Қорғауға жіберілсін: Қылмыстық құқық кеден пәндері кафедрасы


Кәмелетке толмағандар үшін белгіленген



бет3/3
Дата15.06.2016
өлшемі375.5 Kb.
#137031
1   2   3

Кәмелетке толмағандар үшін белгіленген

жаза түрлері:


Айыппұл



Айыппұл
Б
Белгілі бір қызметпен айналысу

құқығынан айыру

елгілі бір қызметпен айналысу


құқығынан айыру

Қоғамдық жұмыстарға тарту




Түзеу жұмыстары

Қамау




Бас бостандығынан айыру


Кәмелетке толмағандарға жоғарыда көрсетілген қылмыстық жазаларлар олар жасаған іс-әрекеттерге сәйкес барлық мән-жайлар ескеріліп қылмыстық кодекстегі тәртіп бойынша тағайындалуы тиіс.

2.2. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары және оның

мазмұны.
Кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше рі бар мәжбүрлеу шаралары өзінің табиғатына сәйкес қылмыстық-құқықтық шара болып табылады.

Бала болашағымыз деп жиі айтамыз , ал сол кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс жасаушылық бүгінгі күнде аз кездеспейді. Балалар бұзақылық жолға қалай түседі, оның себептері, жасалатын қылмыстардың түрлері қандай деген сан-сауал көлденеңдейді. Бұл орайда әңгімені осы тұрғыдан бастағанды жөн көріп отырмын.

Кәмілетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресу кешенді қимылдауды талап етеді. Мәселен, қалалық ішкі істер бөлімінің жанындағы жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полициясының басты міндеті, біріншіден, тұрмыс-тіршілігінде қолайсыз жағдайлар қалыптасып, бала тәрбиесі бетімен жіберген отбасын анықтап, олармен мақсатты жұмыс жүргізу, екіншіден,қиын балаларға қылмыс жасатпауға күш салып, алдын-алып, ата-аналарымен бірге қимылдау болып табылады. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Алматы Түзеу жұмыстары

қаласы бойынша жасөспірімдер арасында 67 қылмыс жасалған. Қылмыс түрлеріне келсек ол бірлескен қылмыстар, тонау, ұрып-соғу т.б жасөспірімдердің қылмыс жасауына әртүрлі жағдайлар себеп болады. Айталық, отбасының тұрмыс-тіршілігі, яғни күн көріс қиындығы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ ата-анасы ала дорбасын арқалап күнкөріс қамымен базарда жүріп, баласының күнделікті немен шұғылданып жүргеніне мән бере қоймайды. Оның үстіне кәмілетке толмаған баланы қадағалауға міндетті мектептің де, мұғалімдердің де тарапынан бақылау төмен. Рас, тәрбие жұмыстары соңғы кезде қолға алына бастады. Бірақ кезінде арқауы босап кеткен нәрсені бірден қалпына келтіре қою оңай шаруа емес. Бүгінде жастар тәрбиесінде тағы бір үлкен проблема туындап отыр, ол есірткімен күрес екендігі белгілі. Өкінішке орай бұл кесел кеиінгі кезде күрт өсуде.

Кейбір ұсталған кәмлетке толмағандар арасынан қалталарынан бөтелкеге құйып искеп жүрген бензин, ацетон,басқа да химиялық немесе есірткі тәріздес сұйық заттар табылады. Бұндай жағдайларда ұсталған жастардың ата-аналарын дереу ішкі істер бөліміне шақыртып алып, әлгі балаларды нарколог дәрігерге апарып сараптамадан өткізіп, тұрақты емдеу мекемесіне орналастыру қажет. Ондай жасөспірімдерді уақытылы емдемесе, кейін есірткіге ұрынатыны сөзсіз. Сондықтан оларды тіркеуге қойып, бақылап, уақытылы атааналарының қатысуымен нарколог-дәрігерлерге көрсетіп алдын-алу шараларына мән беріп үнемі қадағалау қажет.

-Қазір әр жерде 18 жасқа дейінгілерге темекі, ішімдік сатылмайды деген сирек кездесетін жарнамаларды көріп қаламыз. Тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер мен дүңгіршек, кафе, барлардағы жағдайға қарағанда, оның орындалуына деген күмән бар. Осы төңірегінде не айтар едіңіз -Коммерциялық құрлымның түрі көп, өзіңіз айтқандай дүкен-дүңгіршек, кафе, бар, түнгі клуб, компьютерлік салондар көбейіп кетті. Оның бәрінің де әкімшіліктен алған рұқсат қағаздары бар. Бірақ олар әлгіндей қойылған талапты сақтай бермейді. Әу баста сауда бөлімдерімен келісім-шартқа отырған кезде, арақ-шарапты, темекіні жасөспірімдерге сатпауға, компьютерлік салондарға түнгі сағат оннан кейін жасөспірімдерді жібермеуге келіседі. Жағдай ісжүзінде мүлдем басқаша сипат алады.Керісінше пайда көру мақсатында арақ-шарап,темекі т.б.тиым салынған заттар сатылады. Осындай орындарда кездесетін кәмлетке толмағандар ата-анам рұқсат еткен,-деп жауап бере отырып өз еріктерімен жүреді.

Жасөспірімдердің осылайша кез-келген уақытта жүріп тұруы, ата аналарының қараусыз қалдыруы, түнде тоналып немесе соққыға жығылуға әкеп соқтыруы әбден мүмкін

Түнде жұмыс істейтін клубтардың, барлардың, салондардың кестесін мәслихатта қарап заңды түрде реттемесе, біз үшін жасөспірімдерді тәтіп пен тәрбиеге шақыру қиын болып тұр.

-Жастардың қылмыс жасауы негізінен алғанда, олардың жұмыссыз сандалып бос жүруінен тәрізді. Жастар тәрбиесін, жұмыссыздықты жою шараларын мемлекеттік деңгейде түбегейлі қолға алмайынша, оң нәтижеге жету қиын тәрізді. Сіз қалай ойлайсыз?

-Кезінде жастар жөніндегі комитет үлкен қызымет жасайтын, қазір олай деп айта алмаймыз. Оның басты себебі қаржыландыру мәселесінің дұрыс шешілуінен деп ойлаймын. Бұрын жасөспірімдер тәрбиесімен октябрят, пионер, комсомол сияқты қоғамдық ұйымдар айналысса, қазір соның орны үңірейіп бос тұр. Өйткені, ондай қүрлымдарды басқа нысанда алмастыратын ұйымдар әзірге жоқ. Жасөспірімдердің мүдделерін қорғайтын мұндай ұиым міндетті түрде болуы керек.Міне осындай жалпы тәрбиелік шаралар өз әсерін тигізбегенде қылмыстық заңмен көрсетілген тәрбиелік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Кәмелетке толмағандарға тәрбиелік мәжбүрлеу шараларын қолдану ҚК-тің 81-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарды жазадан босатады. Ең басты айырмашылығы.

Сот кәмелетке толмағандарға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындайды. Олар төмендегідей:

А) ескерту;

Б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

В) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

Г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

Д) кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдануда сотталғандығы көзделмейді.

Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдануда кәмелетке толмаған адам жүйелі түрде аталған шараларды орындаудан жалтарса, бұл шара ауыстырылып, яғни кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін тиісті құжаттар мемлекеттік органы жіберілді.

Ескерту кәмелетке толмаған адамға оның әрекеті мен келтірілген зиянды түсіндіруден және ҚК-те көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.

Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның мінез-құлық бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.

Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетті кәмелетке толмаған адамның мүмкіндік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше

талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға бос уақыттың белгілі бір нысанын,

оның ішінде механикалық көлік құралын басқаруға байланысты нысанын пайдалануға

тиым салуды, тәуліктің, белгілі бір уақытынан кейін үден тыс жерде

болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге

баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне

қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқталу не мамандандырылған мемлекеттік

органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін.

Арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот кәмелетке

Толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауға

мүмкін.Сот кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе олардың орнындағы

адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға бақылауға бере отырып, кінәлінің

өзіне және бақылауға алған орындарға қойылған талаптарды мүлтіксіз орындауды талап

етеді, жалтарған жағдайда жауаптылықты жүктей алады. Сонымен қатар аталған

адамдардың өзінің денсаулығына, қызметтінің жағдайына, мүліктік жағдайына

байланысты жасы толмағанға нақта түрде қарауына мүмкіндігінің болуын анықтау

қажет. Мұндай жағдайда мысалы, ата-аналарының уақытының бос болмауы,

ата-аналық абыройының жоғалуы, ұзақ мерзімдегі науқастануы және тағы басқа

мән-жайлардың орыналуы, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының түрлерін

қолдану дұрыс болып танылмайды.

Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданудың мәселелерін анықтау кінәлі тұлғаның, жеке басына қатысты әр түрлі мән-жайларды анықтаумен байланысты болып табылады.

Мүндай мәселелерді шешуде сотпен ескеріледі.

А) кәмелетке толмаған адамның қылмыс жасағанға дейінгі жағымды жүріс-тұрысы;

Б) қылмысты біріншірет жасауы;

В) шын өкінуі;

Г) соттылығының болмауы;

Д) келтірілген зардаптың орнын толтыруы;

Е) кінәсін мойындағы келуі, қылмысты алуға белсенді түрде көмектесуі немесе тағы басқалары.

Осы шараларды дұрыс жүргізу қылмысқа қарсы күресте орасан зор үлес қосады.


2.3. Кәмелетке толмағанды жазадан босату мәселелері.
Кәмелетке толмағанды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату жалпы және арнаулы қылмысты-құқылық нормалар арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқықтың жалпы нормасы бойынша кәммелетке толмағандар шын өкінуіне байланысты, қажетті қорғану шегінен асқан кезде, жәбірленушімен татуласуына байланысты, жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Қылмыстық Кодекстің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес жасаған қылмысы үшін Қылмыстық кодекс бойынша өлім жазасының тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімі туралы мәселені сот шешеді. Бұл норма жасы кәмелетке толмағандарға қолданылмайды, өйткені заң бойынша мұндай адамдарға өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды.

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін соталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге ҚК-тің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тек қылмысы үшін кінәлі деп танылған адамдарға қолданылады.

Қылмыстық жазаны қолданбау мәселелерін шешу кезінде сот қылмыстық қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына, жанұялық жағдайына, тәрбиесіне, басқа да мән-жайларға қарай жаза қолданусыз түзелуіне қол жеткізуге болады деген сенімділік белгілерін ескеред.

Сонымен , бірінші рет немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған он сегіз жасқа толмаған адам, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға:

А) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;

Б) ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде жартысын;

В) аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейңн қолданылуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың шарттары мен негіздері қылмыстық заң атқарушылықпен, әлеуметік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған кәмелетке толмаған адамды түзеу және кінәлінің немесе басқа адамдардың жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсаттарын ескере отырып көзделген.

Заңда сонымен қатар, түзету критерийлерінен басқа сотталған адам жазасын нақты өтеуі үшін қажетті ең төменгі жазаның мерзімдегі қарастырылады.

Арнаулы және жалпы ескертудің мақсаты болып жазанынақты өтеудің дифференциялық мерзімі болып танылады. Бұл мән-жайлармен, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүлдем қолданылмайтын кәмелетке толған жастағы қылмыс жасаған анағұрлым қауіпті санаттағы қылмыскерлер анықталынады.

Кәмелетке толмаған адамға тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысының өтелуі шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың негізі бола алмайды. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың негізі болып, оның түзелуі, үлгілі меніз-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарасы, жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындалуы және де ол адам өзінің түзелгендігін дәлелдесе, өткеріп жүрген жазасын өтеуді қажет етпейді деп танылуы саналады.

Осыған байланысты кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату – кәмелетке толмағандарға қатысты көтермеде шаралары болып табылады.

Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден, шартты түрде мерзімінен бұрын босату барлық жазаны өткеріп жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты емес тек түзеу жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларға қолданылады.

Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босата отырып, белгілі бір міндеттерді орындауда: мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырушыарнаулы мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұратын, оқитын жерін ауыстырмауды, белгілі бір орындарға бармауды, ата-аналарына көмектесуді немесе оның түзелуіне септігін тигізетін басқа да міндеттерді орындауды сот жүктей алады. Кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысын бақылауды оған уәкілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Аталған жазадан босату түрі шартты деп саналады.

Мерзімінен бұрын – шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде:

А) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе мерзімінен бұрын – шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;

Б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын – шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені шешеді;

В) қылмыс қасақана жасалса, сот оған ҚК-тің 60-бабында көзделген ерелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да осы ережелер бойынша тағайындалады.



Ескіру мерзімі мен жазадан босату

ҚК-тің 69 және 75 баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде тең жартысына қысқартылады.

Әділеттілік қағидасына сәйкес, ҚК-тің 69 және 75 баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде тең жартысына қысқартылады.

Егер де қылмыс жасаған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе, кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:

А) кішігірім қылмысжасағаннан кейін бір жыл;

Б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін екі жарым жыл;

В) ауыр қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;

Г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жеті жыл;

Кәмелетке толмағандарға қатысты ескіру мерзімінің есептелуі, тоқтатылуы немесе қысқартылуы ересек адамдарға қатыстылығымен бірдей.

Қылмысы үшін сотталған кәмелетке толмаған дам, егер айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күннен бастап есептегенде, мынадай мерзімдерде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады:

а) кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда – бір жарым жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда - үш жыл;

в) ауыр қылмысы үшін сотталғанда – бес жыл;

г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда – жеті жыл.

Кәмелетке толмағандарға ҚР қылмыстық кодексі өзіндік ерекшелігі, гуманистік сипаты бар олардың соттылық мерзімдерін жою ерекшеліктері қарастырылған. Соттылықты жою мерзімдері:

Он сегіз жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар үшін ҚК-тің 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше:

А) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

Б) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға;

В) ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.

Қылмыстық кодекстің 77 бабы кәмелетке толмағандарға қатысты соттылықтың алынып тасталуы емес, тек соттылықтың 18 жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға қатысты жою белгілерін қамтиды.

Қылмыстық кодекстің 13-бабы 4-бөлігіне сәйкес 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін сотталғандардың қылмыстық қайталануын тану кезінде есепке алынбайды, яғни олар бұрын сотталған адам деп танылмайды.

Қылмыстық заңда көрсетілген тәртіппен кәмлетке толмағандарды жасаған қылмыстық әрекеттері үшін әділ жаза тағайындау. Жазадан заңды түрде босату, соттылықты жою, Қазақстан Республикасының Заңдарының үстемділігін арттырады, кәмлетке толмағандық мән-жайларды ескеру қылмыстық заңның гуманизім принціпінің жүзеге асырлуын суреттейді.



Қорытынды

Қорыта келе айтарым, қылмыс, бір ауыз сөзбен түйіндеп айтқанда оны істеген адамға да, жан-жағындыларға да қауіпті әрекет.Мемлекетіміз оның құқық қорғау органдары, басқа да мемлекеттік органдар, басқа да заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары қылмысқа қарсы күрес әрекеттерін жүргізгенмен, бұл қатерлі дерт әлі күнге дейін жойылмай отыр.Қылмыстарды жасауға жасөспірімдердің араласу бұл жағдайды өршілендіріп,оның ары қарай қалыптасып дамуына әкелеп соқтырып отыр.

Қолданылып жүрген қылмысқа қарсы заңдарымызды,орынды дұрыс қолдану,қылмысқа қарсы күрестің бірден бір дұрыс жолы болып танылып отыр. Қолданыстағы Ата заңымыз бойынша ел-басымыз ҚР Президентті Н.Ә.Назарбаев жылма-жыл халықты ішкі және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етіп отырады. Қылмысқа қарсы күрестің маңыздылығына назар аударуда. Ол 2030 жылға дейін даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегияны да ұсынды. Бұл ,,Қазақстан-2030,, стратегиясы тек Қазақстандықтардың ғана емес, күллі әлемдік қауымдастықтың да ойынан шыға алды. Егемен ел болып еліміздің шаңырақ көтергеніне 10 жылдан асты. Демократиялық егеменді ел құру үшін алдымен тәртіпті жолға қою керек. Құқықты мемлекет болуды мақсат еткен екенбіз, заңды орындауға, оны орындатуды талап етуге, осы салада қызмет істейтіндердің қолының да, арының да таза болуын қадағалауға міндеттіміз.

Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жағынан да сын көзімен үңіліп байыпты талдап, бүгінгі таңда қай шамада жұргенімізді өте дәл көрсетіп берді. Ал біздің бүгінгі нақты жағдайымызға келер болсақ, біздің қай бағытқа бет алып келе жатқанымыз маңыздырақ. Осыны жете ұғынған Елбасымыз демократиялық ел билеудің дәстүрлеріне жүгініп, реформаны ойдағыдай өрге бастыру үшін жұртшылықпен әрбір азаматтты іске жаппай жұмылуға шақыратын саяси бастаманы дер кезінде көрсетіп отыр. Соның ішінде саясатты, экономиканы, халқымыздың әлеуметтік жағдайларын дамыта отырып, қылмысты жою қажеттілігіне үнемі назар аударуда.Әрине бұл мәселеде жастарды дұрыс тәрбиелеу,оларды еліміздің саналы дұрыс азаматымыз қылып тәрбиелеу барша халықтың ісі.

Осы мәселе жөнінде 4.04.2003 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында нақты етіп көрсетіп айтты. Қылмысқа қарсы күрестің жаңа жолдарын ұсынды.Жалпы алғанда еліміздегі жедел жағдай қалыпты деңгейде сақталып отыр. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында тіркелген жалпы қылмыстар саны 10,3 пайызға кеміді. Бөтеннің мүлкін алу, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар, бұрындары сотталғандар қылмысы, сотқарлық пен ауыр және аса ауыр қылмыстар саны азайған.

ҚРІІМ алқа отырысында Криминалдық полиция департаментінін ұйымдасқан қылмыс түрлеріне қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған бірнеше ұйымдастырушылық және тәжірибелік шараларды жүзеге асырғаны әңгімеге арқау болды. Бопсалауға қатысты 330 бандитизм мен ұйымдасқан топтарды құру және оларға басшылық жасау фактілері бойынша 31 қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері 26 ұйымдасқан қылмыстық топ пен 4 бандалық құрылымның әрекетіне тұсау салынды. Сонымен бірге, діни экстремизмнің таралу қаупінің алдын алуға бағытталған шаралар да біршама жемісті болды. Осы қылмыс түріне қатысты соттар ішкі істер органдарының ұсынуымен 70 тіркелмеген діни бірлестіктің жолын кескен.

Ішкі істер органы қызметінің негізгі бағыттарының бірі- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі. Құқық қорғау органдары анықтап, тіркеген жемқорлық, қылмыстар мен парақорлық фактілерінің елеулі бөлігі ішкі істер органдарының үлесінде, ішкі істер Министрі 9-ші Департаменті жыл басынан бері 397 жемқорлық сипаттағы қылмыстың жолын кесті. Сонымен қатар, Алқа ұйымдасқан қылмыстық топтарды ыдыратуға және олардың қылмыстық қызметін қаржыландыру көздерін анықтауға қатысты жұмыстардың сын көтермейтініне қатысушылардың назарын аударды. Экономикалық контрабанданы анықтау мен оның жолын кесу мәселелеріне баса назар аударылмақ.Міне осы қылмыстарға жасөспірімдерді баулау ,оларда араластырып қосу,қылмыстардың тоқтап қалмай ары қарай өсуіне әкелетіні сөзсіз.

Кәмлетке толмағандармен профилактикалық жұмыстарға назар аударатын болсақ,олардың арасындағы бақылаусыздықтың, құқық бұзушылықтың, қылмыстық жеке профилактикасын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің лауазымды тұлағалары барлық жасөспірімдерге, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қатысты жүзеге асырады. Дәл осы бағытта көбінесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшенің қатысушыларының арасындағы бақылаусыздықтың құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын-алу нақты және жан-жақты жүзеге асырылады. Көрсетілген жұмыстардың бағыттың әрбір шараларды жүзеге асыру үшін заңдылықты және басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен ішкі істер министрлігі, қалалық ішкі істер бөлімі, ішкі істер бөлімі, басқа да бөлімшелермен әрдайымда өзара байланыста болуын сақтауды қамтамасыз етеді.

Жасөспірімдерге және олардың ата-аналарымен алдын-алу және тәрбиелеу жұмыстарын түсіндіру және тәрбиелік әңгімелесу формасында, жасөспірімдерді және олардың ата-аналарының тұрғылықты жеріне, жасөспірімдердің оқу орындарына, ата-аналарының жұмыс орынына барып тұру формасында жүзеге асырылады.

Зайырлы Қазақстан заңнамасының дамуы мен жетілдірілуі Республикамыздың жаңа мемлекеттегі қалыптасуының үрдісін көрсетеді.

ҚР Қылмыстық кодексі бойынша кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері мыналар:

А) айыппұл;

Б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

В) қоғамдық жұмыстарға тарту;

Г) түзеу жұмыстары;

Д) қамау;

Е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

Мемлекетімізде демократиялық,жариялық,заңдылық,гуманизм принциптерін басшылыққа алып жаңа заңдар қабылдауда,соның ішіде қылмыс жасағандарға, кәмлетке толмағандарға әділ жаза тағайындау ол оның дұрыс жағына түзелуіне әкелуі керек. Әділ жаза деп – кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз. Сондай-ақ жаза өте қатаң болмауы тиіс. Кәмелетке толмағанға әділетсіз жаза тағайындағанда оның тәрбиеленуіне және түзелуіне үлкен зиянын тигізеді. Жіберілген қателік, яғни әділетсіз жаза тағайындағанда кәмелетке толмаған жасөпірім бұл жазаны ауыр қабылдайды, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамда қатігездік пайда болады және оның қайтадан бас бостандығынан айыру мекемелеріне түсуіне үлкен әсерін тигізеді.Ал еліміздің алдына қойған мақсаттардың бірі әділ жаза тағайындап кәмелетке толмағандарды дұрыс тәрбиелеу.



Пайдаланылған әдебиеттер:

Нормативтік актілер

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы: “Қазақстан”, 1995ж.

2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (жалпы бөлім) комментарий. Алматы: “Жеті Жарғы”, 2001ж.

3.Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы.2000 ж.

4..ҚР Қылмыстық , қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы. 21.12.2002 ж.

5.ҚР Президентінің прокуратура туралы жарлығы.21.12.1995.

6. ҚР Президентінің Ішкі істер органдары туралы жарлығы. 21.12.1995 ж.

7.ҚР Президентінің ұлттық қауіпсіздік органдары туралы жарлығы.21.12.1995 ж.

8.Адвокаттық қызмет туралы ҚР Заңы.

9.Жедел-іздестіру қызметі туралы ҚР Заңы.15.09.1994 ж.

10.ҚР Неке және отбасы туралы Заңы.17.12.1997 ж.


Әдебиеттер.
1. Н.Ә.Назарбаев ,, Сындарлы он жыл ,, Алматы-Атамұра,-2003ж.

2. Е.Каиржанов, Уголовное право РК (общая часть). Алматы: “Жеті Жарғы”- 1999г.

3. Е.Каиржанов, Криминология (общая часть). Алматы: “Өркениет”, 2000 г. (орыс тілінде).

4. В.И. Куфаев, Педагогические меры борьбы с правонарушениями несовершенналетних. Москва – 1971г.

5. А.М. Лазарев, Субъект преступления. Москва-1981г.

6. А.Н. Ағыбаев, Қылмыстық құқық, жалпы бөлім, оқулық. Алматы: “Жеті Жарғы”, 1999ж.

7. З.А. Астемиров, Уголовная ответственность и наказание несовершенналетных, Москва-1970ж.

8. М.М. Бабаев, Индивидуальное наказание несовершенолетных, Москва-1968г.

9. Г.М. Миньковский, Понятие и система мер предупреждения преступности среди молодежи. Москва: Юридическая литеретура – 1971г.

10. М.Нарикбаев, Р.Юрченко, М.Алиев, Актуальные вопросы применение нового уголовного и уголовно-процессуального законодательства Республики Казахстан. Астана – 1999г.

11. В.С.Орлов, Субъект преступления. Москва-1988г.

12. А.А.Пионтковский, Учение о преступлении по советскому уголовному праву. Москва – 1988 г.

13. Ғ.Сапарғалиев, Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы: “Жеті Жарғы”, 1995ж.

14. Ғ.Сапарғалиев, Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Хрестоматия, Алматы: “Атамұра” –1996ж.



Газет-журналдар:
1.Л.Ерінбетова,Қылмыскер тұлғасы.Заң-журналы. №5/2002ж.

2.Балалар құқығы заңмен қорғалады. Б.Нугманов.

Тураби №5/2000ж.

3.Тәрбие арқауын босаңсытуға болмайды. Заң және заман журналы, №3/2001ж.

4.Т.Құлмағанбетов.Баланы орынсыз қорғаштамас болар.

Заң және заман журналы, №3/2001ж.

5. Фемида №5/1998г. Тысячи детей брошены не произвол судьбы. Журналист Николай Мальцев, стр. 51-52

6. Фемида №2/1999г. Преступность несовершеннолетних: причины и следствия. Валерий Сиськов, старший научный сотрудник института изучения проблем законности, правопорядка и повышения квалификации кадров органов прокуратуры при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан имени С.Ескараева, стр.14

7.Фемида №5-6/2000 г. Уголовная ответственность несовершеннолетних . Айна Булебаева. КазГЮА, стр.80-82

8. Тураби №3 (4)/1997г. Преступление несовершеннолетних и их ответственность перед законом. Председатель Ауэзовского районного суда Г.Алматы Сапаргали Дарбаев, стр.95-102

9. Қазақстан Заңдары №4/1998ж. Қылмыстық іс жүргізу кодексі – түбегейлі сараланған құжат. Қаз МҰУ экономика және құқық институты сотта іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы Қ.Беков, 19-бет.

10. Заң №2/2000ж. Кәмелетке толмағандардың тонау және қарақшылық шабуыл жасау тәсілдері полиция майоры, заң ғылымының кандидаты Еразақ Тілеубергенов, 24-бет.



11. Заң № 3/1999 ж. Тергеушінің профилактикалық жұмысы, Еразақ Тілеубергенов. Ерекше мақсаты милиция жасағының қызметкері, милиция капитаны, 36-бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет