Орындаған: Беделхан Абзал



бет7/9
Дата03.01.2022
өлшемі270.42 Kb.
#451216
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Беделхан Абзал ЛР 102

Мензбир суыры

Мензбир суыры, көк суыр (лат. Суыр menzbieri) – сүтқоректілер класы кемірушілер отрядының тиіндер тұқымдасына жататын ең кішкентай суыр. Қазақстанда Сайрам, Сарыайғыр, Бадам және Өгем өзендерінің таулы аңғарларында теңіз деңгейінен 2000–3400 метр альпі және субальпі шалғындарын мекендейді.

Мензбир Суырының саны жылдан жылға азаюда. 1940 жылы Қазақстанда 40–50 мыңдай Мензбир суыры болса, қазіргі саны 20–25 мыңнан аспайды. Мензбир Суыры – терісі бағалы аң, майының шипалық қасиеті бар. Аулауға тыйым салынған, Халықараралық табиғат қорғау Одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Тарғақ

Жойылып кету қаупі бар түр. Қазақстан мен Ресейде таралған. Қазақстандағы таралу аймағы республикамыздың солтүстігіндегі даланы түгел қамтиды. Қазіргі саны туралы нақтылы деректер жок, бірақ, барлық жерде оның саны бірте-бірте азайып келеді. Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру дағдылы жағдай болатын. Санының азаюының негізгі себептері – жерді жырту, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып, оны қорғауды халық арасында насихаттау керек



Алтай арқары

Сирек, таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Оңтүстік Алмайда таралған, аласа, орташа және биік таулардың шалғындары мен жазықтау жерлерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 60 бас шамасындай; санының азаюына негізгі себептері – қаскерлік және оның мекендейтін жерлерінде шектен тыс мал жаю. Қолда өсірілмейді.



Қызылқұм арқары

Қазақстанда жойылып кеткен; XVIII-XIX ғасырларда Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің сағаларының аралығында мекендеген. Көршілес Өзбекстанда Нұрата қорығында қорғалады. Оларды Шымкент хайуанаттар паркінде өсіру, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанда оларды кейіннен табиғи ортаға қайта жіберу үшін қолда өсіруді ұйымдастыру қажет.



Жалман

Тек Қазақстанда ғана: Арал сыртында, Бетпақдалада, Балқаш маңының солтүстігінде, шығысында, Жоңғар қақпасы төңірегінде өте сирек кездесетін, үй тышқанына ұқсас кішкентай ғана аң. Терісі қалың жаңа жүнді, жібекбесі жұмсақ, құлағы едәуір үлкен. Баялыш бұбаларының, ақ жусандардың ішінде жүреді. Жерде жайлап қана секіріп баяу қозғалады. Бірақ бұбаларда тез, жақсы өрмелейді. Негізінен бунақденелілерді аулап жейді. Жақсы көретін қорегі – шегіртке. Бүйі, қыршаян тәрізді өрмекшілерді де аулайды. Қорегін іңірде, кейде таңғы салқын кездерде ширақ іздейді. Күндіз және түнде ұйықтайды.



Ақбөкен

Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала-Арыс, Үстірт және Еділ-Жайық деген топтары мекендейді. Қазақстанда 1921 жылы Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957-58 жылдар аралығында олардың саны 2 миллионға жеткеннен кейін қайта аулауға рұқсат берілген. 2015 жылы бір Бетпақдаланың өзінде 150 мың киік қырылды. Қазір еліміздегі ақбөкендер саны 150 мыңға жуық.

Жалманның биологиясы жөнді зерттелмеген.Сондықтан Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның “Қызыл кітаптарында” бұл аңды аулауға тыйым салаынғаны хабарланып, қорғаудың неғұрлым тиімді шараларын жүргізу үшін оның биологиясын зерттеу қажет деген ұсыныс жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет