Орындаған: Беделхан Абзал



бет2/9
Дата03.01.2022
өлшемі270.42 Kb.
#451216
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Беделхан Абзал ЛР 102

Қызғылт бірқазан

Аз санды,шектеулі жерлерде ұя салатын түр. Саны бірте-бірте кеміп бара жатыр. Қазақстанда бұрын кең таралған болатын, қазір оның жеке ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде, Наурызым қорығында, Балқаш көлінде және Іле, Тентек, Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері – заңсыз аулаушылық,өрт, ұя басу кезінде мазалау. Іленің атырауында қорық ұйымдастырып, құстың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек. Бұл бірқазандар мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарға тыйым салу, оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек.



Мәрмәр шүрегей

Жоғалып кету қаупі бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде-бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі кездесетін. Саны барлық жерде азайған. Түркияда 70 – жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек.



Балықшы тұйғын

Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл, Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60 – 70-ке дейін кеміді. Жойылуына негзгі себептер – орманды кесі, балық қорларының таусылуы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет.



Ителгі

Қазақстанда Бұл түрдің кейінгі 3 – 4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупі бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сату үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағылы, Наурызым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керекБидайы



Бүркіт

Бүркіт – сұңқар тәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қыраңдар туысына жататын ірі жыртқыш құс. Бүркіт солтүстік Американы, Еуразияны, солтүстік-Батыс Африканы, Жапония аралдарын мекендейді. Қазақстанда оның 6 түрі таралған. Жетісу өңірінде, сондай-ақ басқа аймақтардағы жазық жерлерде, тау бөктерінде кездеседі. Бүркіт — қырандар ішіндегі ең ірі, әрі күшті, дене бітімі мығым, жылдам ұшатын құс.



Бидайық

Жойылып кету қаупі бар өте сирек түр. Африка, Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ол Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулардың шағын аймақтарын мекендейді. Қазақстанда саны өте аз, солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1 – 5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ. Олардың ұяларын тауып, оны қорғау керек және қолдан өсіру әдістерін зерттеу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет