Орындаған: Беделхан Абзал



бет4/9
Дата03.01.2022
өлшемі270.42 Kb.
#451216
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Беделхан Абзал ЛР 102

Еуропа қара күзені

Қазақстанда жойылған түр. Негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген, ал Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Бірен-саран күзеннің Ресейден келуі мүмкін. Күзеннің тіршілігі тұщы су қоймаларымен тығыз байланысты. Мекендейтін жайлы орындары – жағасында қалың шөп өскен өзектер мен өзендер, көлдер. Қола өсіп – өнеді. Түрді сақтап қалу үшін хайуанаттар паркі мен аң фермаларында өсіру қажет.



Балжегі(итаю)

Сирек кездеседі. Таралу аймағы – Қазақстанның солтүстігі. Үстіртте таралған; сексеуіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерде мекендейді, сол сияқты боялыш, қараған, түйесіңір өскен жерлерде де кездеседі. Қазақстанда бірен-саран жерлерде кездескені белгілі, қорғау шаралары дайындалмаған. Кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет.



Құлан

ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін құлан Қазақстанның жазық даласында үйір-үйірімен топтанып жүрген. Қыс айларында Каспий теңізінен шығысқа Іле ойпатына дейін кең таралған. Жазда Қарағанды Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерін жайлаған. Құланды есепсіз аулау – оның қазақ жерінде құрып кетуіне әкеліп соқты. Республикада Құланды жерсіндіру жұмысы 1953 жылы басталды. 1953 – 1964 жылы Арал теңізінің Барсакелмес қорығына Түрікменстаннан 19 құлан жерсіндірілді. 1982 жылы бұрынғы Қапшағай мемлекеттік аңшылық-қорық шаруашылығына (қазіргі “Алтын емел” МҰТБ) 23 бас құлан (7 аталық, 16 аналық), ал 1983 жылы Барсакелмес қорығынан тағы да 4 аналық құлан әкелініп жіберілген. 2006 жылы бұл үйірдің саны 1118 басқа дейін жетті. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі зоология институтының есебі бойынша “Алтын емелде” МҰТБ құландардың саны 3 мың бас. Құланның саны дүниежүзінде жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.



Қабылан

Өте сирек, Қазақстанда жойылып бара жатқан түр. Үстіртте таралған: ертеде Маңғыстау мен Қызылқұмда тіршілік еткен; шөлді тау бөктерлерін, тау жұрнақтары мен құз-жартастарды мекендейді. Таралу аймағының тарылып, санының кемуінің негізгі себептері – шаруашылықты дұрыс жүргізбеу, басты қоректік объектілердің санының азаюы және қаскерлік. Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде.



Қарақал

Сирек, жойылып бара жатқан түр. Маңғыстау мен Үстіртте таралған; сексеуіл, бұталар өскен құмдар мен құз-жартастарды мекендейді. Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Санының азаюының негізгі септері – қатал әрі қары көп қыс және қаскерлік. Қолда өсіп-өнеді. Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет