Орындаған: Абжетова Жанар Тобы: Фармация 33 Тексерген


Медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігін құру



бет6/7
Дата02.03.2022
өлшемі22.88 Kb.
#455894
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат

Медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігін құру.
Медициналық қызметкердің коммуникативті білгерлігі - бұл өнер, аурулармен араласып, қарым-қатынас жасау икемділігі. Бұл өнер-болашақ медициналық қызметкердің оқу орнында оқып жүрген кезден қалыптаса бастап, кейін өз бетімен маман ретінде қарым-қатынас жасағанда әрі қарай дамиды. Әсіресе түрлі ауру адамдармен қатынасу жасағанда, медициналық қызметкердің білгерлік тәжірибесі өсе түседі: психологиялық қасиеті әртүрлі, әр жастағы, әр білімді, әр мамандықтағы және әлеуметтік жағдайы әрқандай адамдармен араласу медициналық қызметкердің тәжірибесін толықтыра түседі.

Кәсіптік бейімделу (кәсіби адаптация)
Жас маманға кәсіптік әрекетке үйренуі біршама уақыт алады. Бұл уақыт бойы ол өзін жаңа әлеуметтік ролінде сенімді сезініп, жекеше мамандық имиджін құрастырып және жұмыс жағдайында әрекеттенуге алгоритм дағдыларын жинастырады. Өзіндік жұмыс атқарудың бастапқы кезінде, жас маман өзіне сенімсіз болуына байланысты, күрделі және жауапты жағдайларда, ол тәжірибелі маманға бет ұстайды. Ол ақпарат жинастыра, мамандық дағдыларын машықтандырумен қатар, жас әріптестермен араласып, өзіне эмоциялық қолдау алады.Үйренудің нәтижесінде ол өз білімін, біліктілігін және дағдыларын жетілдіреді. Мамандық қарым-қатынас құру жағдайында науқастың эмоциялық «қосылуының» дәрежесін анықтау дағдылары медициналық қызметкердің мамандық бейімделуінің эмоциялық құрастырушысы болып саналады. Бейімделудің бұл түрі эмпатиямен, дәрігердің науқаспен тұлға аралық араласуының эмпатиялық түрін мөлшерлеуімен байланысты. Жас медициналық қызметкер өзінің мамандық әрекетінің алғашқы жылдарында науқасқа жақсы жәрдем берем деген ойымен, өз әрекетіне сенімі жеткіліксіз болуы салдарынан, уайымға кіріп, өзіне өте жоғары эмоциялық салмақ түсіреді. Науқастың проблемасына артық эмоциялық араласуы, белгісіз жағдайға байланысты теріс нәтижелерге қатты үрейленуі, қауіптеніп, сақ болуы, созылмалы эмоциялық салмақ түсуіне әкеп соғады. Медициналық қызметкердің бейімділігі мен компенсаторлық мүмкіншіліктері төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет