Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру кафедрасы Зертханалық сабактардын әдістемелік жоспары «Ет және балық өндірісі кәсіпорындарындағы құрал-жабдықтар»



бет10/17
Дата03.01.2022
өлшемі1.29 Mb.
#450474
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
зертханалык сабак ет және балық өндірісітерінің технологиялық машиналары мен жабдықтары

12 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Шыжықтан майды сығып алуға арналған қондырғының құрылымын оқып үйрену.
1. Жұмыстың мақсаты:

Тамақ өндiрiсiнде қолданылатын престердің құрылымы мен жұмыс істеу принципін және негізгі есептеу жолдарын оқып үйрену. Тәжірибие жүзінде шыжықтан майды сығып алуға араналған пресс жабдығының құрылымымен танысу.


2. Престеудің теориялық негізідері.
Сыртқы күштердiң әсерінен материалдарды қысыммен механикалық өңдейтін жабдықтарды престер деп атайды. Престердің құрылымын жетілдіру - материалдардан сұйық фракцияларды неғұрлым көбiрек бөле отырып, бөлiнген сұйықтық пен нығыздалған қалдықтың сапасын жоғарлату арқылы жүзеге асады.

Қатты денелерден сұйықты сығып шығару екi мақсатты көздейдi: бiрiншiден, сұйық бағалы компонент ретiнде (шырын, өсiмдiк майлары, және т.б.) қатты денеден ажыратылып алынады; екiншiден, сұйық бағасыз компонент ретiнде (iрiмшiктен) ажыратылады. Бұл кезде бiртектi сұйық және бiртектi нығыздалған қалдық (брикет пiшiндi) алынады. Ол өнiмнiң көлемiн кiшiрейтiп, жеңiл тасымалдануына және көп сақталуына мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайда материалдың процестi жетiлдiруде берiлген параметрлерi немесе алға қойған мақсаты өлшемдерi мен формасына және қажеттi технологиялық талаптарының қанағаттануымен анықталады.




10.2 сурет. Шыжықтан майды сығуға арналған пресс сұлбасы:
1 – шанақ; 2 – тұрқы; 3 – тасымалдаушы шнек; 4 – қабылдағыш тор; 5 – пышақ; 6 – сақина; 7 – тор; 8 – престеушi шнек; 9 – зеерлi цилиндр; 10 – сомы; 11 – торлы конус; 12 – түп; 13 – мойынтiрек торабы; 14 – шынжырлы берiлiс; 15 – тұғыр; 16 – бәсеңдеткiш; 17 – электрқозғалтқыш; 18 – сына-қайысты берiлiс.

Пресс келесi түрде жұмыс істейдi:

Шыжық шанаққа 1 тиеліп, шанақтан цилиндрлі тұрқының 2 ішінде орналасқан бойлық ойықтар арқылы жетекпен айналмалы қозғалысқа келетiн тасымалдаушы шнекпен 3 бір мезгілде тасымалданып, ұсақтау механизiмiнде ұсақталады. Ұсақталған шыжық престеуші бөлмешiкке өтiп, престеушi шнектiң 8 iшкi диаметрлерiнiң жүрiс бойынша үлкеюiне байланысты престеледі, зеерлі цилиндрдің 9 iшкi бетiндегi бойлық тесiктер мен тұрқыдағы 2 тесіктер арқылы шыжықтан бөлiнген сұйық фракция престiң астында орналасқан түпке 12 ағып, одан ары қарай келесi өңдеулерге жiберiледi. Престелген шикiзат тұрқының 2 шығар аузындағы конусты тор 11 арқылы сыртқа шығады.

престің кескіш механизімінің өнімділігінің кесу мүмкiншiлiгiн, кез-келген ет кескiш машиналар сияқты, профессор А.И. Пелеевтiң әдiстемесi бойынша былай табуға болады:



, кг/сағ (10.1)
Шнектi жұмыс iстететiн қуат:

кВт (10.17)

мұндағы: P0 – жалпы қысым, (20-30 н/см2); 0 – цилиндрдегi өнiмнiң үйкелiсiне кететiн энергия шығынын есептейтiн коэффициентi, (0,72-2,0); М0 – ұсақтағыш механизiмiнiң секундтық массалық өнiмдiлiгi, м3/с.

Престейтiн жабдықтардың есебiнде олардың өнiмдiлiгi, жұмысшы органдарының өлшемдерi және жетегiнiң қуаты анықталады. Берiлген мәндердi анықтау кезiнде өңделетiн массаның көлемi, бастапқы және соңғы майлылық пен ылғалдылығы, престеу температурасы, шыжықтың шығымдылығы және мүмкiн болатын қалдық құрамдыры қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет