109
Бағалаушылық-рефлексивті компонент бойынша
жоғарғы деңгейдің
көрсеткіштері: ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды орындау жолдарын
жетік меңгерген, ЛАТ арқылы орындалатын
тапсырмалардың мазмұнын
өзгелерге насихаттауда, жеткізуде белсенділік танытады,
ЛАТ арқылы
орындалатын тапсырмалардың интеллектуалдық құндылығына объективті баға
бере алады, ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды өз бетінше шығара
алады;
орта деңгейдің көрсеткіштері: ЛАТ арқылы орындалатын
тапсырмаларды орындау
жолдарының кейбірін меңгерген, ЛАТ арқылы
орындалатын тапсырмалардың мазмұнын өзгелерге жеткізуге талпынады, ЛАТ
арқылы орындалатын тапсырмалардың интеллектуалдық құндылығына баға
бере алады, ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмаларды өз бетінше мұғалімнің
көмегімен шығара алады;
төменгі деңгей көрсеткіштері: ЛАТ арқылы
орындалатын тапсырмаларды орындау жолдарын меңгермеген, ЛАТ арқылы
орындалатын тапсырмалардың мазмұнын өзгелерге насихаттауды, жеткізуді
қажет
емес деп санайды, ЛАТ арқылы орындалатын тапсырмалардың
интеллектуалдық құндылығына баға бере алмайды, ЛАТ арқылы орындалатын
тапсырмаларды өз бетінше шығара алмайды.
ЛАТ арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта
оқытуға құрастырылған бұл модель түрлі ойлау амалдарын орындау арқылы
үдерісті жүзеге асырудың іргетасы болуы мүмкін.
Құрылымдық-мазмұндық
модель
тұжырымдамалық
негіздеуден,
әдіснамалық
тұғырлар мен ұстанымдардан; өзара тығыз байланыстағы
компоненттерден түзілген өлшемдері мен көрсеткіштерінің жиынтықтарынан
құралған және деңгейлеріне (жоғары, орташа, төменгі) сәйкес жүзеге
асырылады.