Орындаған: Беделхан Абзал



бет3/9
Дата03.01.2022
өлшемі270.42 Kb.
#451216
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Беделхан Абзал ЛР 102

Сабаншы (манул)

Сабаншы (Otocolobus manul немесе Felis manul) — жыртқыштар отрядының мысықтәрізділер тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда Маңғыстауда, Үстіртте, Мұғалжар жотасында, Қаратауда, Тянь-Шаньда, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында, Тарбағатайда, Оңтүстік Алтайда, Сарыарқада тараған.

Дене мөлшері үй мысығындай, тұрқы 52-65 см, салм. 4-5 келі. Үлпілдек жүні ашық сұр, қоңырқай түсті, арқасында көлденең жіңішке 6-7 қара жолағы болады. Құйрығы келте, арқасындағы 8 қара жолағы анық көрінеді. Құлақ қалқандары өте кішкентай, самайында шоқша сақалы бар. Шөл далада тіршілік етеді. Інін жартас арасына салады, ірі кеміргіштердің індерін де мекендейді. Ақпан-наурыз айларында мауығып, сәуір-мамырда мысықтайды (2 — 8 аралығында). Қорегі — кемірушілер (тоқалтістер, шақылдақтар), торғайтәрізді құстар. Жемін ымыртта, түнде аулайды. Сабаның кәсіптік маңызы шамалы болғанымен ғылыми мәні құнды. Саны өте аз, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Лашын

Жойылып кету қаупі бар түр. Лашын Жер шарында кең таралғанмен, Қазақстанда анық екі – ақ жерде ұясын тапқан – біреуі Наурызым қорығында, екіншісі – Оңтүстік Алтайда табылған. Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкім де көрген емес. Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен, бізде қыстайтындарының саны азаюда; мысалы, Алматыда 1883 – 1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған. Қолдан өсіріп, жетілген балапандарын еркіне жіберуді ұйымдастыру керек.



Ақ тырна

Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Солтүстік Азияда, Ресейдің солтүстігінде ұялайды. Қазақстанда наурыз – мамыр және қыркүйек – қараша айларында республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Қазақстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжын қорытарында ғана қорғалады.



Дуадақ

Жойылып кету қаупі бар түр. Бұрын Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы дала мен тау бөктеріне кең тараған. 50-жылдары тың жерлдерді игерудің нәтижесінде көп жерлерде жойыла бастады. Саны он шақты есе азайды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы саны белгісіз, өте сирек кездеседі және әр тобында 18-ден аспайды. Қазақстанның далалық аймағында оларды қорғайтын қорықтар жүйесін ұйымдастыру қажет





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет