21.02.2023. Бұл күні 4-курс студенттері Балтабай Дана, Сабирова Ұлжалғас және мен «Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырдық.
Мақсаты: Оқушыларды қазақ әдебиетіне деген, ғалым – ғұламаларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Еліміздің бетке ұстар адамдарын құрметтеу Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Педагогикалық тәрбиелік маңыздылығы: Оқушыларға тақырыпқа сай толық мәлімет берілді. Оқушылардың отанға деген паториоттық сезімін, адамгершілік қасиетін ояту .Елін, жерін сүюге, қазақтың нағыз азаматы болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында түрлі көрнекіліктермен, көріністермен, әнмен қоса ақпараттар берілді. Оқушылар тәрбие сағатқа ерекше атсалысып, шығармашылық қаситтерін, өнерлерін көрсетті. Оқушылар бір – біріне деген, апайларға, деген ыстық лебіздерін білдірді. Тәрбие сағаты жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өткізілді.
22.02.2023. Бұл күні сабақ кестесі бойынша 7 «В» және 8 «В» сыныптарына химия сабағы болды. Жусупбаева Камила апай бұл күні 7 «В» сыныбына «Периодтық кестенің құрылымы» тақырыбында сабақ өтті. Мен апаймен сабаққа қатысып, сабақтың барысын бақылап отырдым. Келесі сабақ 8 «В» сыныбында «Кристалды тор түрлеі, байланым типтері» тақырыбы аясында болды. 8-сыынптарда одан бөлек тағы екі факультатив химия сабағы болды. Бірінші сабақта апай тотығу–тотықсыздану реакциялары жайлы айтса екінші жартысында химияға байланысты әр-түрлі типтегі тапсырмалар орындатумен сабақты өткіздік. Дарынды баларамен жұмыс жасау барысында мен де әр-түрлі деңгейдегі тапсырмалар құрастыруды үйрендім.
24.02.2023. Бұл күні мен 9-сыныптарға сабаққа кіріп олардан білім деңгейлерін анықтауға кірістім. Бұл күні химия сабағын Жусупбаева Камила мұғалім өткізді. Тақырып бойынша: «Азот қышқылы. Азот қышқылы мен нитраттардың ерекше қасиеттері» тақырыбы аясында сабақ жұргізілді. Сабақта мұғалім оқушыларды топқа бөлу арқылы, әр-түрлі деңгейдегі тапсырмалар алып келіп сабақты өткізді. Сабақ барысын бақылап оқушылардың белсенділіктерін анықтып отырдым. Сонымен қатар оқушылармен жұмыс жүргізі барысын бақылап апайдан өзімен қажетті методтар мен сабақта қолданылып отырған әдіс-тәсілдерін жазып алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |