Қар барысы
Қар барысы, ірбіс (лат. Uncia uncia) Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Түрдің таралуы Орталық Азия және Оңтүстік Сібір тауларын қамтиды. Алтай тауларында бірең-сараң аңмен кездесу Күршім, Холзун, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай, сондай-ақ Бұқтырма, Қарақаба өзендерінің жоғарғы жағында, Марқакөл маңында байқалды. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Соңғы деректерге қарағанда, Қазақстанда 130-дай ірбіс қалған. Ал жалпы Орта Азияда 7,5 мың қар барысы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |