Орындаған: Абжетова Жанар Тобы: Фармация 33 Тексерген


Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетенциясының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің негізін құрайды



бет4/7
Дата02.03.2022
өлшемі22.88 Kb.
#455894
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат

Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетенциясының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің негізін құрайды:

  • ·науқасты жақсы білу, вербальды, вербальды емес белгілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты мәліметтерді көбірек алу;

  • ·науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, медициналық қызметкердің ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың алдын-алуда маңызды екенін көрсету;

  • ·дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байланысты түзілген теріс стериотиптерді бұзуға көмектесу, осыған сәйкес қажетті тиісті жауаптардың кескіндерін жасауға ықпал ету;

  • ·«медициналық қызметкер-науқас» қарым-қатынасында медициналық қызметкердің сақ болуы.Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникацияның кілттік негізгі дағдылары, мынандай ережелерден тұрады:

  • тиесілі хабарламаны науқасқа, медициналық қызметкерлерге, әріптестеріне жеткізуде немесе қабылдап алуда нақты, әрі анық сөйлеу

  • қарым-қатынастағы қиындықтарды анықтап, нәтижеге тез қол жеткізгенше жұмыс жасау

  • дене қозғалысы мен тілінің сөздік емес белгілерін қабылдау мен түсіну

  • коммуникацияның ауызша, жазбаша және электронды тәсілдерін қолдану

  • алынған ақпаратты қай кезде басқаға жеткізу керектігін білу (кәсіби маманға)

  • қарым-қатынас дағдыларын меңгеруді игеруді дамытудың қажеттілігін сезіну.

Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар- оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, қарым-қатынасты дамытуы, науқастардың туыстарымен, басқа да адамдармен әрекеттесуі, түрлі әлеуметтік жағдайларда араласуы, тәжірибе жинауы, түрлі әрекет жасауы негізінде құралады. Бұл арқылы медициналық қызметкер тұлғасының қалыптасқан психологиялық ерекшеліктері негізінде әрекеттесу, оның коммуникативтік білгерлігін дамытады.
Коммуникативтік білгерліктің құрылуының негізінде медициналық қызметкер тұлғасының келесі психологиялық сипаттамасы жатады: барлық адамдармен бірге болу ынтасы, бір әлеуметтік топқа жатуы, қоршаған ортамен жақсы көңіл –күйде әрекет жасауы, тұлға аралық қатынасқа кіруі. Арада түсініспеушілік туғанда және араласудың өршігуі кезінде бейбіт жағдайды қалыптастырып, әр жақты тыныштандыру, оқиғаға дұрыс және дәл баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет