Орындаған: Жайгалиева А. А. Тобы


І. Тері, тері асты клетчаткасы, беткі шандыр



бет2/10
Дата03.01.2022
өлшемі33.47 Kb.
#451127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ішперде

І. Тері, тері асты клетчаткасы, беткі шандыр.

Құрсақтың алдыңғы қабырғасының терісі жұқа, жұмсақ және созылғыш болып келеді /мысалы: құрсақта су болғанда, жүкті әйелдерде/. Шаш тәрізді түк region pubica және құрсақтың ақ сызығы бойында дамыған. Тері асты клетчаткасы семіз адамдарда жақсы жетілген және қалыңдығы бірнеше сантиметрге жетеді. Бұндай жағдайда құрсақтың алдыңғы қабырғасының беткі шандыры екі жапырақшадан тұрады, ол майлы клетчатканы бөлек-бөлек қабатқа бөліп тұрады.

  • 2. Lamina thompsoni / s. Lamina secundaria. F. superficialis/ тығыз дәнекер тканьді жапырақша, region inguinalis аймағында жақсы дамыған, кейде соншалықты жақсы дамығандықтан, сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневрозына жалғасады.

Ішастар іштің алдыңғы қабырғасының ішкі қапталында төменірек кіндіктің тұсында бес қатпарлы ортасында орналасқан кіндік қатпарын plica umblicalis mediana және екі жұп кіндік медиальды латеральды қатпарларын plicae umblicales mediales et laterales құрайды. Ішастардың қатпарлары мен шап байламының аралығында шап өзегі мен сан өзегіне қатысы бар жұпталып екі-екіден орналасқан шұңқырларды ажыратамыз. Ішперде жоғары бағытта өтіп, көкеттің астын астарлай жауып орналасқан ішастар бөлігіне жалғасады. Кіші шарбы –екіқабатты бауыр –асқазан және бауыр-он екі елі ішек байламдарынан тұрады. Аралығында май қатпары орналасқандықтан шарбы деп аталады. Бауыр –он екі елі ішек байламы, lig.hepato-duodenale, шарбылық тесіктің ,foramen epiploicum, алдыңғы қабырғасын құрап және құрамында: қақпа венасы, жалпы бауыр артериясы, нервтер мен лимфа тамырлары және жалпы өт түтігі өтеді. Асқазанның кіші иінінің тұсында кіші шарбы екі жапырақшаға айырылып, алдыңғы жапырақшасы асқазанның алдыңғы бетін орап, асқазанның үлкен иініне қарай бағыт алса, артқы жапырақшасы асқазанның артқы қабырғасын жауып, асқазан мен көкбауырды барлық жағынан жауып, асқазан-көкбауыр байламын, lig.gastro-lienale құрап, асқазанның үлкен иініне қарай бағыт алады.

Асқазанның алдыңғы және артқы ішастарлық қабықшасы, асқазанның үлкен иінінің тұсында бірігіп, кіндікке қарай бағыт алады. Бұл 2 қабатты ішперде қабықшасы кіндікке жетпей бүктеліп 4 қабатты үлкен шарбыны құрап, кері бағытта ұйқыбезге қарай бағыт алып, ұйқыбездің алдыңғы бетін экстраперитонеалды жағдайда жауып, жоғарылаған және төмендеген табақшаларға бөлініп, іш қуысы ішпердесінің париеталды бөлігіне жалғасады. Үлкен шарбы –бүктеліп, алжапқыш тәрізденіп, асқазан мен тоқ ішектің көлденең жиек ішегінің аралығында орналасқан 4 қабатты ішастар. Ұйқыбездің алдыңғы бетін жауып орналасқан ішперденің жоғарылаған бөлігі көкетке қарай бағыт алса, төмендеген бөлігі кері бағытта өтіп, тоқ ішектің көлденең жиек ішегін интраперитонеалды жағдайда жауып, шажырқайын, mesocolon transversum құрап, іш қуысының артқы қабырғасы ішперденің париеталды бөлігіне жалғасады.Үлкен шарбының пластикалық белсенділігі жоғары, соған байланысты ішперденің басқа да аймақтары арасындағы қабыну немесе жарақат салдарынан пайда болатын потенциалдар айырмашылығының әсерінен жылжып көшіп отырады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет