Кіндік аймағы негізі екі түрлі болады: шығыңқы, оның түрі цилиндр тәрізді және конус тәрізді, екінші түрі жалпақ /жұмсақ кіндік.
Кіндік аймағында мынадай қабаттар бар:
ішастардың көлденең фасциясы.
Құрылыс ерекшелігі:
сақина диаметрінің үлкеюі;
кіндік фасциясымен толық жаппауы;
ішастардың кіндік айналасында дивертикулдың болуы (жиі ерлерде).
ҚҰРСАҚТЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАБЫРҒАСЫНА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР.
Лапоротомия – дегеніміз құрсақ қуысындағы мүшелерге жету үшін құрсақ қуысын ашу болып табылады. Негізі оны құрсақтың алдыңғы қабырғасын кесу арқылы жасайды. Ол үшін біршама кесулер қолданылады. Оларды төрт топқа бөледі: 1. Ұзынша – тік бағытта кесу, 2. Қиғаш, 3. Көлденең, 4. Біріктірілген /комбинированные/ кесулер.
Ұзыннан кесулер жиі қолданылады. Олардың ішінде ең көп қолданылатындары: Орталық Lig. terec hepatic-ді зақымдамас үшін, кіндіктің сол жағынан айналып, құрсақтың ақ сызығы арқылы кеседі. Теріні, іш пердесін ақ сызық бойымен кеседі. Бұл кезде жүйкелер мен тамырлар аз зақымдалады және құрсақ қуысының мүшелеріне жету жақсы жолмен жүзеге асады. Бұл кесіндінің жеткілікісіздігі: жараның жиегінің бірігіуі жақсы болмайды және пайда болған тыртық мықты емес болса, соның себебінен операциядан кейін жарық пайда болуы мүмкін. Тік бұлшық ет арқылы /трансректальды/ кескенде жүйкелерді және тамырларды кесіп кеткендіктен, бұл бұлшық ет семіп /атрофия/ қалуы мүмкін.Тік бұлшық еттің сыртқы жиегі бойымен /параректальды/ кесіледі. Тік бұлшық еттің сыртқы жиегінен 1-2 см ішкері және оған қатар теріні, тері асты клетчатканы және беткі шандырды, lamina Thonpsoni-ді және m. recti-дің қынабының алдыңғы қабырғасын кеседі. Тік бұлшық етті ішке қарай ығыстырып және қынаптың ішкі қабырғасын және басқа қабаттарды /fascia transversa-ны, іш пердесі алдындағы клетчатканы және іш пердесін/ кеседі. Жараны қабат-қабатымен тігеді. Осы кесулер кезінде жүйкелерді /nn. Intercostals, n. iliohypogastricus/ зақымдамас үшін, Добротворский тік бұлшық еттің артқы қынабын кескенде қиғаш және көлденең бағытта кесуді ұсынған.
Қиғаш кесу, құрсақтың алдыңғы қабырғасының жоғарғысынан қабырға доғасының жиегінен кеседі. Құрсақтың төменгі жағында пупартов байламына жиегінен кеседі. Құрсақтың төменгі жағында пупартов байламына қатар және оған бұрыш жасап кесінділер жасайды.
Көлденең кесінділер жүйкелерді зақымдамай көлденең бағытта жүргізіледі және құрсақ мүшелеріне кең түрде жетуге болады. Бұл кесінді аз қолданылады, өйткені бұлшық еттердің ажырап кетуі мүмкін. Сонымен қатар жиі тамырларды зақымдайды.
Біріктірілген кесінділер /бұрышты, Т-тәрізді ж.т.б./ сирек қолданылады. Бұл кесіндіні операция кезінде бірінші кесіндіні ұзарту үшін және қосымша кесу кезінде қолданылады.
Құрсақтың алдыңғы қабырғасын кескенде жүйкелерге көңіл бөлу керек, өйткені жүйкелер кесіліп кетсе бұлшық еттер семіп қалады. Аққан қанды уақытылы тоқтатып тұру керек. Осы мақсатпен әр бір қабатты кескенде, олардың талшықтарының жолымен кесу керек /теріні-қатпар бойынша, апоневрозды, бұлшық еттерді талшықтарының бағытымен ж.т.б./.
Құрсаққа пункция жасау
Құрсаққа пункцияны кіндік пен шаттың арасынан жасайды. Пункцияны мак Бурнея нүктесінен де /кіндік пен spina iliaca anterior-дің арасы/ жасайды. Бұл жерден жасалған пункция өте қауіпті, өйткені epigastrica interioris пен superficialis-ті зақымдап алуы мүмкін.
Көрсеткіштері: құрсақ қуысына көп сұйықтықтың жиналуы /асцит/. Науқасты жартылай отырғызып, қатты науқасты бүйірімен отырғызып жасайды. Қуықты алдына ала босатып алу керек.
Асқынулары: 1. тамырлардың жаралануы мүмкін, ең ауыры құрсақ қуысының ішіндегі қан ағуы. 2. Мүшелер жаралануы мүмкін, оның ішінде ішектер. 3. Асцитті жыланкөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |