Орындаған: жұмағалиев Ұ. а. Фис-301 тобы студенті тексерген: ботағариев т.Ә



бет3/6
Дата30.03.2022
өлшемі0.94 Mb.
#456528
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
Ұлан

Сабақтың негізгі бөлімінде- оқу бағдарламасына және сабақ міндетіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері орындалады. Жаңа материалды меңгеру секілді күрделі міндеттер сабақтың негізгі бөлімінің басын, л орындалады, сонан соң дене қуаты қасиетін дамытатын жаттығулар беріледі. Бұл бөлімде алға қойған міндетті орындау үшін әрбір сыныпта оқу бағдарламсында белгіленген дене тәрбиесі жаттығулары кеңінен қолданылады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы 90 минөтке дейін созылады. Сабақтың қорытынды бөлімінде – организмнің функционалдық белсенділігі ақырындап төмендейді. Снарядтарды жинау, сабақ аяғында сапқа тұру сияқты әрекеттер жаттығушыларды жайландырады, ауыр жаттығудан соң біраз жазуына септігін тигізеді. Қортынды бөлімге организмді тез бастапқы қалыпқа келтіретін массаж және су процедуралары да жатады. Қортынды бөлімде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін түзулігін және босаңсыту жаттығулары, арнайы назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жай қарапайым сипаттағы ойындар т.б.оқушылардың қимыл белсенділігін арттыратын үй тапсырмаларын әрдайым беріп отырған дұрыс.

Сабақты үш бөлімге бөлу келесі екі себепке байланысты: организмнің жұмыс қабілетінің биологиялық заңдылықтары және оқу – тәрбиелік процесстің логикасы. Организмнің жұмыс қабілетінің 4 зонасы бар: старттың алдындағы зонасы (1), жұмысқа кірісу зонасы (2) , тұрақтандыру зонасы (3), жұмыс қабілетінің уақытша төмендеу зонасы (4). Бірінші және екінші зоналары кіріспе бөлімдегі әрекетті қамтамасыз етеді, үшінші зонасы негізгі бөлімге тән, төртінші зонасы қортынды бөлімдегі әрекетті дәлелдейді. Оқу – тәрбиелік процесстің логикасында 4 бөлімі бар: танылатын әрекетке оқушыларды бір ізбен кіргізу; қажетті ден жұмыс қабілетіне біртіндеп жеткізу; қазіргі сабаққа қойылған міндеттерді бірізбен шешу; жұмыс жасағаннан кейін организмді бұрыңғы қалпына келтіру.

Дене шынықтыру сабақтарындағы педогогикалық бақылау. Дене шынықтыру сабақтарын талдау схемасы Сабаққа дайындық Жоспар - конспектінің дайындығы. Сабақ жоспары міндеттерінің қойылуы бағдарламаға, жұмыс міндеттерріне және жағдайына сәйкестілігі. Сабақ жоспары мәтіндік, текстік жазуларының сауаттылығы, жаттығулардың бөліну бірізділігі. Сабақ бөлімдерінің байланысы, ұйымдастырушылық және әдістемелік нұсқаулардың жазылуы және бағалылығы. Сабақ уақытының бөліну құндылығы. Көрнекі құралдардың, жабдықтардың сабақ орнының дайындығы. Сабақ өтілуінің санитарлық – гигиеналық жағдайы. Оқушылардың спорттық киімдерінің біркелкілігі. Топтық – көмекшілерінің дайындығы. Кім және қашан дайындықты өткізді/ арнайы әдістемелік сабақ, сабақ алдында немесе сабақ барсындағы нұсқау./ Сабақты өткізуі Сабақты ұйымдастыруы, оқушылар тәртібі,дер кезінде басталуы және аяқталуық,кезікшінің рапорты,сабақ міндетерінің хабар- ландырылуы. Жабдықтардың құрылуын және жинастырылуын, құралдарды тарату және жинап алуының ұйымдастырылуы. Сабақ барсында сап құрудың құндылығы. Оқу жұмысын ұйымдастыру әдістері / фронтальдық, топтық, жеке, кезегі бойынша, кезектесіп/. Оқушылардың белсенділігі, олардың эмоциональдық жағдайы. Оқушылар жаттығуларды орындауын бағалауы. Сабақ барысында көмекшілерге басшылық басшылық етуі. Сабақта елестетуді құрастыру әдісін қолдануы. Мұғалімнің жаттығуларды көрсету сапасы, жаттығуларды көрсету кезінде оқушыларды пайдалануы, карточкаларды пайдалануы, көрсету орнын таңдауы. Сөз әдісін пайдалана білуі. Аттаулық сауаттылығы. Түсіндіруі оқушылар жасына сәйкес келуі. Мұғалімнің сөйлей білуі, даусын пайдалана білуі, бұйрық, сан беру анықтылығы. Жаттығуларды үйретуде қолданылатын әдістері: толық, бөлшектеп, аралас. Сабақта қолданған тыйымдылығы,қателерді көру және дұрыстау іскерлігі. Оқушыларды өз істерін талдауға және сабақтағы іс –әрекеттерді талдауға тарту, бос уақытта тапсырма беру, өзіндік қызықтыру, өзара үйретуді, сақтандыруды, көмек көрсетуді пайдалануы. Үйрету кезінде жақындаттыру жаттығуларды, сыртқы ориентирлерді өзгертуді, қозғалыстарды шектету құралдарды пайдалануы. Оқушылардың жетістіктерін тексеру және бағалау әдістері: сырттай бақылау, сұрақтар қою, үй тапсырмаларын тексеру, бақылау сынамалары, сабақты қорытындылау. Мұғалімнің басшылық ету рөлі және сынып алдында өзін ұстау іскерлігі, сенімділігі, талапкерлігі, педагогикалық әдептелігі, оқушылармен қарым қатынасы, жеке ыңғайын таба білуі. Сабақ нәтижесі және мұғалімге берілетін ұсыныстар. Сабақ міндеттерінің шешілуі. Сабақтың білім беру, сауықтыру, тәрбиелеу маңыздылығы. Сабақ жоспарының орындалуы. Шегіністердің себептері және құндылығы. Сабақ бағасы. Мұғалім жұмысындағы негізгі жетіспеушіліктерді және жетістіктерді айрықша атау. Ұсыныстар: сабақта басқа әдістер варианттарын қолдану, педагогтың жеке сапасын жетілдірудегі әдістемелік және ұйымдастырушылық ұсыныстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет