Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда көрнекі құралдардың да алатын орны ерекше, өйткені көрнекі құрал өзге ұлт өкілдеріне тілді үйретуде мәселенің түйінін есте сақтауға көмектеседі. Сөзбен толық түсіндірілген мәселенің көрнекі құралдағы түйіні әрі есту, әрі көру сезімдерінің қатысуына байланысты есте нақтырақ сақталады. Сонымен қатар, көрнекілік сабақта қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің психологиялық талаптарын ескере отырып, оқытудың тиімділігін арттырушы күш болып табылады. «Өз тілінде сөйлейтін, өз тілінде жазатын адамдардың ұлты ешқашан жоғалмайды. Ұлттың сақталуы немесе жоғалуы үшін ең күшті фактор-бұл тіл. Тілді жоғалтуымен қатар, адамдар өздері жоғалады. Басқа ұлтты өз халқына қосқысы келетіндер, ең алдымен, бұл ұлттың тілін құртуға тырысады», мен ұлы жазушы Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен толық келісемін.
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудің қажеттілігі бүгінгі күннің Қазақстандағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Ал осы мақсаттардың орындалуы ерте жастан, яғни мектеп табалдырығынан басталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |