Орындаған: жұмағалиев Ұ. а. Фис-301 тобы студенті тексерген: ботағариев т.Ә


Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы үш бөлімге бөлінеді. Кіріспе Негізгі Қорытынды



бет2/6
Дата30.03.2022
өлшемі0.94 Mb.
#456528
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
Ұлан

Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы үш бөлімге бөлінеді. Кіріспе Негізгі Қорытынды

Бұл үшеуі сабақтың кез-келген түрі үшін тұрақты. Әрбір бөлімінің ұзақтығын жаттығушылардың жасына,олардың дайындық деңгейіне және сабақтың кез-келген түрі үшін тұрақты.Әрбір бөлімнің ұзақтығын жаттығушылардың жасына,олардың дайындық деңгейіне және сабақтың нақты міндеттеріне байланысты өзгертуге болады. Сабақты үш бөлімге бөлу сабақты құрудың бірінші кезеңіне жатады. Сабақты бөлімдерге бөлгеннен кейін сабақты құрудың екінші кезеңі жүзеге асырылады.Бұл-әрбір бөлімдегі дене жаттығуларды және олардың бірізділігін анықтау. Сабақты құрастырудың үшінші кезеңімен оқытушы және оқушылар арасындағы қарым-қатынасты анықтау болып табылады. Мысалы:әрбір педагогикалық міндеттің шешу барысында жаттығуларды іске асыру әдістерді таңдау,сыныпты топтарға бөлу олармен жұмыс жасау т.с.с.

Кіріспе бөлімінің өзі сабақ өткізуге дайындық және таза кіріспе бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне: киім ауыстыру, спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, спорт залында кірерде сапқа тұру т.б. сабақ басталарда рапорт беру, сабақ міндетін хабарлау, көңіл бөлу жаттығуларын орындау жатады. Кіріспе бөлімнің негізгі міндеті- оқушылардың организмін сабақтың негізгі бөлімінің қимыл- әрекетіне функционалды дайындау. Ол оқушыларға таныс жеңіл үйренетін, жеңіл мөлшерлейтін жаттығулар көмегімен орындалыды. Жүру, жүгіру жалпы дайындық сипатындағы гимнастикалық жаттығулар, би адымдары, қозғалмалы ойындар элементтері, әр түрлі сипатты сапқа тұрулар және басқа біртіндеп көтерілген бірқалыпты жүктемелі жаттығулар осы кіріспе бөлімде жиі қолданылады. Кіріспе бөлімнің жаттығулары негізгі бұлшық ет топтарына әсер етеді. Ол мынадай реттілікпен орындалуға тиіс: керілу, жоғарғы иық белдігіне арналған жаттығу, аяқ бұлшық еттеріне, кеуде бұлшық еттеріне арналған жаттығу, секіру жаттығулары, босаңсу жаттығулары т.б. Сабақтың дайындық бөлімінің мазмұнына сай болу қажет. Кіріспе – дайындық бөліміне сабақтың жалпы уақытына 10-20%, яғни оқу сабағына 5-12 минөттен, жаттықтыру сабағына 30-40 минөтке дейін уақыт бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет