- Праймер. Шамамен 15-30 нуклеотидтерден тұратын,жасанды арнайы синтезатордың көмегімен синтезделетін қысқа олигонуклеотидтер.Праймерлер амплификация үшін керек.Праймер матрицалық ДНҚ молекуласының белгілі-бір бөлігіне комплементарлық принцип бойынша жабысып,ары қарай ДНҚ полимераза ДНҚ бөлігін синтездейді.
- Taq-полимераза – температураға төзімді фермент,негізінен комплементарлы принципте 3´-соңына жабысады да,тізбекті құрастыруға кіріседі. Фермент өз атауын Thermis aquaticus термофильді бактериялардан штаммпродуцент атауымен алды.
- Дизоксинуклеотидүшфосфаттар қосындысы (dNTP): dATP, dGTP, dCTP, dTTP болуы керек. ДНҚ молекуласының екінші комплементарлы тізбегін Taq-полимераза ферменті арқылы синтездеуге қолданылатын «құрылыс материалы».
- Буферлік ерітінді- құрамында Mg2+ ионы бар, ферменттің белсенділігін қолдау үшін қажетті реакциялық орта. Mg2+ ионы ПТР-дағы ДНҚ-полимеразаға қажетті кофактор болып табылады. Реакциялық қоспаның көптеген компоненттері осы иондар, соның ішінде ДНҚ-матрица, праймерампликондар жәнеар дНТФ байланыстырады. ДНҚ матрицасы зерттеудің нысаны болып табылады,яғни биологиялық материалдың (қан,тін,бактериялық медениет және т.б.)оқшауланған ДНҚ үлгісі.Олар хромосомалар,нуклеотидтер,плазмидтер немесе тірі ағзалардың әртүрлі түрлерінің генетикалық материал қоспасы болуы мүмкін.
- ДНҚ матрицасы зерттеудің нысаны болып табылады,яғни биологиялық материалдың (қан,тін,бактериялық медениет және т.б.)оқшауланған ДНҚ үлгісі.Олар хромосомалар,нуклеотидтер,плазмидтер немесе тірі ағзалардың әртүрлі түрлерінің генетикалық материал қоспасы болуы мүмкін.ДНҚ матрицасы арнайы әзірленген праймерлермен анықталатын бірегей дәйектілікті(генетикалық маркерлер) қамтиды.ПТР үшін әдетте ДНҚ матрицасының 10-нан 100 нг-қа дейін қолданылады.Сонымен ДНҚ-матрица-амплифицирлеу үшін қажетті ДНҚ үлескісі бар бөлігі.Зерттелетін үлгі-алдын ала биологиялық материалдан бөлініп алынған геномдық ДНҚ молекуласы.
Достарыңызбен бөлісу: |