Қорғауға жіберілді


Программаланған оқытудың негізі



бет8/9
Дата22.06.2016
өлшемі2.9 Mb.
#153678
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3 Программаланған оқытудың негізі

Программаланған оқыту - бұл педагог ( немесе оны алмастыратын оқытушы машина) сияқты оқушылардың да әрекеттері қарастырылған, алдын ала дайындалған программа бойынша оқыту. Программаланған оқыту идеясын ХХ ғасырдың 50 жылдары психология мен техниканың экспериментальды жетістігін пайдалана отырып, оқу процесін басқарудың тиімділігін көтермелеу үшін психолог Б.Скиннер ұсынды.



Сурет 16. Б.Скиннер

Объективті программаланған оқыту ғылым мен тәжірибенің тығыз байланысты білім беру шеңберіне, адамның анықталған әрекеттерін машинаға берілуіне, қоғамдық қызметтің барлық шеңберінде басқарылу функциясының өсуіне өз әсерін тигізеді. Оқыту процесін басқару тиімділігін көтермелеу үшін осы процесске қатысы бар барлық ғылымдардың, бәрінен бұрын кибернетиктер - басқарудың жалпы заңы жайлы ғылымдар жетістіктерін қолдану қажетті. Сондықтан программаланған оқыту идеясының дамуы оқу процесін басқаруда ортақ талаптар қоятын кибернетиканың жетістігімен байланысты болды. Үйренуші бағдарламада бұл талаптардың жүзеге асуы оқу процесінің өзіне тән ерекшеліктерін қарастыратын, психологоия-педагогикалық ғылымдар деректерінде қарастырылады. Бірақ бұл оқыту үлгісін зерттеу барысында мамандардың бір тобы психологиялық ғылым жетістіктеріне сүйенсе (біржақты психологиялық бағыт), келесі топ тек кибернетиканың тәжірибесіне (кибернетикалық біржақтылық) сүйенеді. Оқыту тәжірибесінде оқытылып отырған бағдарламаның зерттемесі практикалық тәжірибеде негізделген, ал кибернетика мен психологиядан тек жеке деректер алынған, ол эмпирикалық бағыт түрі [15].

Бағдарламаланған оқытудың жалпы теориясының негізіне материалдың меңгерілу үдерісінің бағдарламалануы тиісті. Оқытудың бұл әдісі логикалық аяқталған, ыңғайлы және біртұтас болып табылады, анықталатын ақпаратты белгілі мөлшерде оқуды ұсынады.

Бүгінгі таңда бағдарламаланған оқытудың айналасында басқарылатын үйренушінің құрылымының көмегімен бағдарламаланған оқу материалын меңгеру түсіндіріледі (ЭЕМ, бағдарламаланған оқулықғ кино тренажор т.б.) (1 сурет). Бағдарламаланған материал оқу ақпараттарының белгілі логикалық кезекпен берілетін салыстырмалы біраз үлесін ұсынады ("кадрлар", "файлдар", "қадамдар") Кесте 11.


Программаланған оқыту


Алдын ала дайындалған, педагог (немесе оны алмастыратын оқытушы машина) пен қатар оқушының да іс-әрекеті қарастырылатын программаны оқыту

1. Оқу материалы элементарлы логикалық кезектесіп меңгеріледі.

2. Білімнің белгілі мөлшерін хабарлағаннан кейін бірден меңгерілуін бақылау.

3. Саналылық құрылымының ерекше стилін құрастырады, ойластыру басқарылатын болып табылады.


Жетістіктері:

1. Рационалды саналы қимылдардың әдістерін құрастырады.

2. Логикалық оәлай білуді тәрбиелейді.


Жеткіліксіздігі:

1. Оқу барысындағы дербес болуын толық қамтамасыз ете алмайды.

2. Көп уақыт жоғалтуға әкеліп соқтырады.

3. Алгоритмге қойылған білім алуды ғана қамтамасыз етеді және жаңа тапсырманы алуға мүмкіндік бермейді.


Кесте 11. Бағдарламаланған оқыту: мәні, жетістіктері, қажеттіліктері.

Бағдарламаланған оқытуда білім беру нақты басқарылатын үрдіс ретінде жүзеге асырылады, оқытылатын материалдар ұсақ, жеңіл меңгерілетін бөлшектерге бөлінеді. Олар оқушының менгеруі үшін дәйекті түрде көрсетіледі. Әрбір оқылған бөліктен кейін меңгерілу деңгейі тексеріледі. Бөлшек толығымен меңгерілсе келесіге көшеміз. Оқыту "қадамы" дәл осы: көрсету, меңгеру, тексеру болады [18].

Әдетте оқытылатын программаны құрастыру барысында психологиялықтан оқу үдерісінің индивидуализациясы, ал кибернетикалық талап етуден жүйелік кері байланыстың қажеттілігі ғана саналды. Меңгеру процесінің белгілі моделін жүзеге асырудың тізбектілігі болмады. Адамды үйрету мен жануарды үйретудің арасында байыпты айырмашылық жоқ деген, оқытудың бихевиористік теориясына негізделген Б.Скиннердің тұжырымдамасы көбірек белгілі болды. Бихевиористік теорияға сәйкес оқытылатын бағдарламалар дұрыс реакцияны бекіту және алу тапсырмаларын шешуі тиіс. Дұрыс реакцияны жасау үшін ұсақ қадамдарды сирету процес ұстанымы және көмек беру жүйесі ұстанымы қолданылады. Үдерісті сиректету кезінде бағдарламаланған күрделі тәртіп әрбір оқушы қатесіз аяқтау үшін қарапайым элементтерге бөлінеді. Оқушы бағдарламасына реакцияны талап ететін көмектесу жүйесін қосу барысында алдымен дайын түрдегі көмек беріледі (көмектесудің ең жоғарғы дәрежесі), одан кейін жеке элементтерді өткіземіз (әлсіз көмектесулер), оқытудың соңында реакцияны нағыз дербес орындау сұралады (көмектесуді алып тастау). Мысал ретінде өлеңнің жатталуын алуға болады: алдымен төрт жол толығымен беріледі, одан кейін бір сөздің тасталып кетуі, екі сөздің тасталып кетуі және толығымен жолдың тастап кетілуі болады. жаттаудың соңында оқушы төрт жол өлеңнің орнына төрт жол көпнүкте алады, және өлеңді өзі жатқа айтады. Реакцияны бекіту үшін әрбір дұрыс қадамның және реакцияның бірнеше рет қайталау ұстанымы, бірден бекіту ұстанымы қолданылады [22].



3.1Үйренуші бағдарламалардың түрлері

Бихевиористік негізде құрылған үйренуші бағдарламалар мынандай түрлерге бөлінеді:

а) Сызықтық, Скиннер дайындаған;

б) Н.Краудердің тармақталған бағдарламасы.

1) Психологияға бихевиористік бағыт негізінде ХХ ғасырдың 60 жылдары ең алғаш американ психологы Б.Скиннер құрастырған бағдарламалық оқытудың сызықтық жүйесі.

Ол оқытуды ұйымдастыруда келесі талаптарды ұсынды:

- оқу барысында ұқыпты таңдалған және орналастырлған "қадамдардан" кезекпен өту керек;

- Ол тек оқу материалдарын қабылдап қана қоймай, сонымен қатар оны зерттеп, оқушылар барлық уақытта " іскер және бос емес" болу үшін оқытуды ұйымдастыруды осылай құру керек;

- Ең соңғы материалды меңгеруге өтпестен бұрын, оқуыш алдыңғы материалдарды жақсылап меңгеруі керек;

- Оқушыға материалдарды үлкен емес бөліктерге бөлу ( бағдарламаның "қадамдары") жолымен, нұсқау беру жолымен көмектесу керек;

- Оқуға деген қызығушылықты қолдай отырып, белгілі тәртіпті тағайындау ғана емес, сонымен қатар кері байланысты пайдаланып, оқушының әрбір дұрыс жауабын бекітіп отыруы керек;

Осы жүйемен байланысты оқушылар үйреніп отырған бағдарламаның барлық қадамдарынан бағдарламада берілген кезек бойынша тәртіппен өтеді. Тапсырма ақпараттық текстте берілген бос орындарға бір немесе бірнеше сөздер енгізу қадамымен орындалады. Осыдан кейін оқушы осыған дейін қандай да бір жолмен жабылып қалған сұрақтардың жауабын тексерип, дұрыс жауаппен салыстыру керек. Егер оқушының жауабы дұрыс болса, онда ол келесі қадамға ауысады; егерде оның жауабы дұрыс жауаппен сәйкес келмеген жағдай болса, онда тапсырмана қайтадан орындайды. Осының нәтижесінде, программалық оқытудың сызықтық жүйесі тапсырманы қатесіз орындауды талап ететін оқыту ұстанымына негізделген. Сол себепті программалаудың қадамдары мен тапсырмалары әлсіз оқушыларды ескере отырып құрастырылған. Б.Скиннердің ойынша оқушы тапсырманы орындай отырып негізгі элементтерді үйренеді, ал тапсырманың дұрыс орындалуын бекіту оқытушының алдағы қызметінің стимуляциясының бекітілуіне қызмет етеді.

Сызықтық программалар қадамдардың қатесіз орындалуына есептелген, яғни олардың ішіндегі ең әлсізінің деңгейіне сай болуы керек. Күшіне қарай бұл программаның коррекциясы қарастырылмаған: барлық оқушылар бірдей тізбектелген кадрды (тапсырманы) алады және сол бірдей қадамдарды орындауы керек, яғни бір сызық бойымен жылжуы тиіс (осыдан программаның аты сызықтық болып табылады) [24].

3.1.1 Ресейлік ғылым және тәжірибедегі программалық оқытудың дамуы

Ресейлік ғылымда программалық оқытудың теориялық негізі белсенді оқытылды және де ХХ ғасырдың 70 жылдары тәжірибедегі жетістіктер енгізілді. Бұл саладағы негізгі мамандардың бірі Мәскеу университетінің профессоры Нина Федоровна Толызина болды Сурет 10 .



Сурет 10. Нина Федоровна Толызина

Ресейлік нұсқада оқытудың бұл типі саналы қимылдардың саты құрылуы бойынша, П.Я.Гальперинаның түсінігі және кибернетика теориясына негізделеді. Программалық оқытудың жүзеге асырылуы әрбір оқытылатын пәннің спецификалық және логиқалық ойлаудың қабылдануы, толықтай танымдық қызметтің рационалды нұсқасының әдісіне жүгінеді. Тек осыдан кейін танымдық қызметтердің осы түрінің құрастырылуына бағытталған танымдық программаның құрылуы мүмкін [23].

3.2 Программалық оқытудың жеткіліксіздігі және артықшылықтары

Программалық оқытудың қасиеттерінің қатары: аз мөлшерде меңгеру жеңіл, меңгеру жылдамдығын оқушы өзі таңдайды, жоғарғы нәтиже қамтамасыз етіледі, саналы әрекеттердің рационалды әдістері таңдалады, логикалық ойлай білу үйретіледі. Сонымен қатар оның жеткіліксіздігі бар. Мысалы:

- өздігінен оқуды дамуын толығымен қамтамасыз етпейді;

- көп уақыт мөлшерін талап етеді;

- тек алгоритмдік аралас түрдегі тапсырмаларда қолданылады;

- алгоритмге қойылған білімді алуды қамтамасыз етеді және жаңасын алуға мүмкіндігі жоқ. Бұл ретте үйренудің мардымды алгоритмдеуі танымдық қызметтің өнімді құрылуына кедергі жасайды.

Бағдарламалық оқытумен кеңінен айналысқан ХХ ғасырдың 60-70 жылдары программалау жүйесінің қатары және көптеген әртүрлі үйретуші машиналар және құрылғылар құрастырылды. Бірақ сонымен қатар программалақ оқытуды сынаушылар да болды. Э.Лабэн барлық кінараттарды программалық оқытуға қарсы жинақтады [17].

- программалық оқыту топтап оқытуда оң нәтижелерін бермейді;

- программа оқушыны барлық уақытта қаншалықты алға сүйрегенімен оның инициативасының дамуына көмектесе алмайды;

- программалық оқытудың көмегімен тек қарапайым материалдарды үйретуге болады;

- бекітуге негізделген теориялық оқыту интелектуалдық гимнастикаға негізделгенге қарағанда нашар;

- программалық оқыту кейбір американдық зерттеушілердің қарсы бекітуі бойынша кітаптық және вербальдық сияқты революциялық емес, консервативтік;

- программалық оқыту 20 жылдан астам уақыттан бері мидың қызметі мен меңгеру динамикасының құрылымын меңгеретін психологияның жетістіктерін жоққа шығарады;

- программалық оқыту оқылып отырған пәннің мақсаттық бейнесін толық алуға мүмкіндік бермейді, және өз алдына "кішісінен бастап оқытуды" ұсынады;

Айтылған кінараттардың барлығы әділ болмаса да, өз алдына белгілі негіздерге ие. Сол себепті программалық оқытуға деген қызығушылық ХХ ғасырдың 70-80 жылдары төмендеді және оның қайта дүниеге келуі кейінгі жылдары жаңа компьютерлік техниканың кеңінен қолданылуымен байланысты.

Байқалағандай программалық оқытудың жүйесінің түрлі таралуы ХХ ғасырдың 50-60 жылдары қолға алынды, кейінірек программалық оқытудың тек жеке элементтерін қолдана бастады. Соңғы жылдары программалық оқыту идеясы жаңа техникалық негізде (ЭВМ, теледидарлық жүйе, микрокомпьютерлер және т.б.) оқытудың компьютерлік немесе электрондық формасында туындай бастады.

Жаңа техникалық база оқыту үдерісінің толығымен автоматтандыруға, үйретуші мен оқушы жүйесінің арасындағы диалогты барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің бұл арадығы ролі программаның негізгі құрылымын, коррекциясын жетілдіруіндежәне машинасыз оқыту элементтерін өткізу. Әсіресе компьютерлік программалық оқытудың көпжылдық тәжірибесін, тек оқытудың жоғарғы дәрежесін ғана қамтамасыз етіп қоймай, оқушылардың ойының дамуын қамтамасыз етип, қызығушылығының әлсіретпеуін көрсетті [17].

3.3 Delphi де қолданылатын файлдар

DOS та немесе Pascal да программа құрған қолданушылар, қарапайым программаны бір файлда сақтауға үйренген.

Delphi - да, егер сіз проекті жаңа ғана құрсаңыз және кодты жасаңыз, программада бірнеше файлдар болады. Проектке жаңа форма қоссаңыз файлдардың саны үлкейе түседі. Сіз құрған барлық программа файлдарын, екі бөлікке бөлуге болады: проектің файлы және форманың файлдары.

Проектің файлы проекті құрған кезде ең басында құрылады. Осындай файлдар проектің атымен сәйкес келеді, ал кеңейтілуі мынандай болады:

DPR (Delphi Project) – проектіңбастыфайлы. Мұнын құрамында программаның текстісі бар – инструкция, онда басқа модульдерді қосады.

DOF (Delphi Option File) және CFG (project ConFiGuration file) – проектіңконфигурациялықфайлы. Мұнынқұрамындапроектіңпараметрлері, компиляторжәнекомпоновщикбар. Файлдыңпараметрлерінөзгертуүшін, Project Options терезесінашукерек.

RES версия туралы мәліметтерді сақтайды және программаның белгішелерін сақтайды. Сіз модуль құрған кезде, бастапқы файлдар өте көбейет үседі. Әдетте жаңа проекті құру кезде форма құрылады. Сондықтан проекте форманың файлдары болады.

Оларды қарастырайық:

DCU (Delphi Compiled Unit) – модулдің компиляцияланған кодын құрайды, ол проектің компиляциясын жылдамдатады, егер онда бірнеше модуль болса, біреуін ғана редактрлейді.

DFM (Delphi Form File) – формаға байланысты мәліметтерді сақтайды: онда компоненттерді және оның қасиеттерін құрайды.

PAS – Object Pascal тіліндегі программа, ол файл модулі (Unit) текстісімен беріледі. Сіз жазатын программа тексті, осында сақталады.

Басқа кеңейтулері бар файлдар сирек кездеседі, оларды қысқаша атап шығайық:

BPG (Borland Project Group) – жинақтаушыфайл

BPL (Borland Package Library) – бұл DLL олөзінде VCLкомпонеттерін қосады.

DCP (Delphi Component Package) – файлдың бастапқы компоненті. Компиляциядан кейін BPL кеңейтулері мен файлқұрылады.

DDP (Delphi Diagram Portfolio) – мұнда диаграмма сақталады.

DPK (Delphi Package) – проектің файлының пакеті

DSK(Desktop) – бұ лфайлда Delphi жұмысортасын құрау сақталады.

OBJ – объектік файл, онда С және С++ қолданылады.

Файл құрылымы: Программаның құрылымын жазбас бұрын, проект дегеніміз не екенін еске түсіріп алуымыз керек. Delphi де жаңа программа құру үшін сіз жаңа проект құрасыз. Проектің файлы DPR кеңейтуін алады. Проектте бірнеше форма болуы мүмкін. Әр форманын коды (программа текстісі) PAS кеңейтілуімен файлда сақталады.

Енді бізге PAS файлын қалай орналасқанын қарауға болады. Delphi де жазылған әрбір программа бір DPR файлынан және бірнеше PAS файлынан тұрады [3].
3.4 Проект құрылымы

Delphi проекті өзін программалық бірліктер жиынтығы модульдер ретінде ұсынады. Модульдердің біреуі – негізгісі программаның орындалуы басталатын инструкцияларды кірістіреді. Негізгі модуль толық Delphi-да кірістірілген. Негізгі модуль толық Delphi да кірістірілген. Негізгі модуль кеңейтілуі .dpr типті файл. Негізгі модульді көру үшін мына команданы таңдау қажет Project →View Sourse.

Негізгі модуль program сөзінен басталады және қасына проект атымен сәйкес келетін аты жазылады. Бұл ат проектіні сақтау барысында беріледі. Ол компилятор мен жасалатын орындалатын файлдың атын анықтайды. Содан соң uses сөзінен кейін қолданылатын модульдер аттары жазылады: Forms кітапханасы Project1 .pas форма модулі [19].

{$R*.res}жолы – бұл файлдық ресурстарды қосу үшін компиляторға деректива. Ресурстық файл қосымшалар ресурстарын қосады (кірістіреді) : пиктограммалар, курсорлар, биттік бейнелер және т.с.с.

Мұндағы * - ресурс файл аты проект атымен сәйкес келетіндігін бірақ кеңейтілуі .res болатындығын білдіреді.

Ресурстық файл текстік файл емес. Сондықтан оны текстік редактор арқылы көру мүмкін емес. Олар мен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар қолданылады. Мысалы, Resourse Work Shop. Сонымен қатар Delphi утилитасына кіретін Image editor (Tools →Image Editor) командасын таңдау арқылы көруге болады [2].

Негізгі модульдің орындалатын бөлімі begin және end сөздері арасында орналасады. Оның арасында біздің мысалда 4 оператор тұр. Жиі ол 3 болады. Олардың әрқайсысы Application объектісінің бір әдісін шақырады.



Applicationобъектісінде барлық Windows программалардың дұрыс функцияналдануы үшін керек мәліметтер және ішкі программалары жиналған. Delphi автоматты әр жаңа проект үшін объект программасын әзірлейді.

МұндағыInitializeәдісі арқылы Windows операциялық жүйенің басқарылуымен жұмыс істеу үшін керек бірнеше көмекші функцияларды іске асырады.



Application Initialize бұл жолды оқыған соң компилятор арнайы кодты жасайды. Ал код процессорды Delphi әзірлеушілер фрагментін жасауға шақырады.

CreateForm экранда негізгі форма терезесін әзірлейді және көрсетеді.

Run әдісі Windows-та қолданушының қимылдары туралы хабарламаларды алудың және өңдеудің көптеген циклдарын орындайды. Сонымен қатар программа (проект) негізгі модульден басқа кем дегенде бір форма модулін кірістіреді. Delphi-да әр формаға өз модулі сәйкес келеді.

Модуль аты unit сөзінен басталады. Одан кейін оның аты жазылады. Дәл осы ат алдыңғы қосымшаның негізгі модулінің uses бөлімінде жазылған. Кез келген модульдің жалпы құрылымы былайшы жазылады.

Unit <аты>

interface



<интерфейстік бөлімі>

implementation



<орындалатын бөлімі>

unitialization



<инициализация бөлімі>

finalization



<аяқталу бөлімі>

end.


Интерфейс бөлімінде компиляторға модульдің қандай бөлігі басқа модульдердің қатынауға болатындығы хабарланады.

Мұндағы uses сөзінен соң осы модульмен қолдануға болатын барлық кітапханалық модульдер хабарланады. Сонымен қатар мұнда type сөзінен соң Delphi мен құрастырылған форма сипатталады.



Орындалу бөлімінде форманы қолдайтын локальды айнымалылар процедуралар және функциялар хабарланады. Бұл бөлім {$R*..dfm} директивасын хабарланудан басталады. Ол компиляторға орындалып жатқан форманы генерациялау процесі кезінде форма сипатталуын қолдану керек екенін көрсетеді. Форманың сипатталуы кеңейтілуі .dfm болатын және аты модуль атымен сәйкес келетін файлда сақталады. Форманың сипатталу файлы Delphi ортасымен форманың сыртқы түрі негізінде регинацияланады.

{$R*..dfm}дерективасынан кейін форманы және оның компоненттерінің жағдайларын өңдеу процедуралары жазылады. Мұнда программист өзінің функцияларын және процедураларын кірістіре алады.

Инициализация және аяқталу бөлімдерініңжиі және оның басталуы unitialization және funalization сөздері мен қоса болмайды. Инициализация бөлімінде негізгі программаға басқарылуы әлі берілмеген кезде орындалатын операторлар орналастырылады және оның жұмысы дайындалады. Мысалы, онда жұмыс алдында керек файлдар ашылады, айнымалылар инициализацияланады және т.с.с.

Аяқталу бөлімінденегізгі программа аяқталған соң орындалатын операторлар жазылады. Егер бірнеше модульдерде инициализация бөлімдері болса, онда олар негізгі модульдің uses бөлімінде хабарланған ретімен орындалады. Егер бірнеше модульдерде аяқталатын бөлімдері болса, онда олар негізгі модульдің uses бөлімінде хабарланған ретінде кері ретпен орындалады [22].



3.5 VB программалау тіліне құрылған электрондық оқулық

Дипломдық жұмыстың жобасының алғашқы беті «Қолданушыны таңдау терезесінен» бастап ашылады.Мысалы: Сурет 11 Жоба Visual Basic программалау тілін студенттің немесе оқушының өз бетімен меңгеру үшін жасалған оқытушыларға көмекші құрал ретінде жасалған электрондық оқулық. Электрондық оқулық тармақталған алгоритм бойынша оқыту әдісі негізінде құралған.



Сурет 11. Қолданушыны таңдау терезесі

«Қолданушыны таңдау терезесінде» бағдарлама авторы батырмасы автор туралы мәлімет береді. Сурет 12.


Сурет12. Бағдарлама авторы.


Алғашқы беттегі келесі элемент тіркелуге шақыру жолы. Егер қолданушы оқулық пен танысқысы келсе міндетті түрде тіркелуден өтуі керек. Сурет 13.

Сурет 13. Тіркелуге шақыру жолы.


Оқулықпен танысу үшін қолданушы төмендегі жолдарға мәліметтер енгізуі керек. Енгізілетін символдарға ешқандай ереже қойылмаған, сондықтан кез-келген символдарды пайдалануға болады. Сурет 14.

Сурет 14. Қолданушыны тіркеу терезесі.

Арнай жолдар толтырылғаннан кейін төмендегі екі батырма арқылы сақтауға немесе кері қайтуға болады. Сурет 15.


Сурет 15. Қоланушы атын сақтау немесе қайтару батырмасы.

Егер бұрын соңды бұл оқулықпен жұмыс жасаған қолданушыға тіркелу процесінен аттап бірден сақталған мәліметтердің ішінен аты-жөнін тауып жасырын сөзді енгізу арқылы оқулықтың қай парағында тоқтады, сол парақтан бастап жалғастырып оқуға болады. Сурет 16.

Сурет 16. Тіркелгеннен кейін қолданушының өзі туралы мәліметтерді растау бөлімі.

Қолданушы аты-жөнін және жасырын сөзді енгізгеннен кейін «кіру» батырмасын басу арқылы оқулықпен таныса алады және төмендегідей хабарлама алады. Сурет 17. Кері жағдайда «Шығу» батырмасын басу арқылы оқулықтан шыға алады.

Сурет 17. Қолданушыға арналған хабарлама.


Осы тізбектерден өткеннен кейін оқулық ашылады. Ашылған терезеде қолданушының аты-жөні, тақырып нөмірі, ағымдағы тақырып нөмірі кестеде белгіленіп тұрады, 1-ші тақырып бойынша ақпарт және теориялық материал толықтай оқылып, меңгерілгеннен кейін, қолданушының білімін тексеру тест

сұрақтарынан тұрады. Сурет 18.



Сурет 18. Оқулықтың бірінші беті.

Енді осы бөлімдерге тоқталайық. Беттің жоғарғы бөлімінде он бес тақырып нөмірлері кестеге салынған, ағымдағы нөмір белгіленген. Тақырыптың жанында оның деңгейі көрсетілген. Кез-келген тақырып а және б деңгейден тұрады, тест сұрақтарын көру батырмасы бар. Сурет 19.

Сурет 19. Беттің жоғарғы бөлімі.

Төменгі бөлімде тақырыпқа сай теориялық материалдар жинағы орналастырылады. Бетті жылжыту элеметтері арқылы аталмыш материалдармен толық танысуға болады. Сурет 20.

Сурет 20. 1-ші тақырып бойынша ақпарат.

Теориялық материал толықтай оқылғаннан кейін қолданушы «тесттен өту» батырмасын басу арқылы келесі хабарламаны алады. Сурет 21.

Сурет 21. Тақырыпқа құрылған тест сұрақтарының саны туралы хабарлама.


«ок» батырмасы арқылы тест сұрақтары ашылады. Сұрақ және жауаптар тіздегі берілген. Жауапты таңдау тізімінен қажетті жауап көрсетілгеннен кейін «Жауап беру» батырмасы міндетті түрде басылу керек. Сурет 22.

Сурет 22. Тест сұрақтарының қабықшасы.

Сұраққа берілген жауаптың дұрыс немесе қате екенін қолданушы шыққан хабарлама арқылы біледі. Сурет 23.

Сурет 23. Жауапқа байланысты хабарлама терезесі.


Қолданушы жауабының дұрыстығына немесе бұрыстығына қарамай келесі тест сұрағына көше алады.Сурет 24. Жоғарыда айтылған алгоритм бойынша, бұл сұраққа да жауап беріп, келесі сұраққа өтеді.

Сурет 24. Тесттің 2- ші сұрағы.


Егер сұраққа берілген жауап қате болса, төмендегідей хабарлама келеді және ол хабарламада дұрыс жауап көрсетіледі. Сурет 25.

Сурет 25. Жауаптың қате екені туралы хабарлама.


Осы ретпен барлық тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін қолданушы тағы да хабарлама алады. Мысалы ,егер, берілген жауаптың 83-100 пайызы дұрыс болса, қолданушы келесі тақырыпқа өтеді.Сурет 26.

Сурет 26. Келесі тақырыпқа өту хабарламасы.


Оқулықтың келесі бетіғ яғни екінші тапсырма. Алдыңғы беттегідей бөлімдерден тұрады. Кестедегі 2 саны белгіленеді. Сурет 27.

Сурет 27. Оқулықтың 2-ші беті.


Қолданушы тақырыпқа сай ақпаратпен танысқаннан кейін жоғарыда айтылғандй тест сұрақтарына көшеді. Сурет 28.

Сурет 28. 2-ші тақырыптағы тест сұрақтарының саны туралы хабарлама.


Егер қолданушы сұрақтарға жауап бергенде, дұрыс жауаптар 83 пайыздан төмен болса, онда қолданушының келесі тақырыпқа өтпегені туралы хабарлама және сол тақырыптың жеңілдетілген деңгейіне түсірілгені туралы хабарлама көреді. Сурет 29.



Сурет 29. Қолданушыға келесі тақырыпқа өтпегені туралы келген хабарлама.


Осы хабарламадан кейін тақырып деңгейі ауысады және тест сұрақтары жеңілдетілген b деңгейде беріледі. Сурет 30.


Сурет 30. Жеңілдетілген b деңгейі.


Ал егер қолданушы бұл дейгейден де өтпей қалса, онда оқулықтың алдыңғы тақырыбына көшіріледі. Қайтару қолданушыны алдыңғы тақырып боынша мәліметтерді меңгеруге немесе қайталап есіне түсіруге мүмкіндік береді. Сурет 31.

Сурет 31. Қайтару хабарламасы.

Қолданушы екінші беттің екі дейгейі бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап бере алмай. Бірінші беттің а деңгейіне келеді. МАтериалды меңгеріп болған соң, тағы тест тапсырады, жауаптары 83-100 пайз аралығында болса келесі тақырыпқа өтеді, әйтпесе бірінші тақырыптың b дейгейіне түреді. Сурет 32.

Сурет 32.Келесі тақырыпқа өту немесе қайтарылу терезелері.

Осы алгорит бойынша он бес тақырып қарастырылады.

Бағдарламаға «VB программалау тілі» пәні бойынша жасалған он бес зертханалық жұмыстар қосылған. Сурет 33.



Сурет 33. Негізгі жқмыс терезесі.

Зертханалық сабақтар терезесі төмендегідей ашылады Сурет 34.

Сурет 34. Зертханалық сабақтар терезесі

Зертханалық сабақтапрды жекелеп көру мүмкіндігі бар. Инструментер тақтасындағы батырмалардың қызметтері Сурет 35:

1 - батырма қайта оралу басты терезеге

2 -батырма зертхананы тапсырмасын ашу

3 - батырма видео зертхана кору


5 батырма visual basic бағдарламасын ашу

Сурет 35. Инструментер тақтасындағы батырмалардың қызметтері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет