуына байланысты
2009 жылғы бірінші тоқсанда 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан енжар халық саны 3,5 млн. адамға қалыптасты. Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халықтың деңгейі 29,7%-ды құрады.
Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халықтың негізгі үлесін зейнеткерлер – 41,2%-ын (1460,7 мың адам) және оқытудың күндізгі нысанында оқитындар – 40,4%-ын (1435,4% мың адам) құрады, ал денсаулығы бойынша (мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық себептері бойынша) – 6,5% (232,1 мың адам), үй шаруашылығын жүргізумен қамтылғандар – 5,3% (186,8 мың адам).
«Тұрғындар санының өсу көздері: табиғи өсім мен көші-қон үрдістері» деп аталатын үшінші тармақшада қала және ауыл тұрғындарының табиғи өсімі мен көші-қон мәселесі қарастырылған.
1999 ж. халық санағында алдыңғы санақтардағыдай өзін-өзі анықтау қағидасы басшылыққа алынды, яғни тұрғынның өзі атаған ұлты жазылды. Балалардың ұлты ата-анасына қарап анықталды. 1999 ж. санақта жекелеген ұлттардың атауы мен белгісіне ерекше көңіл аударылғанын атап өту керек. 1999 ж. халық санағының нәтижесінде Қазақстан Республикасында 130 ұлт тіркелді, оның негізгі бөлігі – қазақтар (7,98 млн. адам). Олар республиканың барлық өңірінде тұрады, алайда ең көп шоғырланған жерлері Оңтүстік Қазақстан (1340889 адам), Алматы (926137), Шығыс Қазақстан (743098), Жамбыл (640346) және Қызылорда (561630) облыстары. Бұл облыстарда жалпы республика қазақтарының 52,7% қоныстанған. Халық құрамы анағұрлым қазақтармен толыққан облыстарға табиғи-климаттық жағдайы ең қолайсыз аймақ болып саналатын Қызылорда (94,20%) және Атырау(88,96%) облыстары жатады. Қазақтар Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарынан басқа барлық облыстарда ауыл халқы құрылымында бірінші(66,45%) орынды алады. Қаладаға үлес салмағы - 43,16% [20].
1999 ж. Бүкілодақтық халық санағында Түркістан әкімшілік-аумақтық бөлігіне қарасты жерлерде халық саны – 172988 адам болып, оның ішінде ерлер – 85958, әйелдер – 87030 адам, яғни, бүкіл халықтың ішінде ерлер – 49,6 %, әйелдер – 50,3 % құрады.
2009 ж. Түркістанда тұрғындар саны – 202182 адам, оның ішінде жасы мен жынысына қарай талдағанда 1-15 жастағылар – 38,5 %, ерлер – 51,2 %, әйелдер – 48,7 %, 16-62 жастағылар – 55,7 %, 62 жас және одан жоғарылары – 5,5 %, ерлер – 32,4 %, әйелдер – 67,5 % болды.
2009 ж. санақ бойынша Түркістан тұрғындарының ұлттық құрамында қазақ-тар – 52,5 %, өзбектер – 45,2 %, орыстар – 0,5 %, басқалары – 2,1 % болды [21].
«Тұрғындардың білім деңгейіндегі өзгерістер» деп аталатын төртінші тараушада білім деңгейіне қатысты мәселелер қарастырылған. Осы тұрғылықты Түркістан өңірі халқының этно-демографиялық дамуында тұрғындардың білім дегейіндегі сандық және сапалық өзгерістер елдің әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және мәдени өркендеуіне әсерін тигізетін бірден-бір фактор болып табылады.
Түркістан қалалық әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарасты өңірде ұлттардың білім деңгейіне талдаулар жасар болсақ, 1999 жылғы халық санағында: қазақтардың ішінде ер және әйел адамдарын қоса есептегенде 6 жас және одан жоғарғылары – 79743 адам, олардың қатарында 5578 адам жоғарғы білімді, жоғары аяқталмаған білімдісі – 1548, орта арнаулы – 11617, орта жалпы – 32332, негізгі жалпы – 5800 адамды құрады. Ал, орыстардың 6 жас және одан жоғарылары – 2284 адам, жоғары білімдісі – 129, жоғарғы аяқталмаған – 23, орта арнаулы – 582, жалпы орта – 1014, негізгі орта – 184, жалпы бастауыш – 237 адам болды.
Қала және оның маңында тұратын әзірбайжан ұлтының өкілдерінің ішінде 6 жас және одан жоғарғылары 369 адам, жоғарғы білімдісі – 7, жоғарғы аяқталмаған – 2, орта арнаулы – 31, орта жалпы – 209, негізгі орта – 20 адамдық көрсеткіште болды. Сондай-ақ, тәжік ұлтының өкілдерінен 6 жас және одан жоғарғы жастағылары – 115, жоғарғы білімділері – 6, орта арнаулы – 13, жалпы орта – 52, негізгі жалпы – 8, жалпы бастауыш – 16 адам екен.
Тұрғындардың ішінде татар ұлты өкілдерінің ішінде 6 жас және одан жоғарылары 1124 адам, жоғары білімдісі – 73, жоғары аяқталмаған – 7, орта арнаулы – 241, жалпы орта – 436, негізгі жалпы – 104, жалпы бастауыш – 173 адамды құрады. Сонымен қатар, түрік ұлтының өкілдері ішінде 6 жас және одан жоғарғысы – 832 адам, жоғарғы білімдісі – 48, жоғарғы аяқталмаған – 16, орта арнаулы – 25, жалпы орта – 489, негізгі жалпы – 43, жалпы бастауышта – 108 адам оқыды. Ал, өзбек ұлтының өкілдерінен 6 жас және одан жоғарылары – 61623 адам, жоғарғы білімдісі – 3368, жоғарғы аяқталмаған – 374, арнаулы орта – 7285, жалпы орта – 28787, жалпы негізгі – 4419, жалпы бастауыш – 9448 адам оқыған.
Түркістан қаласы мен оның төңірегінде тұратын тұрғындардың ішінде ұйғырлардан 6 жас және одан жоғарысы – 105, жоғары білімдісі – 4, орта арнаулы білімі барлар – 61, жалпы негізгісі – 9, жалпы бастауыштық – 12 адам екен [22].
2005 жылы 700 орынды мәдениет театрын оралмандар ауылынан салу үшін жобаға тапсырылған. Қаланың ескі алаңдарының бірінде «Денропарк» жасау қолға алынып, индикативтік жоспарға енгізді. Сондай-ақ, жаңа жобамен 140 және 100 орынды екі балабақша республикалық бюджет есебінен салынды. Аталған жылда 80 орынды балалар үйі аяқталды. Мәдениет-спорт сауықтыру кешенін іске қосу да жоспарда қабылданған [23].
Түркістан қалалық білім бөлімі ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары-ның және жалпы білім беру жүйесін дамытуға бағытталып, қабылданған бағдарламаларды орындау барысында көптеген игі істерді жүзеге асырды.
2005-2006 оқу жылының ІІ жарты жылдығында 71 мектепте оқуды 48499 оқушы жалғастырды (қала мектептерінде – 24592 оқушы, ауыл мектептерінде – 23907 оқушы), оқуға тартылмаған оқушы жоқ. 2006 жылдың ақпан айында 1026 орынға № 21 орта мектебі ашылды.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары берілді.
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Түркістан мен оның маңындағы елді-мекендер тұрғындарының демографиялық хал-ахуалы қарастырылды.
Түркістан қаласы мен өңірінің тұрғындары 1897 ж. санақтағы жалпы саны – 56599 адам болса, 1920 ж. санақта – 81503 адам, 1926 ж. санақта – 93773, 1939 ж. санақта – 97773, 1959 ж. тұрғындар саны – 65166, 1970 ж. – 95719, 1979 ж. – 55648, 1989 ж. – 77692, 1999 ж. – 172751 және 2009 ж. санақта – 202182 адамға дейін өскен.
Түркістан қаласы мен ауылдық жерлерінің тұрғындарын қоса есептегенде 1897 ж. санақта қазақтар – 75,2 %, өзбектер – 18,3 %, орыстар – 4,2 %, басқалары – 4 % - ды құраса, 2009 ж. қазақтар – 52,9 %, өзбектер – 45,2 %, орыстар – 0,5 %, басқалары – 1,4 % болды. Яғни, 1897-2009 жж. санақ арасында қазақтар – 23,2 % - ға кемісе, өзбектер – 26,9 – ға өскен, орыстар – 3,7 – ға азайған, басқалары – 2,6 – ға кеміген, яғни бұл жерлерде өзбектердің өскендігі байқалады.
Түркістан қала және ауыл халқының өсіміне талдаулар жасағанда 1897 ж. қала тұрғындары – 33,0 %, ауылда – 66,9 % болды. Ал, 2009 ж. қала халқы – 49,9, ауыл жұрты – 50,1 % - ды құрады. Яғни, 1897-2009 жж. арасында Түркістан қала халқы – 16,9 % - ға артқан, ауыл тұрғындары – 16,8 % - ға азайған.
Халықтың жыныстық құрамына сараптамалар жасағанда 1897 ж. ерлер – 52,1 %, әйелдер – 47,8 %, ал, 2009 ж. ерлер – 49,5 %, әйелдер – 50,4 % болды. Демек, 1897-2009 жж. аралығында ерлердің үлесі – 2,6-ға кеміген, әйелдер керсінше – 2,6-ға көбейген.
Қала және ауыл тұрғындарын қоса есептегенде халықтың білім деңгейінің сауаттылығын көрсететін пайыздық көрсеткішке келсек, 1897 ж. санақта тұрғындардың ішінде ерлерден – 28,4 %, әйелдерден – 3,6 %, барлығына шаққанда – 10,1 %, 1926 ж. ерлер – 16,9 %, әйелдер – 3,1 %, барлығы – 10,4 %, 1939 ж. санақта ерлер – 85,8 %, әйелдер - 64,8 %, барлығы – 52,7 % болды. Яғни, 1897-1939 жж. аралығында барлығы – 32,2 %-ға өскен.
Зерттеу жұмысының қорытындыларымен қоса халықтың санын, ұлттық құрамын, табиғи өсімі мен демографиялық жағдайын көрсететін кестелер жасалды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында – Алматы: «Атамұра», 1999. – 9-б.
2 Кауфман А.А. К вопросу о русской колонизации Туркестанского края. Отчет гл. Ученного комитета Москва. З. и Г.И. А.А. Кауфмана по командировке летом 1903 года. СПБ. Стат. тип В.Ф. Киршбаума, 1903 года. - 205 с.
3 Төлекова М.К. Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 жылдар) Т.ғ.д. .... авторефераты. - Алматы, 2003. - 51 б.
4 Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX – начала XX вв. (1867 – 1907 гг.). - Алма-Ата, 1963. – С. 11-12.
5 Абжанов Х.М. Сельская интеллигенция Казахстана // Вестник АН КазССР. 1989. - № 2. – С. 5.
6 Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1946 – 1965 гг.). – Алма-Ата, 1979; Казахстан в нерушимом союзе братских республик. Сб. ст. – Алма-Ата, «Наука», 1972. – 319 с.
7 Қозыбаев М.Қ. Демографические исследования в Казахстане: итоги и перспективы // Вестник АН РК. - 1990. - № 3. - С. 7-13.
8 Мажитов С.Ф. Формирование исторического сознания в Республике Казахстан: реалии и перспективы // Современное состояние и перспективы развития иторической науки Казахстана и России. – Алматы, 2008. – С. 10-29.
9 Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального состава Казахстана и Северной Киргизии (последняя треть ХVІІІ – 60-е годы ХІХ в.). – Москва: Наука, 1980. – 252 с.
10 Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в многонациональном Казахстане (1917-1991 гг.): дисс. ... док-ра ист. наук.- Алматы, 1994. - 396 с.
11 Поляков Ю.А., Жиромская В.Б., Кисилев И.Н. Полвека молчания // Социологическое исследование, 1990. - № 2. - С. 17-18.
12 Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан тарихи демография-сының өзекті мәселелерін жаңаша концептуалды пайымдау // Отан тарихы, 2003. - №1. - 17-18 - бб.
13 Сайко Э.В. Предпосылки и условия формирования древнего города. Древние города. Материалы к Всесоюзной конференции «Культура Средней Азии и Казахстана в эпоху раннего средневековья» (Пенджикент, октябрь 1977). - Ленинград, 1977. С.13-14.
14 Обзор Сыр-Дарьинской области за 1888 год. Приложение к всеподданнейшему отчету военного губернатора. – Ташкент, 1890. - С. 40-48.
15 Полный свод законов Российской империи – II. т. 18. - № 16718. - С. 235-240.
16 Всеобщая перепись Россиской империи. 1897 г. - С. 11.
17 Всесоюзная перепись населения. 1926 г. ЦСУ СССР. М., 1928. -Том 25. – С. 180.
18 Өз РОММ. 25-қ.,1-т., 16-іс. 29-п.
19 ОҚОММ. Кентау филиалы. 134-қ, 1-т, 7-іс, 2-п.
20 Елемесова А. Национальный состав населения Республики Казахстан // Экономика и статистика. - 2002. - №3. С. 99-100.
21 ОҚОММ. 245-қ, 6-т, 200-іс, 3- п.
22 ОҚОММ. 897-қ, 1-т, 37-іс, 92-98-пп.
23 Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстан на рубеже XXI века: основные тенденции и перспективы. – Алматы, - 2001. С. 175-176.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР
1 ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық даму мәселесі (Жалпы халық санағы материалдары бойынша) // ҚазҰУ Хабаршысы. - Тарих сериясы. - 2008. - №3. – 94-95-бб.
2 Яссы-Түркістан тарихына шолу // ҚазҰУ хабаршысы. – Тарих сериясы. - 2009. - №1. – 31-35 бб.
3 ХХ ғасырдағы Түркістан // Қазақ мемлекеттілігі және түркі әлемінің тарихи-мәдени құндылықтары. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Шымкент. - 20-21 мамыр, 2009. - 2-том. – 15-19-бб.
4 ХІХ ғ. екінші жартысындағы Түркістан қаласының әлеуметтік-демографиялық дамуы // Қазақстандағы тарих ғылымының өзекті мәселелері. ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор ғылымға және техникаға еңбек сіңірген қайраткер Асылбек Мәлік-Айдар Хантемірұлының 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы. - 29-30 мамыр, 2009. - 876-883-бб.
5 Светая земля Туркестана // Общественное мнение. Права человека. Ташкент, 2009. - №1. - С. 127-131.
6 Түркістан қаласы мен ауыл халқының демографиялық құрылымы (ХХ ғ.) //Қоғам және дәуір. – 2010. - №3. – 127-130-бб.
7 Түркістан қаласы және облыстың ауыл тұрғындарының саны мен білім деңгейіндегі өзгерістер (1999-2009 жж.) // Еуразия Орталығы. – 2010. - №2-3. – 185-189-бб.
8 Түркістан қаласы және ауыл тұрғындарының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер // Казахстан и глобальные вызовы современности: материалы научно-практической конференции (г. Алматы, 19 мая 2010 г.) / Отв. ред.
Б.К. Султанов. – Алматы: КИСИ при Президенте РК. 2010. – 52-60-бб.
РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 - Отечественная история (История Республики Казахстан)
УМИРБЕКУЛЫ ЖАНДОС
Социально-демографическое состояние города Туркестана и его агломерации (1867-2009 гг.)
Актуальность исследования. В связи с национально самостоятельным развитием в Республике Казахстан и внутренним социально-структурным изменениям, вошедшие в состав Советского Союза и царской России и в период современной независимости, всестороннее изучение состояния народа с исторической точки зрения приобретает сегодня все большую актуальность. Всем известно, изменения природного пути социально-культурного развития общества в те времена привело к некоторым отклонениям в развитии региона. Данные изменения повлияли не только на социально-политическую, экономическую и культурную жизни Казахстанского народа в целом, но и на весь регион, в том числе и на демографическое состояние жителей города Туркестан. В связи с чем, не определив полную демографическую и этническую характеристику развития казахского общества, невозможно проводить анализ экономической, политической и социальной жизни проживающего народа. А это в свою очередь требует проведения анализа и систематизации сведений демографической статистики в эти периоды, а также определения общих черт и различий в рассматриваемых периодах. Рассматриваемые демографические сведения в указанные исторические периоды можно назвать лишь только полноценным и объективным исследованием, применяя методы для сбора статических сведений о народе на тот период.
В современную эпоху необходимо глубоко понять социально-демографическое состояние города Туркестана и его окрестности, обратить внимание на особенности прошлых периодов для того, чтобы определить пути его развития в будущем. В этом заключаются научная значимость и практическая важность нашей исследовательской работы.
Цель и задачи исследования.
- Показать экономическое, культурное развитие города Туркестан во время 1867-1917 годов;
- исследовать естественный рост, национальный состав и мигра-ционное состояние населения города и его окрестностей;
- рассмотреть всесторонне социальную структуру населения;
- раскрыть социально-экономическое и культурное развитие региона в советский период 1917-1989 гг.;
- исследовать национальный состав, миграционные процессы городского населения и окружающих его районов, сельского населения в период Советского Союза;
- проанализировать развитие экономики и культуры города в период независимости 1990-2009 гг.;
- раскрыть национальный состав, миграционное состояние городского и сельского населения;
- определить количество оралманов, прибывших и разместившихся в городе Туркестан и его районах, аулах, а также их совместимость в данной среде.
Научная новизна исследования.
- Исследованы экономический и культурный расцвет города Туркестана в 1867-1917 гг.;
- рассмотрены всесторонне естественный рост, национальный состав и миграционные процессы городского и сельского населения до Революции;
- проанализирована социальная структура жителей;
- раскрыто социально-экономическое и культурное развитие населения города Туркестан в советский период 1917-1989 гг.;
- исследованы национальный состав населения города Туркестан и миграционные процессы;
- проанализированы социально-экономический и культурный расцвет города и его регионов в период независимости 1990-2009 гг.;
- всесторонне раскрыты миграционные процессы, национальный состав города Туркестан и сельского населения;
- определены количество оралманов, прибывших и расположившихся в городе Туркестан и его районах, аулах, а также их совместимость в данной среде.
Основные положения, выносимые на защиту.
- во время правления царской России состав населения города Туркестан сильно подвергся изменениям;
- в связи с усилением колониальной политики царской России, в социальном составе жителей города Туркестана и его районах появились новые социальные группы;
- политико-социальные изменения в конце ХIХ и начале ХХ века оказали свое влияние на уровень образования жителей города Туркестана и его окрестности;
- голодание, имевшее место в первые годы установления советской власти в регионе Туркестана, оказало негативное влияние на природную рост и на численность жители в регионах, близлежащих городу Туркестан;
- претворяемые в жизнь действия Советской власти в сфере национального просвещения сыграли роль в ликвидации имевшейся безграмотности среди жителей данного региона;
- коллективизация сельского хозяйства, индустриализация, насильное переселение народов и др. действия советской власти оставили глубокий след в социально-демографическом развитии города Туркестана и его региона;
- в сегодняшнее время социально-демографическое развитие города Туркестана и прилегающих регионов вплотную связано с социальными мерами и действиями, реализующимися в республике;
- построенные в городе Туркестане высшие и профессиональные учебные заведения оказывают свое влияние на социальный состав жителей региона.
Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, трех глав, в каждой из них раскрывающих сущность темы трех подглав, заключения, списка использованной литературы и приложения.
SUMMARY
of the thesis submitted to confer the scholarly degree “Candidate of Historical Sciences” with specialization 07.00.02-Civil History
(History of the Republic of Kazakhstan)
UMIRBEKULY ZHANDOS
Social-demographic condition of Turkestan town and its agglomeration
(during the period of 1867-2009 years)
Topicality of the research. Republic of Kazakhstan having developed independently and due to internal social-structural changes, having been a member of the Soviet Union and tsarist Russia and during the period of its modern sovereignty, all-round investigation of the people`s condition from a historical viewpoint is becoming more topical today. Everybody knows that changes in natural way of social-cultural development at that time have resulted in some deflections in the development of that region. These changes have influenced not only on the social-political, economic and cultural life of Kazakhstani people as a whole, but on the total region including the demographic condition of Turkestan town`s inhabitants. In connection with it, having not defined the total demographic and ethnic characteristics of the development of Kazakh society, it is impossible to analyze economic, political and social life of the living people. And it, in its turn, demands conducting research and systematization of demographic statistics data at these periods. It also demands to define common features and differences at the periods considered. Given demographic data at the mentioned historical periods can be called a full-fledged and objective research if using methods for gathering statistical data about people at that period.
In contemporary period it is necessary to comprehend the social-demographic condition of Turkestan town and its surroundings, to pay attention to peculiarities of past periods in order to define the ways of its development in future. It concludes the scientific importance and practical value of our research work.
The aim and objectives of the thesis.
-
to show economic, cultural development of Turkestan town during 1867-1917 years;
-
to research natural vegetation, national composition and migration condition of people in the town and its suburbs;
-
to consider all-round social structure of the population;
-
to reveal social-economic and cultural development of the region during the Soviet period of 1917-1989 years;
-
to investigate national structure, migration movements of the town`s population and that of its surrounding regions, rural population during the soviet period;
-
to analyze the development of economics and culture of the town during the sovereignty period of 1990-2009 years;
-
to reveal national composition, migration condition of the town`s and rural population;
-
to define the number of settled oralmans in Turkestan town and its regions, auls, also their merging in that surrounding.
The scientific novelty of the research.
- economic and cultural bloom of Turkestan town in 1867-1917 years have been investigated;
- natural vegetation, national composition and migration movements of the town`s and rural population until the Revolution have been all-round considered;
- social structure of the population has been analyzed;
- social-economic and cultural development of Turkestan town`s population during the soviet period of 1917-1989 years has been revealed;
- national composition of Turkestan town`s population and migration movements nave been researched;
- social-economic and cultural bloom of the town and its regions during the sovereignty period of 1990-2009 years have been analyzed;
- migration processes, national composition of Turkestan town and rural population have all-round revealed;
- the number of settled oralmans in Turkestan town and its regions, auls have been defined, also that of their merging in that surrounding.
The provisions for the thesis defense:
- during the reign of tsarist Russia the population composition of Turkestan was subjected to great changes;
- dto introducing the centralized politics of tsarist Russia, social composition of Turkestan town`s inhabitants and that of its regions has been shown new social groups;
- political and social changes at the end of XIX and the beginning of XX centu-ries influenced on education level of population in Turkestan town and its regions;
- famine that occurred in the first years of the soviet power establishment in Turkestan area had a negative influence on natural vegetation and the number of population in the regions nearby Turkestan town;
- coming-into-force actions of the Soviet power in the sphere of national enlightenment played an important role in liquidation of the illiteracy among the population of this region;
- collectivization of agriculture, industrialization, violent migration of population and etc. actions of the soviet power left deep trace in social-demographic development of Turkestan town and its regions;
- in contemporary time social-demographic development of Turkestan town and nearby regions is closely connected social measures and actions that are being realized in the republic;
- new-built higher and professional educational institutions in Turkestan town are influencing on the social composition of the region`s population.
The structure of the thesis. The research thesis comprises introduction, three chapters, in each of which are included three subchapters touching the main issue, conclusion, the list of bibliography and appendix.
ӨМІРБЕКҰЛЫ ЖАНДОС
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы
(1867-2009 жж.)
07.00.02 Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
09.10.2010 шығаруға қол қойылды. Көлемі 60х84/16.
Қағазы «Снегурочка». Ш.б.т. 1,5. Тираж 100.
Тапсырыс № 82.
«Тарих тағылымы» баспасы
050008, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, № 175үй, 120 кеңсе.
Байланыс тел.: +7 (727) 277 53 49
+7 702 575 95 16
Достарыңызбен бөлісу: |