Орындаған: Бб18-03к Тексерген: Алтыбаева Н. Жоспары



бет5/6
Дата29.02.2024
өлшемі2.11 Mb.
#493285
1   2   3   4   5   6
Мол био СРС ББ18-03

Классикалық ПТР


Классикалық форматтағы полимеразды тізбекті реакция. ДНҚ және ДНҚ құрамды микроорганизмдердің күдікті мутацияларын анықтауға қолданылған. Ол оның бастапқы фрагменті ген-спецификалық праймерлердің көмегімен амплифицирленеді. Реакцияның соңғы нәтижесі зерттелетін материалдағы ДНҚ нысанасының бар екендігін көрсетеді. 
Кері транскрипциясы бар полимеразды тізбекті реакция. РНҚ құрамды вирустардың геномының арнайы учаскелерін анықтау немесе нысана-геннің транскрипциясын зерттеу үшін,
алдымен ревертаза ферментімен катализдейтін қайтымды транскрипция реакциясын пайдаланып, РНҚ-матрицадан ДНҚ-көшірмесін алады. Осылайша синтезделген қосымша ДНҚ-лар ПТР-де ген-спецификалық праймерлер үшін матрицалар болып табылады.

ПТР жүргізетін шарттар


Кері транскрипция арқылы жүретін ПТР (RT-PCR) Кері транскрипция арқылы жүретін ПТР (RT-PCR) – геномы РНҚ молекуласынан тұратын организмдерді зерттеуде кеңінен қолданылады. Бірінші кезеңде аРНК молекуласын матрица ретінде қолдана отырып ревертаза (кері транскриптаза) ферменті арқылы біртізбекті ДНҚ молекуласын синтездейді.
Бұл синтезделген ДНҚ молекуласы келесі реттегі реакцияға қолданылады. Ол үшін екі вирустан бөлініп алынған кері транскриптаза ферменттерін қолданылады. Бұл ревертазаларды қолдану бірнеше қиындықтарды тудырады. Біріншіден олар жоғары температурада төзімсіз, яғни 42˚ жоғары температурада жоғары белсенділігі төмендейді.

ПТР жүргізу. “Ыстық” нүктеден басталатын ПТР (hot-start PCR) – праймерлердің арнайы жабысуына қажетті температураға дейін ДНҚ полимераза ферментінің белсенділігін бастай отырып жүргізілетін ПТР әдісінің жетілдірілген түрі.

Реал-тайм ПТР


Молекулярлық биологияда реал-тайм ПТР (немесе сандық ПТР, нақты уақыттық ПТР, qPCR, qRT-ПТР) - бір мезгілде берілген ДНҚ молекуласының мөлшерін өлшеу үшін полимеразды тізбекті реакция әдісіне негізделген зертханалық әдіс..
Бұл әдіс ПТР-дың жалпы принциптерінде қолданады. Негізгі айырмашылығы, амплификацияланғаннан кейін ДНҚ көлемі нақты уақытта өлшенеді. Сандық көрсеткішті анықтау үшін екі әдіс қолданылады: екі еселенген ДНҚ молекулаларымен араласқан флуоресцентті бояғыштар, гибридизациядан кейін ДНҚ-ның комплементарлы учаскілерімен флуоресценцияланатын модификацияланған олигонуклеотидтер.
Жиі нақты уақыттық ПТР КР-ПТР (кері транскрипция) сәйкестендіріледі,бұл аз мөлшерде мРНҚ көлемін өлшеу үшін, зерттеушіге жасушада осы мРНК мазмұны туралы сандық ақпаратты және ген экспрессиясы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет