№
|
ІІ.Негізгі бөлім
|
25минут
| |
1.
|
Допты екі қолмен төменнен қабылдау тәсілі
|
12минут
|
Қарсыластың ойынға қосқан добын төменнен екі қолмен қабылдау керек.Қол алда,алақандар біріктіріліп ұсталады,допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады. Қолды топқан жілікті көтеріп бұру қажет.
|
2.
|
Допты екі қолмен жоғарыдан беру
|
13минут
|
Волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп,доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап,ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады.Доп қолына тиісімен жазылып,серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жіберу қажет.
|
2.3. Сабақты өткізудің фрагменті. Фото.
Ойыншының тұрысы:
Бастапқы қалып белгілі бір дәрежедегі тұрақты көрінісмен ерекшеленеді.Атап айтқанда,тізе бүгілген,қол допты қабылдауға немесе техникалықәдісті орындауға қажетті өзге қимылға әзір.Волейболшының кеуде және қол бұлшық еттрі босаңсыған,бар зейіні допта ғана.Тас түйін боп,бәріне дайын боп тұрады.(суретте көрсетілген)
Қос қолмен жоғарыдан доп беру Бастапқы қалыпта аяқ тізеден,қол шынтақтан бүгіліп,саусақтары бүрісе жайылып,бетке қарсы тұстан допты қағып алуға даярланады.Қабылдау қимылы тізенің жазылуынан басталып,қолға көшеді.Қол допқа тиген сәтте аяқ тез жазылып,саусақтардың серпінді қимылы допқа белгілі бағыт берді.
Жоғарыдан доп қабылдағанда сұқ саусаққа және ортаңғы саусаққа түсіп,бас бармақ доптың қолға әсерін жеңілдетеді,аты жоқ саусақ пен шынашақ допты демейді.Саусақтардың қалай дұыс жататынын білу үшін мына (суретке) қараған жөн. Допқа тек саусақтар тиюі қажет,алақанның соғылуы өрескел қате,ойын ережесін бұзу боп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |