Қорғауға жіберілді


Электронды оқулық құрудың жолдары



бет2/9
Дата22.06.2016
өлшемі2.9 Mb.
#153678
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.1 Электронды оқулық құрудың жолдары


Дәстүрлі оқулық баспа негізінде 400 жылдық тарихы бар білім беру үрдісінде өзгеріссіз кітап. Ал электрондық оқулық құрудың алғашқы қадамдары персоналды компьютер шыққаннан бастап-ақ жүргізіле бастады. Бірінші дидактикалық тапсырмаларды жасады. Мысалы, 20 ғасырдың 90 жылдарында мектеп бағдарламасында педагогикалық бағдарламалар өңделді. Модельдік экспериментті, тестілеуді, интерактивті шешім қабылдау т.б. фунуциялары шыңдалды. Ары қарайғы аппараттық және бағдарламалық мүмкіндіктері баспа негізіндегі аналогтік оқулық құру болып табылады. Қазіргі кездегі аппараттық және программалық қамсыздандыру өте үлкен деңгейге жетті. Электрондық оқулық құрудың соңғы жабдықтары: мультимедиа, аудио файл, гипермәтін, интерактивтілік [3].

Мультимедиалық технология ол компьютердің ақпараттық және бағдармалық кешені. Ол ақпараттарды біріктіреді. Әр түрлі формадағы (мәтін, сызба, дыбыс, видео, анимация) интерактивті режимде жұмыс істеуге рұқсат береді. Қарапайым оқулықта ақпарат тек бір мәтінмен сызбада көрсетіледі. Ал электрондық оқулықта мультимедиа технологиясын пайдалануға болады:



  • электрондық оқулық мәтінінің ашық болуымен, ерекшеленген сызған қаріп түсін, өлшемін әр түрлі альфавит қорымен, математикалық формулаларды арнайы символдармен, пиктограммаларды пайдалана отырып жасауға болады.

  • Графикалық суреттерді құру өте оңайға түседі (суреттер, фотосуреттер, кесте, кез келген түрлі графика, гистограмма).

  • Ақпарат анықталған блогынан бағытталғанда дыбыстық фон немесе дыбыс сигналын пайдалануға болады (суретке, басқару нүктесіне). Автономды немесе интерактивті режимде дыбыстық бейнелерді динамикалық үрдісте беруге болады.

  • Видео бейнелерді көп рет пайдалануға болады. Соның ішінде видеоматериалдарды білім берудегі дайын магниттік тасушыларда немесе фотопленкада болса.

  • Мультимедиалық технология анимацияларды, суреттерді тірілтуге мәтіндерді т.б. оқу объектісін пайдалануға мүмкіндік береді.

WEB-те көріністермен қатар аудиофайлдар мен бейнеклиптер де маңызды роль атқарады. Кез-келген WEB-торап барлық ақпаратты беретін барлық төрт құралын да бір парақта біріктіре алады.

WEB-құралдарымен ұсынылған мультимедиялық мүмкіншіліктерді киностудияларда да үнемі қолданады. Экранда фильмге аннотацияны оқып, жарнаманың плакатын көріп, сонымен қатар актердің кино түсіру барысындағы әңгімесін естіп және тіпті фильмнің үзінділерін қарауға болады. Аудиоклиптер немесе дыбыстық файлдар Web-параққа тағы бір өлшем енгізеді. Ол адамдарға ұсынылған ақпаратты тек көріп қана қоймай, сондай-ақ оны естуге мүмкіндік береді. Музыка Web-парақ үшін тамаша толықтауыш болып табылады, себебі «дыбысталған» парақты қарау қызықтырақ.

Аудиоклипті Web-параққа енгізу кескінге қарағандағы айырмашалағы – ол дайын файл жүктегенде, яғни ойнатылуында: көріністер мен мәтін бір мезетте жүктелсе, ал аудиоклип олардан бөлек жүктеліп, парақты қарастырып жатқанда ойнатыла береді.

Бұл бөлімде аудио файлдардың әр түрлі форматы туралы және Web-параққа енгізуге болатындай аудиоклиптерді қайдан табуға болатындығы жайлы жазылады.

WAV кеңейткіші ең бірінші Windows – да шығарылатын аудиофайлдар үшін пайдаланылады. Алайда WAV файлдары әртүрлі платформадағы компьютерлерде тыңдауға әрекет жасағанда, проблемалар туындауы мүмкін. Егер біздің WEB-торабымызға қатынаушылар WINDOWS-та жұмыс істейтін болса, WAV файлдар идеалды болып табылады. Бүгінде WAV – файлдары барлық жерде қолданылады.

Мультимедиялық жиынтығына кез-келген адам өзіндік аудиофайлдарын жоғарыдағыдай оңай-ақ жазуға болады. Алдымен дауысты цифрлейтін арзан микрофон (Microsoft Sound System Kit -дыбыс жазатын бағдарламалық жабдықтауы және микрофонын ) сатып алу керек. Аса күрделі клиптерді жазу үшін стереожүйемізді стандартты кабель көмегімен дыбыстық картамен тікелей қосу қажет [15].

Клипті таңдау - WEB-параққа дауыс беру үрдісіндегі ең қиын кезеңі. Бұл бөлімде аудиофайлдарды WEB-параққа орналастырудың бірнеше тәсілдерімен танысамыз.

Аудиоклиптерді енгізу бұл нағыз мультимедиялық үй парағын жасаудағы тек бір ғана қадамы. Келесі қадам – бейнеклиптерді енгізу. Бейнеклиптер – бұл қозғалатын суреттер мен дыбыстарды фильм түрінде үлестіру. Бұл клиптер әр түрлі болады. Ол нағыз фильмдердің үзіндісінен бастап, атақты бір адаммен сұхбатқа дейін. Алайда мүмкін болатын көріністер мен дыбыстардың әртүрлілігі осымен шектелмейді. Аудиоклиптер сияқты, оларды да гипермәтіндік сілтемелер арқылы немесе тікелей параққа енгізу болады. Өкінішке орай, бейнеклиптерді қолдануды күрделендіретін бірқатар кемшіліктері болады. Ең үлкен мәселе ол файл мөлшері. Бейнеклиптер алып өлшемдерге ие. Әдетте 1-2 Мбайт. Әрбір бейнеклип тізбектеліп және бір-бірінен кейін жылдам орындалып отыратын жүздеген көріністерден тұрады. Мысалы, 1 минутқа дейін созылатын бейнеклип 1000 әр түрлі көріністерден тұруы мүмкін 2-мегабайттық файлды максималды файл максималды жылдамдықпен жүктеу 10-20 минут уақыт алады.

Ал WWW-миллиондаған қолданушылары WWW 14,4, тіпті одан да аз жылдамдыққа ие модем пайдаланады. Бұл қолданушылар осындай үлкен файлдың жүктеуін күтетіні белгілі. Алайда кейде бейнеклиптер жұмсаған уақытпен күшке тұрады.

Компьютерде бейнеклиптерді көру үшін сәйкес аппараттық және бағдарламалық жабдықтау қажет. Бұл Windows-та жұмыс істейтін компьютерлер үшін экрандағы қозғалатын фильмдерді қарау үшін қажетті оперативті жады көлемі болу керектігін білдіреді. Сонымен қатар, бізге арнаулы бағдарлама қажет.

Гипермәтін қарапайым мәтіннен айырмашылғы гипермәтін көптеген гиперсілтемелер арқылы байланысқан мәтіннің бөлек-бөлек бөліктері. Төмендегі сызбада мәтін мен гипермәтін құрылымы көрсетілген.

Әрбір түйінде бір немесе бірнеше сілтемелер болуы мүмкін (кілттік сөз, алмасу нүктесі ерекшеленген графикалық элементтер түрінде) олардың көмегімен келесі түріне өтуге болады. Гипер мәтіннің ашық құрылымы келесі мінездемелерге ие бөліктерінің ақпаратты әртүрлі өлшемде бөліктер арасындағы гиперсілтемелер пайдалануға бір бөліктен екіншіге өтуге рұқсат береді. Жүйелік принцип сілтеме құрылымы ретінде жүреді. Гипермәтіннің барлық элементтерін пайдаланушыларға бір мезетте шығуға көмектеседі. Пайдаланушы қатарыннан динамикалық бақылау гипермәтінде қайда беру керектігін шешеді.

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айырықша кодты осы сөз ішіне енгізу.

Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету бағдарламалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

HTML тэгтері құжаттың жолдарын туралау, экран фоны мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік беретінін білеміз. Тэгтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі суреттер енгізіп, олардың айналасына мәтін жазу, сондай-ақ парақтарды безендіруге болады. Сол себепті осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды, әрі тартымды Web-құжаттарды құруға мүмкіндік бар.

Web – құжаттарды кәдімгі газет-журналдар сияқты оқитын болғандықтан, Web – жарияланымдар деп те атайды.

HTML тэгтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер де құруға арналған арнайы тобы бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз басқа Web – парақтардың желілік адресімен байланысқан мәтіннің немесе суреттік бейненің ерекшеленген бөлігі. (Әдетте гипермәтіндік сілтемелер астын сызу немесе басқа түспен ерекшеленеді).

Интерактивтіліктің үш түрі бар:

1). Реактивті интерактивтілікте оқушылар бағдарламада берілген тапсырмаларда ғана жауап береді. Оқушы еркін өзін қызықтырған тақырыпты аша алады бірақ мазмұнын өзгерте алмайды.мұндай тапсырма оқып жатқан материал бойынша демокстрация немесе бірінші таныстық болуы мүмкін.

2). Нақты интерактивтілік бағдарламаларды оқушылар басқарады. Олар белгіленген тапсырманы бағдарлама тәжірибесімен орындай ма,әлде өз беттерімен орындай ма,өздері шешеді. Берілген тапсырмалар типі гипермәтіндік белгі немесе электрондық анықтама құрылымын таңдайды.(Энцеклапедия берілгендер базасы). Сызықтық емес оқыту моделі пайдалануға өз бетімен оқуға мүмкіндік береді. Әр түрлі білім стратегиясымен қарулануға мүмкіндігі зор. Сызықтық емес оқу моделі қашықтықтан оқытуда тиімді.

3). Өзара интерактивтілік – оқушылар мен бағдарлама бір-бірімен оңай байланысады. Ол үлкен диапозонда бола тұра ақпарат мазмұнына әсер етуге мүмкіндік береді:

- тышқан тетігімен экрандағы объектілерді басқару;

- гиперсілтемелерді пайдаланып иеархиялық новигация жасау;

- анықтамалық, диалогтық функция;

- өте әсерлі, егер ақпаратты таныстыруға икемді болса;

- кері байланыс бағдарлама реакциясы пайдаланушының қимылына баға мен сапа беру , бұл реакция экранға шығады [3].

Электрондық сабақ- көлемі аз немесе практикалық пайдалану маңызына орай одан да кіші құрамды бөліктерге бөлуге келмейтін белгілі бір шағын тақырыпты оқытуға арналған қысқа компьютерлік бағдарлама [21].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет